АШЫҚ САБАҚ 3 “Б” СЫНЫБЫ ДҮНИЕТАНУ Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Ауа райын болжайтын жәндіктер. - Жақын арадағы ауа райын түрлі жәндіктердің әрекетіне қарап болжауға болады. Солардың бірі-шыбын, жазда ауа райы ашық, желсіз тынық кезде олар ауада құжынап ұшып жүреді, ал жаңбыр жауар алдында үй мен сарайға тығылады. Егер үй-жайдың қабырғасына шыбын жабысып, қозғалмастан қаптап отырса-ол жаңбырдың жауатынын, жел соғатынын көрсетеді.
Түске қарай жасыл шегірткенің шырылы ұзаққа созылса, ертеңгі күні ауа райы желсіз, ашық болатындығын көрсетеді. - Түске қарай жасыл шегірткенің шырылы ұзаққа созылса, ертеңгі күні ауа райы желсіз, ашық болатындығын көрсетеді.
Жауын жауатын күндері бал арасы ұясынан шықпай ызылдап отырады. - Жауын жауатын күндері бал арасы ұясынан шықпай ызылдап отырады.
Білімді тексеру кезеңі: - 1. Егер термометр +20*С; -10*С; +5*С көрсететін болса, сен қалай киінер едің?
- 2. Ауа райын не үшін білу керек, түсіндір.
- 3. Бүгінгі ауа райы қандай, ол жайлы не айтасың?
4. Суреттегі қандай термометр қайда қолданылады? Тақырыпты ашу - Түнде аспанда майда жарқырайтын жарықтар
- Келсе де әні құлаққа Өзін ешкім көрмейді Жұмсақ қопа құраққа Тіптен маза бермейді.
- Аспанға ұшар бу болып, Жерге қайтар су болып
- Тоқыған ауы Шыбынның жауы
- Аспаннан әлек салып, тарыдай шашылады Күн шықса қорқып қалып, жылғаға асығады
- Сабақтың тақырыбы: Денелер
Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: - 1. Кез-келген дене заттан тұрады. Табиғи құбылыстар – табиғаттағы өзгерістердің барлығы осыған жатады.
- 2. Оқулық бойынша жұмыс: оқыту
- Адам ұдайы жан-жағынан қоршаған түрлі нәрселердің ортасында өмір сүреді. Олар: үйдегі үстел, төсек, кітап, дәптер, машина, ғимараттар, өсімдіктер мен жануарлар.
- Адамды жан-жағынан қоршаған нәрселердің бәрі дене деп аталады.
- Табиғи және адам қолдан жасап шығаратын жасанды денелер болады.
- Күн, Ай, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс – табиғи денелер. Адам да – табиғаттың бір бөлігі.
- Үй, машина, үстел, орындық, кітап, дәптер, қарындаш, доп, т.б. – жасанды денелер.
- Табиғи денелер тірі және өлі денелерге бөлінеді. Тірі денелер қоректенеді, өніп-өседі, мезгілі жеткенде өсуін тоқтатады. Мұндай қасиеттер адамдарға, жануарларға, өсімдіктерге тән. Тірі денелердің жиынтығы тірі табиғат деп аталады.
- Өлі денелер қоректенбейді, өніп-өспейді, көбеймейді. Олар өлі табиғатты құрайды. Ауа, бұлт, құм, тас және т.б. өлі табиғатқа жатады.
- Адам қолынан жасалатынның бәрі де тек қана өлі денелерге жатады.
Суретпен жұмыс 1. Суретке қарап өлі және тірі табиғатты атаңдар. ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС: 2. СУРЕТТЕГІ ЖАСАНДЫ ДЕНЕЛЕРДІ АНЫҚТАП, ОЛАРДЫ ТІЗІП ДӘПТЕРГЕ ЖАЗУ. ӨЗ ТАҢДАУЫН ТҮСІНДІРУ. 3. СУРЕТТЕРГЕ ҚАРАП СУРЕТТЕРДІҢ АНЫҚТАМАЛАРЫНА ҚАРАЙ ОТЫРЫП ЖІКТЕУ. Жұмбақ шешу - Келсе де әні құлаққа,
- Өзін ешкім көрмейді.
- Жұмсақ қопа құраққа,
- Тіптен маза бермейді.
Ақ сиыр тұрып кетті, - Ақ сиыр тұрып кетті,
- Қара сиыр жатып қалды.
- (Қыс пен көктемнің ауасы)
- Жұпар иіс өседі,
- Жайнап бақта өседі.
- Бес балада бір бешпет
- Бір киініп,бір шешпек.
Әр уақытта өзен үсті тұрағы, - Әр уақытта өзен үсті тұрағы,
- Арғы бетке алып өтіп тұрады.
-
-
- Орғыған қорқақ,көзі қыли еді
- Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |