I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушымен амандасу.Сабаққа керекті заттарды дайындап.Оқушының зейінін сабаққа аудару
II .Қабылдауға дайындау.
III. Жаңа тақырып
Оқушыға кіріспеде төмендегідей мазмұнды мәтін оқылады:
-сен ну орманда адасып кеттің.Бұл орманда екі сиқыршы тұрады,мейірімді және жауыз.
Олар кез-келген затқа айналады көбелектерге,жануарларға,өсімдіктерге.Міне алдымызда бір қоянды көрдік.Алдымызда қандай сиқыршы тұрғанын түснен ақ білуге болады.Егер мейірімді сиқыршы болса бізге үйді табатын жол көрсетеді,ал егер,жауыз сиқыршы болса –тезірек қаш.
Біз түс арқылы өз сезімімізді білдіруге болатынын анықтадық.Ал «сызықтар» арқылы сезімді сезімді білдіруге болама? Оқушыдан «жаман,мінезі жаман»сызықты салуды,ары қарай бұдан да «қатыгез» сызықты салуын сұраймыз.Тапсырманы аяқтап болғаннан соң көңілді,пысық,қорқақ,жуас,ренжулі,т.с.с. сызықтарды салу ұсынылады.
Ары қарай міндеттерді күрделендіреміз: алдымен нәзік Мақта қызды салады,пысық Алдар Көсені,жауыз Айдахардың суретін салады.Сурет салуда сызықтар арқылы кейіпкерлердің мінезін қалай көрсете алғанын оқушымен бірге талқыланады.
Енді қағаз,қылқалам арқылы оқушы өзінің сүйікті ертегісінен бір көріністі салады.Бұл жерде ол сызықтардың қасиеттерін барлық мүмкіндігінше қолдану керек.Жұмыс нәтижесін талқылап,суретшінің сызықтарды қалай қолданғанын салыстырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |