Сабақ 4 сынып «Біздің споршыларымыз»



Дата05.06.2017
өлшемі66,22 Kb.
#17909
түріСабақ
КММ «Сибир негізгі мектебі»

Ашық сабақ

4 сынып

«Біздің споршыларымыз»


Мұғалім: Ахметова Д.Н.

Сабақтың тақырыбы: Біздің спортшыларымыз

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларды өткен тақырып бойынша игерілген білімдерін еске түсіру, жинақтау ,пысықтау, жаңа білімді меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту,ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Тәрбиелік: спортқа,денсаулыққа байланысты қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалана отырып, оқушыларды салауатты өмір сүруге, спортты сүюге, еліміздің әйгілі спортшыларын құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойландыру, іздендіру, әңгімелеу, проблемалық сұрақ қою, ойын.

Сабақтың формасы: жеке жұмыс,жұппен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның танымал спортшыларының суреттері.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Сөйлесім.

а/ сәлемдесу.

ә/ оқушыларды психологиялық дайындау.

Тіл дамыту: “Қыс мезгілі”

Қазір қай жыл мезгілі?

Қыс айларын атаңдар?

Қыста не қатады?

Қыста қандай ойындар ойнайды?

Балалар нелерге жем береді?

Қысқы қандай ойын түрлерін білеміз?

Оқушылар алдарындағы ақ параққа ойын түрлерін жазыңдар (бір ойын түрін жазады).

Ортаға І қатар шығып өздерінің жазған ойын түрлерін көрсетеді, отырған екі қатар оқиды, осылай екінші,үшінші қатар ортаға шығып ойын атауларын көрсетеді.

(Жеңіл атлетика, волейбол, шаңғы спорты, қазақша күрес, футбол, бокс, гимнастика).

Жаңа білімді меңгерту кезеңі.

Ой шақыру.

Суретпен жұмыс (спортшылардың суреттері), сұрақ-жауап

-Суретте кімдерді көріп отырмыз? (спортшыларды,олар чемпиондар, олар Қазақстан тәуелсіз елінің спортшылары, мен оларды теледидардан көремін, кітаптан олар туралы оқимын, спортшы болуды армандаймын)

- Балалар, мен сендерге бұл сұрақты не үшін қойып отырмын?

- Олай болса ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

Жаңа тақырыппен, мақсатымен танысу. Тыңдалым.

- Бүгінгі сабақта « Біздің спортшыларымыз » туралы білімімізді ортаға саламыз.

Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.

Жаңа сөздер

Алтын-золото,золотой

Күміс-серебро,серебряный

Қола-бронза,бронзовый

ауыр атлетика-тяжелая атлетика

жеңіл атлетика-легкая атлетика

мақтаныш-гордость

а/ сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау; айтып үйрену; сөздік дәптерге жазу.

ә/жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.

Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым.

Мәтін


Қазақстанның спортшылары: Бекзат Саттарханов, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Александр Винокуров, Жақсылық Үшкемпіров, Ольга Шишигина, Зульфия Чиншанло, Илья Ильин, Светлана Подобедова.Бұл спортшылар олимпиада чемпиондары. Олар алтын, күміс, қола медальдарының иегері. Еліміздің мақтанышы.

а/ мәтін оқылады

б/мәтін бойынша суреттерден спортшыларды көрсету,атап кету.

Кесте толтыру



Спортшылар

Боксшы

Велоспортшы

Грек-рим күресі

Жеңіл атлетика

Ауыр атлетика

Бекзат Саттарханов

+













Бақтияр Артаев

+













Серік Сәпиев

+













Александр Винокуров




+










Жақсылық Үшкемпіров







+







Ольга Шишигина










+




Зульфия Чиншанло













+

Илья

Ильин














+

Светлана Подобедова













+

Сергіту сәті. “жүгіреді,жүгіреді”

Тапсырма «Қайсысы артық»

Мына жазылған сөздер спорт тақырыбына жатпайды?

Полиглот, мектеп, күрес, бор, волейбол, оқушы, спортшы, ән, тақта, теннис, шынықтыру, денсаулық.

Жаттығулар орындау.

Үш қатарға тапсырма беріледі.

І қатар.

Сөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөзге фонетикалық талдау жаса.

футболды ,ағам, жақсы ,көреді, менің

ІІ қатар


Сөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөзді септеңдер.

Спорт, келеді,елімізде, дамып

ІІІ қатар

Сөйлемдерді дұрыс құраңдар, қарамен жазылған сөз қай шақта тұрғанын анықта..

Сергей, спорт, шынықты, залда,

1 - жаттығу. Жазылым. Кітаппен жұмыс.

Тапсырмалар: ІІ жақта айт.

Мен бүгін боксқа барамын.

Мен жақсы жүгіремін.

Мен футбол, волейбол, баскетбол ойнаймын.

Мен теледидардан хоккей көремін.

2 - жаттығу. Жазылым. Жақшаны ашып, сөйлемдерді аударып жаз.

1. Спортпен айналысқанды (люблю).

2. Аптасына (два раза) жаттығу залына барамын.

3. Жаттығу 5-6 (часов) өтеді.

Сабақты қорытындылау.Айтылым.

1. Спорттың түрлері туралы жұмбақ шешу.

(Сабақтың тәрбиелік мақсаты осы кезеңде жүзеге асырылады.)

Жұмбақтар

Төрт аты бар.

Төрт пілі бар.

Шайқас алаңын

Біліп ал.

(шахмат)

Екеуі ұстап береді.

Жиырмасы кеп тебеді.

(футбол)


Допты алып қолға,

Дәл түсіргін торға.

(баскетбол)

Оқушылар білімін бағалау.



Үйге тапсырма беру: сөздерді жаттау, «спорт» тақырыбына сурет салу.
Каталог: uploads -> doc -> 0817
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0817 -> Сабақтың тақырыбы Қамқор болып өсемін №1 Қайырымдылық жылы жүректен. Халық даналығы Саб мақсаты
0817 -> Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектеп шағын орталығының 2014-2015 оқу жылының бірінші жарты жылдық есебі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет