ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. « Джик Со » стратегиясы.
1. Орман деген не? Тұрған жеріңде орман бар ма?
2. Қай ағаштың сүрегінен жоғары сапалы қағаз өндіріледі?
3. Орманның маңызы туралы не білеміз?
ІІІ. Пысықтау. Бізден сұрақ-сізден жауап.
1.Жарық сүйгіш ,қылқан жапырақты өсімдік (Қарағай)
2.Қарағай қай мезгілде,қай айда тозаңданады? (Көктемде,мамыр айында)
3.Шымтезек мүгінің латынша атауы (Сфагнум)
4.Жасыл мүк қалай деп те аталады? (Көкек зығыры)
5.Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі (Шоқпарбас плаун)
6.Спорангий деген не? (Споралар дамитын орын)
7.Қырықбуынның жаздық өркені мен көктемгі өркені қандай қызмет атқарады? (Жаздық өркен -өсу қызметін,көктемгі өркен -көбею қызметін атқарады)
8.Орамжарырақгүлділердің жемісі (Бұршаққын немесе бұршаққынша)
9.Мүктерде тамырдың қызметін не атқарады? (Ризоид)
10.Қырықбуынтәріздес өсімдіктердің кең тараған өкілі ( Далалық қырықбуын)
ІV. Жаңа сабақ
Тақырыбы: Жабықтұқымды өсімдіктер. Шаршыгүлділер немесе орамжапырақгүлділер тұқымдасы.
Мақсаты: Оқушылар жабықтұқымды өсімдіктер, шаршыгүлділер немесе орамжапырақгүлділерді біледі және түрлерін зерттеу арқылы ажырата алады.
Жабық тұқымды өсімдіктер - өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі. Бұлардың көбею мүшесі - гүл. Сондықтан гүлді өсімдіктер деп те аталады.
Гүлді өсімдіктер - қазіргі кездегі өсімдіктер дүниесінің түрлерінің саны жағынан ең көп таралған тобы.
Ерекшеліктері:
- Тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана гүлдер түзіледі.
- Гүлдерде жынысты көбею мүшелері - аталықтар мен аналықтар жетіледі. Гүл түйіндерінде аналықтардың тұқым бүршіктері орналасқан.
- Тек гүлді өсімдіктерге қосарланып ұрықтану процесі тән. Аталықтың тозаңқабында түзілген тозаң дәндері аналықтардың аузына келіп түседі. Осы жерде олар өсіп тозаң түтіктерін түзеді. Тозаң түтіктерімен спермиялар тұқым бүршігіне жетіп, оның ішіне өтеді. Осы жерде тозаң түтігінің ішіндегі екі спермияның бірі жұмыртқа жасушасын ұрықтандырады, ал екінші спермия тұқым бүршігінің орталық жасушасымен қосылады. Ұрықтанудың тек гүлді өсімдіктерге тән мұндай түрін қосарланып ұрықтану деп атайды. Сонымен ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан зигота түзіледі, одан ұрық пайда болады. Орталық жасуша екінші спермиямен қосылғаннан кейін ұлғайып өсіп, бөлінеді, нәтижесінде одан ұрыққа қажетті қор заттарын жинайтын ұлпа - эндосперм түзіледі. Тұқымбүршігенен тұқым, ал гүл түйінінің қабырғаларынан жемісқап түзіледі.
Маңызы:
Өсімдіктер адамға қажетті тамақ өнімдері және ауыл шаруашылығындағы жануарға қоректік зат болады. Өсімдіктер шикізат ретінде өндірістің әр түрлі салаларында қолданылады. Олардан дәрі - дәрмектер де жасайды.
Жабықтұқымды өсімдіктер бөлімі екі үлкен класқа бөлінеді:
1. Даражарнақтылар класы
2. Қосжарнақтылар класы
Екеуі тұқым құрылысы, тамыр жүйесі, сабақ, жапырақ, гүл құрылысы бойынша бір бірінен ерекшеленеді.
Орамжапырақгүлділер. Бұларды кейде шаршыгүлділер тұқымдасы деп атайды.
Олар-шөптекті және шала бұталы қосжарнақты өсімдіктер. Ғаламшарымызда орамжапырақгүлділер тұқымдасына жататын 3000-ға жуық түрлері бар. Жапырақтары кезектесіп орналасады, бөбешік жапырақтары болмайды. Қосжынысты гүлі шаршы болып орналасқандықтан, орамжапырақгүлді өсімдіктер шаршыгүлділер тұқымдастары деп аталған. Гүлі шашақ гүлшоғырына жиналған. Тостағанша жапырағы 4, күлтесі 4-еу, аталығы 6-ау, оның 4-еуі ұзын, 2-еуі қысқа, аналығы 2 жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлдерінің түсі ақ, сары, қызғылт, ақшыл көк түсті болып келеді. Жемісі-бұршаққын немесе бұршаққынша.
Орамжапырақ гүлділер тұқымдасы гүлінің формуласы: жабайы шомырдікі-
Т 2+2К4А 2+4Ж(2)
Ү. Бекіту . Биологиялық диктант
1. Орамжапырақ тұқымдастар … класына жатады. (қосжарнақтылар)
2. Бақша өсімдіктерінің негізгі ерекшеліктері - … (шөптекті бір жылдық)
3. …- түрін өзгерткен өркен.(мұртша)
4. Қазақстанда бақша өсімдіктерінің … түрі бар.(9)
5. Орамжапырақгүлділердің жапырақтары … орналасқан.(кезектесіп)
VI. Қорытынды. Жұмбақтар
1. Жерде жатып желіндейді
Күз түскенше желінбейді
Үндеместен төлдеп жатыр
Су беріңдер шөлдеп жатыр
(қауын - қарбыз)
2. Отыз көйлек киінген
Бір түйме жоқ ілінген
(орамжапырақ)
3. Сопақша көк өңі бар
Пайдалы, мөлдір сөлі бар
Піскен кезде жияр
Оның аты …(қияр)
4. Іші сары, сырты қатты
Дәні - дәрі, дәмі - тәтті
Пісіріп жесең, ас - тамақ
Оның аты …(асқабақ)
5. Көк лағым көгенде тұрып семірген
(қарбыз)
6. Бұл не деген көп киім
Жетпіс қабат көк киім
Түймелеуге жетпейді
Жаңбыр одан өтпейді
(Қырыққабат)
|