-Адсорбция, адсорбат, промоторлар, катализдік улар, ферментерге қысқаша сипаттама беріңіздер.
1-есеп.Егер реакцияның температуралық коэффициенті үшке тең болса γ=3, температураны 150°С-дан 200°С-ға көтергенде, реакцияның жылдамдығы қанша есе артады?
Шешуі:
υT2 (Т2-Т1) (200-150)
———-= γ ——————= 3 —————-=35 =243 есе
υT1 10 10
2-есеп .Егер А затының бастапқы концентрациясы 0,22 моль/л, ал 10 секундтан кейін 0,215 моль/л болса, А+В=2С реакциясының орташа жылдамдығы қандай екенін есептеңіздер. Осы уақытта В затының концентрациясы қалай өзгерді?
(0,22-0,215) 0,005
Шешуі: υ(А) = —————— = —————— = 0,0005моль/л*с.
10 10
Оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді, мысалдар келтіреді
3.Білімді негіздеу
(5 мин)
Тек қана бір бағытта жүретін және бастапқы әрекеттесуші соңғы заттарға толық айналуымен аяқталатын реакцияны қайтымсыз реакция деп атайды.Қайтымсыз реакцияға қыздырғанда (бертолле тұзы) калий хлораты мысал бола алады.
Тура және кері реакциялардың жылдамдықтары тең болғандағы жүйенің күйін химиялық тепе-теңдік деп атайды,оның басты сипаттамасы тепе- теңдік константасы (К) болып табылады.
Мысалы:
А+В=C+D реакциясы үшін
V(тура) = k CA CB
V(кері) = k CС CD
V(кері)/ V(тура)= K
2SO2+O2=2SO3 реакциясы үшін
K= (SO3)2/(SO2)2*(O2)
Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы Ле Шателье-Браун принципі бойынша жүзеге асады:тепе-теңдікте тұрған жүйеге қандай да бір әсер етсек, тепе-теңдік сол әсерді азайтатын бағытқа ығысады.
1)концентрация әсері Тәжірибе №1
Темір (ІІІ) хлориді мен калий роданидін әрекеттестірейік
FeCl3+ KCNS Fe(CNS)3 + KCl
Алынған темір(ІІІ) роданидін 3 бөліп сынауыққа құйып , келесі тәжірибеге көшейік:
5-есеп .106 б. Қай фактордың (қысым, температура,катализатор) әсері:
СО2 (г)+С (к) ↔ 2CO (г) ∆Н°=172 кДж
Реакциясында орнаған тепе-теңдікті СО түзілуі жағына ығыстырады.
Шешуі:
Көміртек (ІІ) оксидінің (СО) түзілуі реакциясы эндотермиялық реакция екендігі оның энтальпиясының мәнінен көрініп тұр. Реакция нәтижесінде 1 моль газ тәрізді реагенттен 2 моль газ тәрізді өнім түзіліп тұр. Ле –Шателье-Браун принципі бойынша эндотермиялық реакция кезінде орнаған тепе-теңдік СО түзілуі жағына ығыстыру үшін температураны жоғарлату немесе қысымды төмендету керек.
6-есеп. 102 бет, Келесі реакция теңдеулерінің тепе-теңдік константаларының өрнектерін жазыңдар:
N2+ 3H2↔2NH3
H2+I2 2HI
CaCO3 (қ)↔ СаO (қ) +СО2 (г)
8-есеп.106 бет.Егер белгілі бір температурада бастапқы алынған 5 моль СО мен 4 моль Сl2 әрекеттесуі нәтижесінде 1,5 моль СОС12 түзілген болса,онда:
СО(г) +Сl2 (г)↔ COCl2
Процесінің тепе-теңдік константасы қандай болғаны?
Шешуі:
Химиялық реакция теңдеуі бойынша пропорциялар құрып, реагенттердің реакцияға түскен және артылып қалған мөлшерлерін, сонымен қатар түзілген өнімнің зат мөлшерін тауып, төменгі кестені толтырамыз:
СО(г)
моль
+
Сl2(г)
моль
↔
COCl2
моль
Бастапқысы
5
+
4
↔
-
Әрекеттескені
1,5
+
1,5
↔
1,5
Қалғаны
3,5
2,5
1,5
Тепе –теңдік константасы:
kтура [COCl2]1.5 моль/ л
К= ———— = ————— = —————————- = 0.17(моль/ л)-1
Kкері [CO] * [Cl2] 3.5 моль/ л* 2.5 моль/ л
6.Қорытындылау
(1 мин)
1. Қайтымды реакция дегеніміз не?
2. Қайтымсыз реакция дегеніміз не?
3. Химиялық тепе-теңдік дегеніміз не?
4.Химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер ететін жағдайлар қандай?