Сабақ №22 Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпжақтар. Бізді қоршаған әлемдегі көпжақтар



Дата13.08.2017
өлшемі26,07 Kb.
#23517
түріСабақ
11- сынып үшін сабақ жоспары (пән) геометрия

Мұғалім:
«Тексерілді »

Оқу ісінің меңгерушісі:



--- .09.201---


Мерзімі:________

Сабақ № 22

Сабақ тақырыбы: Дұрыс көпжақтар. Бізді қоршаған әлемдегі көпжақтар.

Білімділік: Көпжақтардың қималары туралы ұғымды және олардың салу әдістерін меңгеру бойынша оқушылардың іс-әрекетінің қалыптасуы.

Дамытушы: Кеңістікті елестету арқылы бейнелеу дағдыларын, талдау жасай білу, жалпылау, жүйелеу және қорытынды жасай алу біліктерін дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік: Оқушыларды белсенді танымдық іс-әрекетке жұмылдыру арқылы пәнге деген ынтасын, қызығушылығын арттыруға, кәсіби бағдар беруге мүмкіндік туғызу, оқушылардың бір-біріне тілектес қатынасты қалыптастыру, сыныпта, топта жұмыс істеу кезінде басқаларды тыңдай білуі.

Сабақ типі:

  • жаңа білімді үйрену және алғашқы бекіту сабағы;

Оқыту әдістері: Жеке тұлғаға бағыттай оқыту, деңгейлеп оқыту, жұппен жұмыс, мәселе қоя білу.Оқу-танымдық қызметті ұйымдастыру әдістері – Түсіндірмелі-иллюстратив тік: (Көрнекілік – суреттерді, иллюстрацияны, кестелерді демонстрациялау және т.б.

I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабақтың тақырыбымен мақсатымен таныстыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру :

Тақырыпты қайталау сұрақтары:Қандай көпжақ дұрыс көпжақ деп аталады?

Дұрыс көпжақтың бес түрін атап, оларға сипаттама бер?

Жаңа сабақ меңгеру:(кітаппен жұмыс,кестенікөшіру, сызбаларды орындау)

IV.Білім бекіту (ҰБТ сұрақтары) :

Есептер шығарту.

1.Дұрыс үшбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы 4 см, биіктігі 6 см. Толық бетінің ауданын табыңыз. жауап: Е) 4(+2)

2.Дұрыс төртбұрышты пирамиданың табанының қабырғасы 5 см, биіктігі 7 см.

Толық бетінің ауданын табыңыз. жауап: С) 5(5+)

3.Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір жақтары табан жазықтығымен 600 бұрыш жасайды. Табанының центрінен бүйір жағына дейінгі қашықтық 2 см болса, бүйір бетінің ауданын табыңыз.

жауап: В) 42

4.Дұрыс үшбұрышты пирамида бүйір жақтары табан жазықтығымен 450 бұрыш жасайды. Табанының центрінен бүйір жағына дейін қашықтық болса, бүйір бетінің ауданын табыңыз.

жауап: С) 36

5.Дұрыс үшбұрышты пирамида төбесіндегі жазық бұрыш 600. Биіктігі 4 см болса, бүйір бетінің ауданын табыңыз. жауап: Е) 18

V.Білімді қорыту:

Қандай көпжақ дұрыс көпжақ деп аталады?

Дұрыс көпжақтың бес түрін атап, оларға сипаттама бер?

V.Рефлекция:
Бүгінгі сабақ туралы пікірлерімен оқушылар бөліседі. Дәптерлеріне өздерінің кө-ңіл күйлеріне жақын кескінді салады.(Келесі сабақты жоспарлауда ескеріледі)

VI.Үй тапсырмасы:

1)№ № №

2)Тақырып бойынша жабық тест, ребус, сурет салу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет