Сабақ №31 Мұғалімі: Тулешова А. А. Сыныбы: 1 Оқушылар саны: 6 Тақырыбы: Жер-ортақ үйіміз



Дата23.08.2017
өлшемі210,21 Kb.
#24896
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Т.Шанов атындағы орта мектебі

Мерзімі: 03.05.2017 ж Сабақ №31

Мұғалімі: Тулешова А.А. Сыныбы:1 Оқушылар саны: 6

Тақырыбы: Жер-ортақ үйіміз

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: ынтымақтастыққ, сыйластық, мейірімділік


Сабақтың мақсаты: оқушыларға Жер – ананың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушыларға жердің ортақ үй екенін түсіндіре отырып,ынтымақтастық қасиеті туралы түсінік беру;

- оқушыларды Жер – ананы қадірлеуге, оның тұрғындарымен ынтымақтастыққа үйрету арқылы сыйластық қсиетін дамыту ;

- оқушылардың Жер – анаға сүйіспеншілігін арттыру арқылы түсіністік, ынтымақтастық, сыйластық қасиеттеріне тәрбиелеу;


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.



Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз

«Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...»

Абай Құнанбаев

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.





Әңгімелесу Бір ананың баласымыз Мұзафар Әлімбаев

Азияның даласында тусақ та,

Еуропаның қаласында тұрсақ та.

Бір ананың баласымыз,

Жер – ананың баласымыз.

Америка құрлығында өссек те,

Алуан жол, қилы тағдыр кешсек те.

Бір ананың баласымыз,

Жер – ананың баласымыз.

Күн қақтаған Африка шөлінде,

Тірлік үшін тотықсақ та көмірдей.

Бір ананың баласымыз,

Жер – ананың баласымыз.

Бақыт тілеп бейбіт тыныш өмірден,

Аямайтын ащы терін төгілген.

Бір ананың баласымыз,

Жер – ананың баласымыз.


  • Адамдардың тұратын жері әртүрлі болса да, ақын өлеңде неліктен «Бір адамның баласымыз» дейді?

  • Жер бетінде бейбітшілік пен тыныштық болуының маңызы қандай?

  • Өзіңнің бүкіл әлемнің бір бөлшегі екеніңді қалайша сезінесің?





Шығармашылық жұмыс

1-тапсырма бойынша оқушылар дәптердегі суретті бояйды. Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады.

2-тапсырмада оқушылар бүкіл әлем балаларына арнап жақсы сөз, жылы тілектерін дәптерде салынған ағаш жапырақтарына жазады.





  1. Топпен ән айту.

Сөзі:Ф.Оңғарсынова

Әні:А.Асанов

«Дос болайық бәріміз»

Ақ қарамыз, сарымыз

Тату доспыз бәріміз

Достық жайлы ән салып

Шырқатайық кәне біз

Жүзімізге қараңыз

Бал бұл жанған баламыз

Бізге қымбат күн шуақ

Бізге қымбат Анамыз

Күннің нұрын сүйеміз

Қырдың гүлін сүйеміз

Бізді ойнатып тәтелер

Күлдіргенін сүйеміз

Балдырғанбыз арай жүз

Бал бұл жанып қараймыз

Ойыншықтар біздерде

Көп болғанын қалаймыз

Таласпаймыз біз бірақ

Отырмаймыз тұнжырап

Қуысамыз көгалда

Жүгіреміз құлдырап

Ән саламыз күнде біз

Шаттық толы іргеміз

Біз мәңгіге достармыз

Біз мәңгіге біргеміз





Cабақтың қорытынды минуты

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Рахмет!






Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Т.Шанов атындағы орта мектебі

Мерзімі: 03.05.2017 ж Сабақ №31

Мұғалімі: Тулешова А.А. Сыныбы:4 Оқушылар саны:

Тақырыбы: Таза болса табиғат, аман болар адамзат!

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: қамқорлық, жауапкершілік, мейірімділік


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мәдени мұрамызды халық игілігіне пайдалана білу керектігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушыларды әр кез қамқор болуға үйрету;

- оқушылардың бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды қамқорлыққа, жауапкершілікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу;


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру

Бабаларым, рақмет сендерге!

М. Мақатаев

Бабаларым,

Рақмет сендерге!

Балаларым болмасын деп көр-кеуде,

Қобызыңмен қосып ән мен тiл бердiң,

Өмiрге мен мылқау болып енгенде.

Бабаларым,

Рақмет сендерге!

Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,

Арулардың ашпай кеткен сырларын,

Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын

Қобызыңның шанағынан тыңдадым.

Құлазыған сенiң құла түздерiң

Не бiлмеген, не көрмеген, iзгi елiм.

Жазылмаған тарихымның жолдарын

Ауызекi аңызынан iздедiм.

Мен бiлмеймiн,

Басыңа әлде орнап бақ,

Шаһар салып, жасадың ба жәннат-бақ.

...Әлдеқалай тасқа түскен таңбаңа

Табынамын, тарихымдай ардақтап.

Сыр ашпайды сенiң құла түздерiң,

Сыр ашпайды тау-тастағы iздерiң.

Сенiң бүкiл болмысыңның тағдырын

Домбыраңның пернесiнен iздедiм.

Iздедiм де, сәттерiмде түңiлген

Тастап кеткен аңызыңа жүгiнгем.

Жүгiнгем де, қайта туғам, тiрiлгем;

Тарихымды жазудамын бүгiн мен,

Бабаларым, сенiң Ана тiлiңмен!



  • Ақын не үшін алғыс айтты?

  • Ақын қазақ болмысын неден іздейді?

  • Ақын үшін қымбат болған не нәрсе?

  • Қазақтың қара домбырасын неге қасиеттi деп бағалаймыз?

  • Өзің елің үшін жауапкершілікті қаншалықты сезінесің?







Дәйексөз

«Жүрегіңмен сүйе біл, қолыңмен ізгі қызмет қыл»

Тереза Ана

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.





Әңгімелесу Мұғалім сыйы Қазғұрт тауы

Халық арасында Қазығұрт тауы қақында бұрыннан қалған аңыз бар. Қарт адамдардың айтуларына қарағанда, құдай баста жерді, көкті жаратқанда, Қазығұрт тауы да бірге жаралған. Өзі аласа тау болса да, жер жүзіндегі таулардың қасиеттісі. Ілгеріде жер жүзін топан суы басып кеткенде, жалғыз осы Қазығұрт тауы аман қалған екен. Қазығұрт тауының басында, күнбатыс жағында азырақ тегіс жер бар. Ол жер Нұқ пайғамбардың кемесінің орны дейді.Қазығұрттың басында бір үңгір болса керек. Ол -үңгірдің үстіне ағаш шаншып қойған Қазығұрт атаның моласы дейді екен. Басқа жерлерді бұлт басса да, Қазығұрттың басын бұлт шалмайды екен. Егерде Қазығұрттың басына бұлт шөгіп, көрінбей қалса, қариялар Қазығұрт қарасын киді деп, қатындар күлпарасын киеді екен. Сол уақытында жұрттың бәрі даладағы нәрселерін үйге қояды екен, Қазығұрттың басын жапқан бұлт жаумай кетпес деп, қазақтардың бұрынғы замандағы ақындары Нұқ пайғамбардың кемесінен қалған жануарлар туралы мынаны айтады екен:

«Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге қалған?

Жетім бота үстінде жатып қалып,

Ойсылқара жануар содан калған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге калған?

Қыршаңқы тай үстінде жатып қалып,

Қамбар ата жануар содан қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге қалған?

Тышқақ тана үстінде жатып қалып

Зеңгібаба жануар содан қалған.

Қазығұрттың басында кеме қалған,

Ол «әулие» болмаса, неге қалған?

Қотыр тоқты үстінде жатып қалып,

Шопаната жануар содан қалған...»

Осындай ырыммен түрлі жануарлардың атын келтіреді екен.

Қазығұрттың басында көп «әулие» Мінсең аттай желеді айыр түйе, -деген мақалдар да бар. Қазығұрттың басы түйеніңөркешіне ұқсаған. Оның себебі: басқа таулардың бәрін топан суы басып кеткенде, Қазығұртты су баспаған соң, басқа таулар намыс қылып Қазығұртпен ұрысамыз деп, жиылысып келген екен. Бәрінің үлкені Ордабасы деген тау Бадам суының Қазығұртқа қараған күнбатыс жағында болған.

- Ордабасы балама айт,

Қызыл сеңдей қызыма айт,

Еншілес інім Қаңғыраққа айт! -

- Сізден арғы Қараққа айт! -

деген даусын есітіп, қалғандары бір-біріне солай айқайлаған дейді. Барлық таулар келсе, біздер көп болып кетеміз ғой, ұрыс қылмай-ақ қоялық деседі. Әдейі әуре болып келген соң тым болмаса, қылышты бір сілтеп қалайық деп, қылышты сілтегенде, Қазығұрттың басы айрылып қалыпты дейді. Қазығұрттың басы түйенің өркешіне ұқсаған себебі осыдан екен дейді қариялар.





Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

«Туған тілім -рухани асыл қазынам» өлең құрастыру






Үйге тапсырма

№ 32 сабақ






  1. Топпен ән айту.

Домбыра туралы баллада

Сөзi: Ш.Сариевтiкi

Әнi: К. Дүйсекеевтiкi

Күй ойнайды қазағымның қанында,

Күй ойнайды қазағымның жанында.

Жүрегiнiң, жүрегiнiң, жүрегiнiң дүрсiлi —

Күмбiрлеген домбырасы барында.

Қайырмасы:

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра,

Анамыздың сырысың сен, домбыра.

Қазағымның жүрегiнен жаралған,

Даламыздың үнiсiң сен, домбыра!

Домбыра бұл, үнсiз қалып көрмеген,

Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген.

Үзiледi,үзiледi,үзiледi әуендер

Ғашықтардың көз жасындай пернеден.

Қайырмасы.

Домбырадай шежiре жыр болмаған,

Даламыздың тағдырларын толғаған.

Армандарын, армандарын, армандарын халқымның

Аманат қып ұрпағына жолдаған.





Cабақтың қорытынды минуты

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Рахмет!







Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

Мектеп: Т.Шанов атындағы орта мектебі

Мерзімі: 04.05.2017 ж Сабақ №32

Мұғалімі: Тулешова А.А. Сыныбы: 3 Оқушылар саны:

Тақырыбы: Денсаулық зор байлық

Құндылығы: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: ұқыптылық, жауапкершілік, сергектік


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға денсаулықтың адам үшін зор байлық екендігін түсіндіре отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушыларды әр уақытта ұқыптылыққа үйрету;

- оқушылардың бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, сергектікке тәрбиелеу;


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру

32сабақ 137 бет «Ең үлкен байлық» ертегісін оқып келу



  • Жігіт не деп мұң шағуын қоймады?

  • Тас қашаушы жігітке қандай сұрақ қойды?

  • Жігіт не істеуден бас тартты?

  • Жігіттің ойын өзгерткен не нәрсе ?

  • Адамдардың ұқыптылығын қандай істерінен көреміз?

  • Сен үнемі сергек жүру үшін не істер едің?







Дәйексөз

Жан мен тәннің саулығы - өмірдің байлығы

Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.





Әңгімелесу Мұғалім сыйы

«Тәтті алма»

М. Әбдірашева

Баян бақты аралап келе жатқан. Бір кезде алдынан топ етіп алма түсті. Өзі қып-қызыл, үп-үлкен. Баян қуанып кетті. Қызығып қолына алды.

Дереу жемек болып, аузына апара бергенде алма оған:

-Баян, сен алдымен мені жу – деді қолынан сусып түсіп.

-Неге?-деді Баян таңырқап.

-Жумай жесең, ішің ауырады,деді алма сілкініп қалып.

-Міне, көрмейсің бе, үсті-басың шаң-тозаң.

Баян ұялып қалды. Апасы да ылғи «қолыңды жу» дейтін. Енді соны өзіне мына алма да айтып тұр. Баян ақылды алманың айтқанын істеді.



  • Баян неге қуанды?

  • Алма Баянға не деді?

  • Баян неліктен ұялды?

  • Баян неліктен алманың айтқанын істеді деп ойлайсыңдар?

  • Адамдар үшін ұқыптылықтың маңызы қандай?

  • Өздерің тазалыққа қаншалықты жауапкершілікпен қарайсыңдар?







Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Шығармашылық тапсырма:(өлең жазу)


1- топ:

…………………………………баламыз,

………………………………….аламыз.

……………………………………….

……………………………………санамыз.

2- топ:

…………………………………күлеміз,

……………………………………жүреміз,

…………………………………………

……………………………………сүреміз.






Үйге тапсырма

№ 33 сабақ. 140-141 беттегі Ә.Табылдиевтың «Әдепті сөз» әңгімесін оқып келу






  1. Топпен ән айту.

Айгөлек

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында

Кемерінен шалықтап,

Асып шатқан шағында

Ойын ойнап, ән салмай

Өсер бала болар ма

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеліне толар ма.
Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде 3 рет

Би билеймін дөңгелеп.


Асыл сөздің ұстасы-

Ақын болар ұрпақпыз

Өнер, білім, еңбекке,

Жақын болар ұрпақпыз

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз,

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.


Айгөлек ау айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек,

Айдай толған кезімде 3 рет

Би билеймін дөңгелеп.







Cабақтың қорытынды минуты

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Рахмет!





\

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары



Мектеп: Т.Шанов атындағы орта мектебі

Мерзімі: 04.05.2017 ж Сабақ №32

Мұғалімі: Тулешова А.А. Сыныбы: 2 Оқушылар саны:



Тақырыбы: Қазақстан елім менің

Құндылығы: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: ұлтжандылық, жауапкершілік, отансүйгіштік


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан елі барлық ұлтқа пана екендігін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-оқушыларды ұлтжанды болуға үйрету;

- оқушылардың бойындағы жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

- оқушыларды ұлтжандылыққа, жауапкершілікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу;


Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) слайд,өлеңнің аудио дискісі

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі. 5 «Т»

Тыныштық сәті «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.


Сабақ барысын талдау:

Үй тапсырмасын тексеру

32сабақ 126 бет А.Ілиясованың «Отан деген» мәтінін оқып келу



  • Құрбылар не деп сөз таластырды?

  • Салтанат сөздерін неге бөлді?

  • Самал қалай жауап берді?

  • Балалар Самалдың ойын неліктен құптады ?

  • Самалдың ойын дұрыс деп құптайсыздарма?

  • Адамдардың ұлтжандылық қасиеті қалай көрініс береді?

  • Өз еліңе деген отансүйгіштігіңді қалай көрсете аласың?







Дәйексөз

Ынтымақ бар жерде бақыт бар

Халық даналығы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға, 1-рет хормен айту. Дәптерге жазу.





Әңгімелесу Мұғалім сыйы
«Қарлығаш әулие»

Қазақтың ұлы биі Төле Әләби ұлына «1663-1756 » қатысты аңыз.

Бір жолы жоңғар басқыншылары қазақ жеріне лап қойып, көктей жапырып келе жатады. Қамсыз жатқан ел бет –бетімен қашып,баса жөнеледі.Сонда бір үй ғана көшкен елден үзіліп ескі жұртта қарайып қалып қояды.Жонғар қонтайшысы оның не қылған үй екенін біліп келуге адамдарын жұмсайды. Олар едірендеп шауып келіп, Төледен :

- Елдің бәрі қашып кеткенде, жалғыз үй жұртта қалған сен кімсің, неғып отырсың? – дейді. Сонда би:

- Жігіттер, сабыр етіңдер! Алдымен үлкенге беретін сәлем қайда? – дейді.

Дәстүрден сүрінген қалмақтар сасып қалып сәлем беріседі.

- Онда тыңдаңдар! – деп Толе би келгендердің сұрағына жауап қайтарады.

- Шаңырағыма қарлығаш ұя салып еді. Сол құс қашан сары ауыз балапандарын қанаттандырып ,ұшврвп әкеткенше, қонысымнан қозғалып, үйімді жықпаймын. Қарлығаш- қасиетті құс, адам баласының досы.Сендер білмейтін боларсыңдар. Ертеде жер жүзін топан су басқанда, Нұқ пайғамбардың кемесін батырмай, аман алып қалған – осы! Мен басымды сауғаламаймын деп, үйімді жығып оның ұясын бұзар , балапандарын шырылдатып,өлімге душар етер жайым жоқ! Сендердің де бала- шағаларың бар, сендерді жұмсап отырған ханның да бала – шағасы бар. Сонда бала-шағаларыңды улатып- шулатып, қан жылатса, жақсы көрер ме едіңдер? Қайтыңдар, хандарыңа осы сөзімді айтып барыңдар!

- Төлебидің жауабын түгел тыңдаған қонтайшы :

- Ол бір әулие кісі екен, өзіне тимеңдер, төңірегіңдегі елін де қозғамаңдар! – депті. Ұлы бидің «Қарлығаш әулие » деп аталатыны содан екен.

1. Жоңғар шапқыншылығы кезінде қандай оқиға болды?

2. Қарлығашты неліктен қасиетті құс дейді?

3. Төлебиді қонтайшы кімге теңейді?

4. Төлебидің көшпей қалуына не себеп болды?

5. Адамдарды жақсылық жасауға итермелейтін не ?

6. Өзің еліміздің келешегінің дамуына қандай үлес қосар едің?






Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Шығармашылық тапсырма: «Менің Қазақстан дамуына қосар үлесім» тақырыбында шығарма жазу






Үйге тапсырма

№ 33 сабақ. 129-132 беттегі Н.Ақышевтің «Балалар елін бағындыру» әңгімесін оқып келу






  1. Топпен ән айту.

Ақ көгершін

Ақ көгершін, көгершін

Қолғанат құс сен едін.

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемнін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бақыт болып қонши деп,

Ұшырамын қолымнан.
Қайырмасы:

Ел тілегі алып ұш Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш Мұхиттың арғы жағына.

Ел тілегі алып ұш Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш Мұхиттың арғы жағына.
Сенен көзін алмайды

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды

Әділеттен жаралған.

Тыныш-бейбіт өмірдің

Белгісі боп қанат қақ

Әлемге ортақ көңілдің

Қайт шыңына қонақтап.






Cабақтың қорытынды минуты

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабағымыздан барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.



Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Рахмет!





Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет