Сабақ 6 сынып Мақал-мәтелдер Сабақтың мақсаты



Дата28.06.2017
өлшемі13,25 Kb.
#20413
түріСабақ
  • Ашық сабақ
  • 6 – сынып
  • Мақал-мәтелдер
  • Сабақтың мақсаты:
  • А) Білімділік: Мақал-мәтелдер халықтың рухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданатындығын түсіндіру;
  • Ә) Дамытушылық: Тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерін өз беттерінше салысыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту;
  • Б) Тәрбиелік: Мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге,ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • Оқушылармен сәлемдесу;
  • 2. Оқушыларды түгендеу;
  • 3. Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау.
  • Қайырлы күн, достым,
  • Сәттілікке толсын!
  • Біздің алар бағамыз,
  • Кілең «бестік» болсын!
  • Үй тапсырмасын сұрау
  • Мақал дегеніміз не?
  • 2. Мәтел дегеніміз не?
  • 3. Мақал мен мәтел арасындағы айырмашылық қандай?
  • Р/с
  • Сөйлемдер
  • Табу
  • Эвфемизм
  • Дисфемизм
  • Тұрақты тіркес
  • Мақал
  • Мәтел
  • 1
  • Баласы атқа мінсе, анасы тақымын қысар.
  • 2
  • Дәукеннің баласы ұры, өсекші, боқмұрын.
  • 3
  • Ауыл сыртында атекем жәкемді зыттыра қуып бара жатыр екен.
  • 4
  • Үй менікі демеңіз, үй сыртында кісі бар.
  • 5
  • Аудан мен ауылдың арасы таяқ тастам жер.
  • 6
  • Алдар көсе байларды алдау мақсатында өз жанынан қосып айтады.
  • Жаңа білімді меңгерту кезеңі
  • Мақал-мәтелдердің негізгі белгілері:
  • Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдіріп, тұжырым жасайды.
  • Мағынасы ашық болдмай, ишарамен, тұспалмен айтылады.
  • Екеуі де белгілі бір түйінді береді.
  • Мақал
  • Мәтел
  • Мақал-мәтелдердің ерекшеліктері
  • Р/с
  • Мақал
  • Мәтел
  • 1
  • Құрылысы жағынан екі-үш бөлімді.
  • Әке – асқар тау,шеше-қайнар бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
  • Көбіне бір бөлімді болып келеді.
  • Кәрі түлкі қақпанға түспес.
  • 2
  • Ой неғұрлым ашық айтылады.
  • Батыр туса - ел ырысы,жаңбыр жауса - жер ырысы.
  • Ой,пікір ишара,тұспал түрінде беріледі.
  • Көп түкірсе – көл.
  • 3
  • Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айтылады.
  • Қорқақты көп қусаң, батыр болады.
  • Істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
  • Дария жанынан құдық қазба.
  • Практикалық дағды кезеңі
  • I саты ( Оқушылық деңгей)
  • Бірнеше сөздер беріледі: Ана, еңбек, дос, ел.
  • Мақал-мәтелдер құрап, оларды қатыстырып, бір-екі сөйлеммен өз сезімдеріңді білдіріңдер.
  • II саты ( Алгоритмдік деңгей)
  • Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой және сол сөзді үш тілде айтып бер.
  • 1) ... тас жарады,
  • Тас жармаса бас жарады.
  • 2) Таяқ еттен өтеді,
  • ... сүйектен өтеді.
  • 3) ... таумен кездеспейді,
  • Адам адаммен кездеседі.
  • 4) ... көпті жау алмайды,
  • Ақылы көпті дау алмайды.
  • 5) ... қылды қақ жарған.
  • III деңгей ( Ізденімдік деңгей )
  • А) 125-жаттығу. Мақалдарды бір бөлек, мәтелдерді бір бөлек көшіріп жазыңдар.
  • ә) «Жылдам жауап»  ойыны. Сәйкестендіру тесті
  •             Еңбек түбі –                                       Зейнет
  •             Бейнет түбі –                                      Береке
  •             Ұрлық түбі –                                      Бұлақ
  •             Сөз анасы –                                        Қорлық
  •             Су анасы —                                          Құлақ
  • IV саты ( Шығармашылық деңгей )
  • Екі қатарға тапсырмалар беріледі.
  • І қатар – Ата – ана
  •                                                     ІІ қатар – Еңбек
  •                                                      
  • Тірек сөздер мен сөз тіркестері, мақал – мәтелдер.
  • Ата – ана тақырыбына: аялы алақан, мейірім, парыз, сәби тілегі, «Қыздың ұяты — шешеге», «Шеше көрген тон пішер».
  • Еңбек тақырыбына: еңбек ету, маңдай тер, мақсат қою, «Еңбек түбі — береке», «Ердің атын – еңбек шығарар».
  • Үй тапсырмасы
  • 1. 134-жаттығу.
  • 2. Ережелерді қайталау.
  • Бағалау
  • Смайлик фишкалар арқылы бүгінгі сабаққа белсене араласқан оқушыларды бағалаймын.
  • Қош сау
  • болыңыздар!!!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет