С.Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңін талдау 2-сағаты ( ашық сабақ)
Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Райымбекова Ә.Е.
2013-2014 оқу жылы Сабақ №57 Мерзімі: қазақ әдебиеті 5-сынып Сабақтың тақырыбы: Ақынның сұлулыққа, табиғатқа көзқарасы
Сабақтың мақсаты:білімділік – ақын туралы қосымша мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыра түсу, «Ақсақ киік» өлеңініңтақырыбы мен идеясын ашу, мәтінмен жұмыс істеу;
дамытушылық – шығармашылық жұмыстар арқылы ойлау қабілеттерінің дамуына, тіл байлығының артуына ықпал жасау, өз бетінше талдау жұмыстарына машықтандырып, түйінді ой, өзіндік пікір қалыптастыруына, ой-пікірін ортаға салуа білуге жол ашу;
тәрбиелік – оқушыларды адамгершілікке,ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу, сұлулықты көре білуге, бағалай білуге ұмтылдыру, эстетикалық және экологиялық тәрбие беру.