1.Суретке қарап ұстаздық еңбек туралы айтып беріңдер. 2. «Менің ұстазым» тақырыбына әңгіме құрастыр. V. Жаңа ақпарат Ұстаз мектепте білім-тәрбие беріп,адамгершілік нұрын төгеді.Мұғалім жас ұрпаққа өз өнерін,тәжірибесін,білімін үйретеді.адамдардың айналаға,достарына,табиғатқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.Ол адамның өмірге деген сенімін арттырады,өмірден өз жолын дұрыс таба білуге көмектеседі. Тапсырма ( төменде айтылған ойларды түсіндіріңдер) *Мұғалім- білім беруші. *Мұғалім-көмекші. *Мұғалім –қамқоршы. *Мұғалім-ақылшы. *Мұғалім-сенімді дос. VІ. Бақша ағаштары Ы.Алтынсарин (үнтаспадан тыңдату) *Бақша ағаштарының тік немесе қисық өсулерінің себебі неде? * Әкесі баласына қандай ақыл айтты? *Осы әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?