Сабақ №57 Мерзімі: қазақ әдебиеті 5-сынып Сабақтың тақырыбы : Ақынның сұлулыққа, табиғатқа көзқарасы Сабақтың мақсаты



бет2/6
Дата06.02.2022
өлшемі77,18 Kb.
#35148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, топтастыру, сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: портрет, тірек сызба, суреттер, электронды оқулық, Қазақстан картасы, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география, биология
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу. Сабаққа қатысуын тексеру. Зейінднерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқып, мазмұндау және Сәкен туралы қосымша деректер жинап келу тапсырылған. (Оқушылардан «Ақсақ киік» өлеңінің мазмұны сұралады)

  • С.Сейфуллин қай жерде, қай жылы дүниеге келген? (1894 ж. Қарағанды облысы, Нілді деген жерде дүниеге келген)

  • Ол кісі кім болған? (жазушы, алашордашы, лирик ақын, ұстаз, әнші, қоғам қайраткері)

  • Қандай шығармалары бар? («Бақыт жолында», «Қызыл сұңқар» драмалары , «Тау ішінде», «Біздің жақта», «Көкшетау» әндері, «Тар жол тайғақ кешу» раманы бар)

  • Алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қайда, қандай атпен басылып шықты? ( 1914ж. Қазан қаласында «Өткен күндер»деген атпен басылып шығады)

  • Жұбайының аты ( Гүлбаһрам)

  • Қай жылы репсессия құрбаны болады? (1938ж.)

  • Абақтыдан қашып шыққанда кімнің үйін паналайды? ( Әйтпеновтер отбасын)

  • Ақсақ киік» өлеңінде не туралы әңгіме болады?

  • Қандай мәселені қозғаған?

  • Идеясы не?

  • Ақбөкенді не үшін атқан? Оның мүйізі неге бағалы?

С.Сейфуллин кім? (топтастыру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет