Сабақ: №7 Мұғалім: Рысқұлова А. Б оқушылар саны: Сабақтың мақсаты



бет4/5
Дата19.12.2016
өлшемі279 Kb.
#4198
түріСабақ
1   2   3   4   5

V. Мұғалімнің сыйы

Ұстаз бен шәкірт

Бұлбұлдың ерекше әншiлiк қабiлетiн таныған ұстазы:

– Бұлбұл, ержеткен соң кiм боласың?-деп сұрады. Шәкiрт ойланбастан:

- Әншi болам, – дедi езуiне тәттi күлкi үйiрiлiп.

– О-о! Әншi болу үлкен арман, әрi үлкен өнер. Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдасаң, сенi үлкен жол адастырмай арманыңа жеткiзедi,- дедi ұстазы.

– Ол қандай талап? Мен бәрiне де төземiн, – деген Бұлбұлдың даусынан сенiмдiлiктi аңғару қиын емес.

– Асықпа, оны әлi-ақ сезiнесiң деп, ұстазы шәкiртiн ойландырып тастады.

Әншi болудан басқа ойы жоқ балауса Бұлбұл ұстаз сөзiнен ешнәрсе түсiне алмады.

Ертесiне ата-аналар жиналысы болды. Оған оқушылар да қатысты. Барлық ата-анамен жеке сөйлескен ұстаз кезегi келгенде Бұлбұлдың анасына:

– Балаңыз туралы айтыңызшы. Бала жас шыбық секiлдi. Қисық өскен бұтағын кесiп, түзеп отыру керек. Бүгiн оның мiнезi мен iс-әрекетiндегi кемшiлiктi жасырамын деп, ертең үлкен қателiкке ұрынып жүрмейiк, – дедi.

Ұстаздың көкейiндегiсiн түсiнген ана:

– Бұлбұлдың балалығы болар, – деп сөзiн жұмсақ бастады. Онысы баланың көңiлiн ойлай сөйлесейiк дегендi меңзегенi едi.

– Көп ұйықтайды, арманшыл. Үлкен мақсатына тек қиялмен жетем дей ме деп қорқамын. Еңбектенуi де аз. Бала ширақ болу керек емес пе?! Ата-анаға қазiр қолғабыс тигiзбегенде, қашан тигiзбек? Әйтпесе…

Анасының сөзiн естiп отырған Бұлбұл қып-қызыл боп кеттi. Жиналыс соңында Бұлбұл мен ұстаз оңаша қалды. Ұстаз тағы да жұмбақтап:

- Әншi болу үшiн ұстаздың қатаң талабына шыдау керек демеп пе едiм. Қалай, шыдайтын түрiң бар ма? – дедi.

Әлi де болса сөздiң мәнiсiн толық түсiнбеген шәкiрт:

– Мұғалiм, ендi ерте тұратын боламын, – дедi балалық мiнез танытып.

– Тек ерте тұру ғана емес, ата-ана алдындағы балалық парызды ақтау бар. Тәртiпке өз-өзiңдi көндiруiң керек. Келесi жиналыста анаңның саған деген алаңдаушылығын қуанышқа айналдырарыңа сенемiн, – дедi.

Бұлбұл үнсiз басын изедi.

Шынында да ол осы оқиғадан соң, ата-анасын таң қалдырды. Ерте тұрып, барлық шаруаға үлгердi. Сабақты да жақсы оқыды. Сахнада ән де салды.



  • Ұстазы шәкіртінің бойынан қандай шабытын байқады?

  • Бұлбұлдың бойынана қандай сенімділікті байқадыңдар?

  • Ата-ана мен ұстаздың арасындағы әңгіме не жайлы?

  • Ұстаз Бұлбұлдың іс-әрекетінен дер кезіңде кемшілігін коруінің себебі неде?

  • Ұстаздың қатал талабына шыдау керек пе?Неліктен?

  • Бұлбұл бойындағы жаман қасиеттерден қалай арылды?

  • Бұлбұлдың орнында болсаңыздар қандай әрекет жасар едіңдер?

Талдау барысында оқушының бойындағы шабытын шығару үшін ұстаздың шеберлігі, көрегендігі және дер кезінде оқушылардың құндылықтарының дамытуға назарын аудару.


Енді, ұстаздың бойындағы қасиеттерін анықтау үшін «Үзілмейтін түйін» сергіту – жаттығуын жасау. Жаттығу шарты бойынша «Ұстаз» сөзінде қанша әріп болса, сол әріптердің алғашқы дыбысына сын есімді келтіре отыра түйін жасау. Мысалы: бірінші әріп «Ұ» - ұлағат т.с.с











VІ. Шығармашылық жұмыс (жеке)
Тапсырма: «Менің-ұстазым» тақырыбына шағын шығарма жазу.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет