Сабақ №23 Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: тәртіп,еңбексүйгіштік, тілалғыш болу Сабақтың мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі54,48 Kb.
#29027
түріСабақ
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп:Телжан орта мектебі Мерзімі:

Мұғалім: Тлеукабылова Жанар Бахытжановна

Сынып:3 Оқушылар саны:4

Тақырып: Еңбектің наны тәтті Сабақ №23

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: тәртіп,еңбексүйгіштік, тілалғыш болу


Сабақтың мақсаты:Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1.Еңбектің маңызы туралы түсінігін кеңейте отырып, тәртіп, еңбексүйгіштік қасиетінің мәнін ашу.

2.Оқушының ізгі қатынас жасау барысында тәртіп пен жауапкершілігін дамытуға ықпал ету.

3.Оқушыларды тіл алғыштыққа, еңбекке, тәртіп пен жауапкершілікке тәрбиелеу

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.



«Орманға саяхат»

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, біз сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныбымызға келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.



Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар.Олай болса балалар, осы нұрды жүрегімізге сақтап қалайық. 

Ресурстар:
Оқулық, АКТ, жұмыс дәптері

2. Үй тапсырмасын тексеру.

2.1 Байлық, бақыт, ақыл ертегісін сахналау (4 оқушы)

2.3 Аташымның батасы Ә. Табылдиевтің өлеңін жатқа айту




3.Дәйексөз

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті   

Халық мақалы



3.1. Дәйексөзді оқыту. 
3.2. Дәйексөздің мағынасын ашу
1 осы мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?

2Нан дастарханға оңайлықпен келе ме?

3 Ол үшін не істеу керек? 
4Дәптермен жұмыс (дәйексөзді дәптерге жазғызамын)





4. әңгімелеу.

Маңдай тер Б.Досымов

Хамит атасымен әңгімелескенді ұнатады.Балабек қария көп жыл бойы сушы болған. Қазір құрметті демалыста. Сонда да үйде отырғанын көрмейсің. Хамитті ертіп, үй жанындағы бақ ішіне жеміс егіп жүргені.Ешқашан шаршамайды.

-Ата, «Маңдай тер» деген не?-деп сұрады бірде Хамит.

Атасы ойға шомды. Көзін бір нүктеге қадады. Әжімдері тереңдеді.Сонан соң Хамитті жетектеп, өзі көшет алып жүрген тоғайға келді. Қолына күрек ұстатты:

-Қане, екі-үш рет қазып ал!

Өзі шеткерірек барып, ағаш көлеңкесіне жайғасты.Хамит пора-пора боп терледі. Үйге келген соң да атасы жақ ашпады.

...Жылдар өтіп жатты. Көшеттер үлкен ағашқа айналды. Алма мен жүзім мол жеміс салды.Қоңыр күзде атасы Хамитті ертіп бақ ішіне келді.Қып-қызыл алманың біреуін үзіп қолына ұстатты. Сондай дәмді!...

-Маңдай тер деген осы, Хамитжан. Өзіңнің маңдай теріңнің жемісі!

Хамит атасын құшақтай алды.

.

Сұрақтар

1.Атасы Хамитке «Маңдай тер» дегенді қалай түсіндірді?

2 Хамиттің бойында қандай қасиеттер бар?

3..Өз еңбектеріңнің жемісін көрген кездерің болды ма?




5. Шығармашылық іс-әрекеттер, жұптық жұмыс

Оқушыларды 2-жұпқа бөлемін



Дәптермен жұмыс

1-жұп эссе жазады


5.1Мен атамның кішкентай көмекшісімін атты шағын эссе жазады.(3-4 сөйлемнен тұратын)
5.22-жұп 5 жолды өлең құрайды
Еңбек тақырыбына 5 жолды өлең жазу



6. Топпен ән айту.

Болайықшы осындай

Әні мен сөзі А.Меджанова

Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады.

Қиындықтыжеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған,

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Қайырмасы:

Ұқыпты осындай,

Болайықшы досым-ай





7. Үй тапсырмасы

1. Еңбек туралы мақал-мәтелдер жаттау.(4 мақал)

2.И.Хасенұлы Алтын мүйіз ертегісін оқу, мазмұндау



8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Музыка баяу жүріп тұрады.

-Балалар бүгінгі сабақтан не үйрендік, есімізге түсірейік Бүгін сабақта еңбек, оның адам үшін пайдасы туралы айттық.Қазіргі кезде еңбек етпейтін адам жоқ. Балалар сендер де күнделікті сабақтарыңды жақсы оқысаңдар осының өзі еңбек.Сондықтан бәріміз жұмыла еңбектенейік.

Сабақ аяқталды.



Сау болыңдар



Каталог: uploads -> doc -> 0fcd
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fcd -> Сабақ өтілетін уақыт: 20. 10. 2014 ж. Сынып: 4 Барлық оқушы саны: 9 Қатысқаны: 9 Сілтеме
0fcd -> Көксу ауданы Мұқаншы орта мектебі информатика пәнінің мұғалімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет