15 мин
5 мин
5мин
5мин
|
2.Тыңдалым кезіндегі тапсырма
«ПДМҚ » әдісі (пікір, дәлел,мысал,қорытынды)
Бір мәтін береміз. Мәтінді оқып, 1 пікір, 2 дәлел, 3 мысал, 4 қорытынды шығараңыз.
Дәйектеме: Тыңдалым дағдыларын жетілдіруге бағытталған әдісті қолдану кезінде оқушылардың пікір алмасу, дәлелдеу ,қортындылау дағдыларын дамиды. Оқушылар бойында шығармашылық қабілеттері, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Шаңырақ иесі – кенже бала
Отбасының өнегесі – Отан өнегесі
Б.Момышұлы
Шаңырақ – қазақ танымында киелі ұғым. Қара шаңырақ – үлкен үй, ата-ананың үйі. Баршамызға белгілі «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Халқымыздың ұғымында шаңыраққа ие болу кез келгенге бұйырмас бақыт. Ата-анасының ақ батасын алып, сол шаңырақтың түтінін түзу түтетуге бар ықыласымен тырысады. Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет. Қара шаңырақ иесi көп жағдайда аты аталып, марапатталып жатады. Шетте жүрген, қонысы басқа сол қара шаңырақ ұрпақтары мен жек-жаттары қара шаңыраққа сәлем бере келiп, арнайы сыбағалар әкеледi. Жасы үлкендерi еншiлерiн алып бөлек үй болып кеткенде әкенiң кенжесi (сүткенжесi) әке қолында қарашаңырақ иесi боп қалады. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі, сондықтан қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз . Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді.. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып қағатын, көне салт бүгінгі Қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған. Әке-шешені асырау кенже ұлдың міндеті. Әкесі бар кезінде де немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй «қара шаңырақ» деп аталады. Бұл «үлкен үй» деген мағынаны білдіреді. Егер «қара шаңырақ» батыр, би, әулие, молда, сыйлы кісілердің үйі болса, онда сол ауылдың адамдары алыс сапарға шықса немесе алыстан адам келсе сол үйден ырым қылып дәм татады. Отанның отбасыдан басталатындығын ескерер болсақ, Отан алдындағы үлкен міндет шаңырақты сыйлап, кенже ұлдың өз міндетін адал атқарғандығында..
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
|
Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіре алады
|
Тыңдалған мәтін арқылы тақырыпты болжайды;
- болжамының себебін түсіндіреді.
|
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
«Жұптық әңгіме»
Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде өз ойларын
басқалармен толықтырып,жұптық әңгіме құру
Дәйектеме Бұл әдіс, ең алдымен, оқушылардың ойландыруға негіз болады және тыңдау қабілетін дамытады жұптарына әңгімелеп беруге бағытталған)
Бағалау критерийі
|
Дескриптор
|
Сюжетті сурет бойынша жұптық әңгіме құрастырады
|
Жұптасып жұмыс істей алады.
Жұпта ой бөлісе алады
|
Бағалау «Сөйлегіш қолдар».
Амандасқанда түйіскен қолдар-түсінікті;
Амандасқанда түйіспеген қолдар -жартылай түсіндім;
Амандасуға созылған қол-түсініксіз.
4-тапсырма«Хикая картасы» әдісі
«Хикая картасы» әдісін пайдалана отырып, сюжетті суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастырыңыз.
Бағалау
критерийі
|
Дескриптор
|
Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырады
|
- суреттерді ретімен орналастырады;
- реттілігі бойынша әңгіме құрастырады
|
Жұптар бір-бірін «Мадақтау сэндвичі» арқылы бағалайды
1.Мадақ 2.Сын 3.Мадақ
Дәйектеме оқушылардың ілгерлеулеріне қолдау көрсету.
5 тапсырма«Джигсо карточкалары»
«Джигсо карточкалары» – оқушылар сөздерді анықтамаларын жазады
Дәйектеме бұл әдіс арқылы оқушылар салыстыру дағдыларын жетілдіреді.
сөздер
|
анықтамалары
|
Енші
|
|
Сүт кенже
|
|
Отау иесі
|
|
сыбаға
|
|
|
|
Бағалау
Дескриптор
- тірек сөздерді түсінеді
- сөздердің анықтамаларын жазады
|
https://kk.wikipedia.org/wiki
Үлестірмелі материал 109бет
Бағалау.
«Қолпаштау» әдісі
«Сөйлегіш қолдар».
Түсінікті жартылай түсініксіз
түсінікті
«Мадақтау сэндвичі
Үлестірмелі материал
153бет
|