Сабақ №38 Пәні: Коррекциялық сабақ Күні: Сабақтың тақырыбы: «Жақсы көңіл-күй»


Сабақ № 56 Пән: Коррекциялық сабақ



бет24/24
Дата07.02.2022
өлшемі32,59 Kb.
#97032
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Сабақ

Сабақ № 56
Пән: Коррекциялық сабақ
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Қиялды дамыту
Сабақтың мақсаты :

  1. Оқушының тұлғалық ерекшеліктерін анықтау,қиялын дамыту.

  2. Өзіндік тану дағдыларын қалыптастыра отырып,эмоционалдық сферасын дамыту.

  3. Өз бойындағы ерекшеліктерді бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру,әңгімелесу,жаттығу, ойын,дәптермен жұмыс.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу.Сабаққа керекті заттарды дайындап.Оқушының зейінін сабаққа аудару
II.Қабылдауға дайындау.

  1. «Көзбен ату» атты жаттығу.Көзіңді солға-оңға,төмен-жоғары жылжытасың (6 реттен).

  2. «Мұрынмен жазу». Көзіңді жұм,Қаламның орнына мұрныңмен ауада сурет саласың.

III.Жаңа тақырып:
1-тапсырма.- Бүгінгі сабағымызды қызықты бастаймыз.Қазір біз теледидарды қосамыз,бірақ бір қиындық бар.Телевизордың дауысы жоқ.Ал біз көрсетіп жатқан бағдарламаны көп ұақыт,тосып,енді көруіміз керек. Енді біраз қиялымызды қосайық.Теледидардағы суретке қарап қай адам не айтып жатқанын өзің айтып бере ғой.
2-тапсырма. Келесі тапсырма да қызықты:- Қазір мен кез-келген үш сөз беремін. Сенің мақсатың сол үш сөздерді пайдаланып болмайтын оқиғаларды ойлап табу.

  1. Шелек,ұшақ,терезе

  2. Қолғап,тамақ,аяқ

  3. Шам,есік,мал

3-тапсырма. Қолыңды үзбей,бір сызықтың үстінен екі рет жүргізбей төмендегі суретті қайталап сал.
3-сурет
Жаттығу. Оқушыға бірнеше қимыл көрсетіледі.Оқушы алдымен көрсеткендей қайталайды,сонан кейін,керісінше орындайды.
1 қимыл:Отыру-тұру-қолын көтеру-түсіру;
2 қимыл: аспандағы жаңбырдың тамшыларын жинағандай елестетіп қолын алақанмен жоғары көтереді,қолын түсіреді,қолын екі жаққа көтереді.
3-қимыл:оң аяғын алдыға созады,сол аяғын қасына қояды,оң аяғын сол жаққа созады,оң аяғын қасына қояды.
4-қимыл: отыру-тұру-басын солға қарату-басын оңға қарату.
4-тапсырма.Сандар мен әріптерді жалғастырып,қандай сөз жазылып тұрғанын оқы.
4-сурет
5-тапсырма. Адамдарды өз бөлмелеріне орналастыр.
5-сурет
Релаксация: шаршағанын кетіру үшін
IV.Сабақты пысықтау:

  1. Сабақта не үйрендің?

  2. Сабақта сен үшін ең қызықтысы не болды?Ең күрделісі?

  3. Көңіл-күйің қандай?

Коррекциялық сабақтан күтілетін нәтиже.
Бала тапсырмаларды қызыға орындауын,жақсы көңіл-күйде болуын қамтамасыз ету.
Сабақ барысында жақсы қарым-қатынас орнатуға қызығушылығын тудыру Балада өзіне сеніммен,сүйіспеншілікпен қарауға,сонымен қатар,мейірімділік,сенім,құрмет сяқты жағымды қасиеттерін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет