Сабақ 7-сынып «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі Сабақ тақырыбы: Сабақ мақсаты: Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары



бет16/20
Дата24.05.2017
өлшемі6,98 Mb.
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Жұмбақ жасыру.


  1. Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. (Киім)

  2. Үйінде иесі бар адамның үсті-басы ұқыпты болады.(Ине, жіп)

  3. Қалады жерге түсіп шайнағаны. (Қайшы)

  4. Тап, тап , тәп жорға,

Табаны жоқ боз жорға,

Желіп кетсе жеткізбес,

Жерге түссе таптырмас ( Ине)


  1. Екі пышақ білесіп,

Кесіп – пішіп береді.

Екеуі бірге жүмесе

Жоқ қой бізге керегі ( Қайшы)


  1. Жалпы бүгін біз сіздермен, қамзолдың иық тігістерін көктеумен таныстық.

  2. Сабағымызды қорытындылай келе мен сіздерге сұрақтар қоямын.

        1. Көктеу тігісі жайлы не білесіз?

        2. Көктеу тігісінің маңызы?

        3. Бүгіп көктеу дегеніміз не?

  3. Үйге тапсырма: жазған материалды оқып келу. Қамзолды астарлау.


7-сынып № 16сабақ

Сабақтың тақырыбы : Камзолды кестелеу Ою- өрнектер түрлері

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Оқушыларға сәукеле туралы түсінік беру. Сәукеле тігуді үйрету

Дамытушылық: Оқушының ой – қиялын дамытып, іскерлікке баулу.

Тәрбиелік: Ұлттық киімдерге байланысты салт-дәстүрлер мен ырымдарды сақтауға, ұқыптылыққа, әдемілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: бас киім түрлері, комзол үлгісі, сызбалар

Құралдар: қызыл мата, қайшы, қатырма қағаз, желім, үкі

Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу өнері,

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушыларды түгелдеу

ә) сабаққа дайындығын тексеру



ІІ. Үй тапсырмасы.

- Ұлттық киімдердің қандай түрлері бар?

Оқушылардың ұлттық киімдер туралы жасаған бүктемелеріне шолу жасау

Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.



Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.
Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.

Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жағында (өң бетінде) кейде 1, кейде 2 сантиметрдей бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалған бүлдіргілерді тегістеп қырқады.
Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін кебінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауыр келеді.
Алтындап тігуге көбінесе бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы, қыздардың қамзолдарының омыраулары, өңірлері және тағы да сол сияқтылар осылай тігіледі.
Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі.

Мал өрісінің жаздық, күздік жайылымы жағдайына қарай қоныс қуалап, көшпелі өмір сүрген қазақ ауылы онеркәсіп орталығынан қашық жатты. Олар күнбе-күнгі тұрмыс қажеттерін өздерінде бар мүмкіншіліктермен ғана өтеді. Сондықтан матадан, теріден, өрмек өнімінен жасалатын киім-кешектерді, саба, торсық, үйге жабатын киіз сияқты заттардың барлығын да қол инемен тікті. Қолмен тігу семья мұқтажын өтеумен қатар, заттарды көркемдеп тігуде де тиімді әдіс саналды. Соған қарағанда киімдерді төсек-орын жабдықтарын қол инемен кестелеп тігудің алуан түрлері туды.

Қолмен тігуде негізінен жуалдыз (тебен ине), жуан ине, жуантық (жөндем) ине, бәсең ине, жіңішке ине қолданылды. Жуалдызбен түйенің жабуы, қалың сырмақ, былғары тоқым сияқты заттарды сыриды. Жуан инемен сырмақтың жиегін, үйдің киіздерін, тері киімдерді және киіз байпақтарды тігеді. Жуантық инемен қап, шекпен, күпі, тымақ сияқты заттарды, ал бәсең инемен түйме, ілгек қадайды, матадан жасалған жүқа киімдерді тігеді.

Жіңішке инемен жібек, торғын сияқты жұқа материал-дарды, оларға салынатын кестелерді тігеді. Осыларға керекті жуан, жіңішке жіптерді де халық шеберлері суыртпақтай отырып өздері дайындайды. Ол үшін керекті жіптің түсіне ұқсас матаның шетінен жалпақтығы 3—4 см, ұзындығы — 30—40 см кенересін жыртып алады. Осындай жіп суыруға арналған бір бөлек жыртынды матаны шеберлер суыртпақ деп атайды. Суыртпақтан жіп суырып алудың да әдісі бар. Әуелгі жіпті сетінетіп суырады да, суыртпаңтың шеті шашақтанған соң оны ептеп саумалап отырып тура тартып суырады. Өйткені шет шашағы молайған сайын суыртпақ тез сетінемей, суыратын жіптер шашақтарға оралып үзіле береді. Суырып алынған жалаң қабат жіптерді керегіне қарай екіден, үштен, төрттен қабаттап ширатады. Ол үшін жіптің бір ұшын тістеп тұрып, екінші ұшын бармақ пен сұқ қолдың басымен, не екі алақанның арасына салып ширықтыра бұрап еседі. Мұны жіп ширату деп атайды. Суыртпаққа көбінесе сирек тоқылған, түксіз маталар пайдаланылады. Жіпті шудадан, жүннен, мақтадан, торқадан, кендірден қолмен иіріп алып пайдалану тәсілі де көп қолданылады.



Батырып тігу. Бұл былғары, киіз, көрпе сияқты қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі өң жағы өте жиі шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің өң бетте көрінбей тұруын қарастырады.

«Бұзау тіс», тұмарша орындалу жағынан қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс. Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып, жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады. Тұмарша тігісін көбінесе орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп, соның ізімен қайта жөрмеу арқылы орындалады

«Қабырға» тігіс қол инемен көркемдеп тігу әдісінің бір түрі. «Қабырға» тігісімен ұзынды-қысқалы жарыса тігілген ұзын сызықтар арқылы ендірме, бастырма, қабырға өрнектері тігіледі. Қабырға тігісі екі сызықтың арасымен немесе матаның бетіндегі төқыманың белгілі бір жолағымен үнемі біркелкі етіп көлденең өрай шаншып отыру әдісі арқылы тігіледі.
Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс өдістерінің түрлері қолданылады.

«Таңдай» тігіс — бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің жақтарын, жаға-қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген.

«Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары кетеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.

Бағалау :

Үйге тапсырма: Комзолды кестелеп тігу.

7-сынып №17сабақ

Сабақтың тақырыбы : Комзолға ою-өрнек салу
Сабақтың мақсаты : Оқушыларды киімдерді көркемдік әшекейлеу барысымен таныстыру . Киімді көркемдік әшекейлеу кезіндегі шығармашылық қабілеттерін , іскерлік пен дағдыларын дамыту . Эстетикаға , төзімділікке , өнерді құрметтеуге тәрбиелеу .
Сабақтың түрі :аралас сабақ .
Көрнекілігі : ұлттық киімдердің суреттері, ою – өрнек түрлері, кесте тігісінің үлгілері .
Қажетті құрал – жабдықтар : түрлі –түсті жіптер, мата, ине, қайшы, оймақ.

Сабақтың барысы :


1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы назарын сабаққа аудару .Сабаққа дайындықтарын тексеру .
2. Үй тапсырмасын тексеру .Тақырыбы : «Қазақ халқының ұлттық киімдері» Үй тапсырмасын тексеру үшін «Ақ сандығым ашылды ,ішінен жібек шашылды » атты ойын ойнаймыз .Сандықтың ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беру .Сұрақ түрлері :
1.Ерлердің қандай ұлттық киімдерін білесіңдер ?
2 .Әйелдердің қандай ұлттық киімдерін білесіңдер ?
3 .Бойжеткендер қандай киімдер киген ?
4 .Қамзолдарды қандай мата түрінен тікен?
5 .Қамзолың түсін қалай таңдаған ?
6 .Әйелдердің қандай бас киімдері бар ?
7 .Ерлердің қандай бас киім түрлерін білесің ?
8 .Қамзолды қалай әшекейлеген ?
9 .Қандай ою -түрлерін білесің ?
3 .Жаңа сабақты түсіндіру .
Ой шақыру .
• Қамзолды қалай көркемдеп әшекейлейді ?
Оқушы : Қамзолдың өңіріне , етегіне зерлі оқалар , түрлі жылтырақтардан ою – өрнектер жүргізіледі .
• Қазіргі шеберлер қамзол ою – өрнектерін қалай өрнектеген ?
• -Қамзолды қалай түймелеген?
Оқушы : Қамзолдар түймеленбеген , ұсталар соққан әшекйлі күміс қапсырмалармен немесе асыл тастары бар түймелермен ілгектенген .
• Ой толғаныс.Қазақтың ою – өрнектерінің түрлерін неше топқа бөлеміз?
(Ою – өрнек түрлерін оқушылар кестеге толтырады.)

Ою – өрнек түрлері


Жануар тектес Өсімдік тектес Ғарыштық Геометриялық
Қошқар мүйіз Ағаш Шеңбер Сүйір
Қос мүйіз Жапырақ Шимай Ирек
Қыңыр мүйіз Үшжапырақ Төртқұлақ Төртүшкүл
Құс мұрын Өткізбе Шұғыла Балдақ
Табан Шиыршық Жұлдыз Тұмарша
Өркеш Гүл Айшық Тарақ
¬Өрмекші Жауқазын Бітпес

(39 – суреттегі қазақ халқының ою – өрнек түрлерінің суреттерімен таныстыру)


• Киімдерді қандай ою түрлерімен безендіруге болады ?
Оқушы : Киімдерді өсімдіктектес оюлармен безендіру қайталанбас көрік береді .Геометриялық оюлар мен өрнектер киім безендіруде молынан кездеседі . Ғарыштық сипаттағы өрнектерді де киім безендіруге қолданған .Өйткені олар мағыналы , терең мәнді болып саналған . Жануар тектес оюлар тек тұрмыста қолданылған .Олармен киіз үйдің сырты мен ішін безендіруге, кілемге, сырмаққа текеметке , тұскиізге безендіруге қолданған. Ромб, айқыш, шынжыр тәрізді болып келген бұл таңбалар берекені, молшылықты, мал басының көп болуын, жұттан және басқада пәле жаладан аман болуын, т. б. білдіреді .
• Ұлттық киімдерді сәндеу барысында тағы қандай қосымша әшекей бұйымдарын қолданған ?
• Қазақтың ұлттық киімдері қандай факторларға байланысты өзгеріске ұшырап отырады ? (Қазақтыың әйелдерінің киімдері жасына, қоғамдағы орнына байланысты әртүрлі болған .Венн диаграммасы.)
Қыздардың киімдері . Әйелдердің киімдері.
Ұлттық киімдері әшекейлеудің ең көп тараған әдістерін ата .
Оқушы : ұлттық киімдерді әшекейлеудің ең көп тараған әдістері : біз кесте мен баспа кесте(тығыз кесте) түрлерімен әшекейлеу .
-Ою – өрнекті кестелеуге қандай жіптердің түрлерін қолданады?
Ою –өрнектерді кестелеуге жүн жіп және мақта жіп түрлерін қолданады .
4 . Кіріспе инструктажы .(Мұғалім түсіндірмесі)
Шеберлер матаға кестенің бедерін бормен , болмаса басқа белгілеу әдісімен түсіреді .Өрнек контур бойынша түсіріледі де, үстінен баспа немесе біз кестемен кестелейді. Матаға гүлдер, жапырақ, бұтақтар, өсімдіктер, жануарлар мен құстардың кескіні түсіріледі.Қамзолды әшекейлеу, өңіріне ою – өрнек кестелеу үшін екіжақты немесе біржақты баспа кестені қолданады .
Біржақты баспа кестеде жіптердің бір – бірінің ізін ала немесе қабатталып кестеленуі өрнектің бедерін молайтады, бүртік түрінде сыртқа байқалып тұрады. (42 – сурет)
Екіжақты баспа кестемен өсімдік тектес өрнектер кестеленеді.Жіптер бірінің үстіне бірі шықпай, түзу, жатық шығуы үшін бір қабат жіппен кестелегін дұрыс.(43-сурет)
Біз кесте өсімдік тектес ою – өрнекді және басып кестеленген өрнектерлі және басып кестеленген өрнектің жиегін көмкеру үшін қолданылады.(44 – сурет)
5. Сарамандық жұмыс.
Оқушылар біржақты баспа кесте мен екіжақты , біз кесте тігістерінің тігілу жолдарымен танысып, тігілу барысын үйренеді.
Ине мен қайшымен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қайталау,қадағалау.
Оқушы жұмыстарына көмектесу, қаталіктері болса түзету.
6. Қорытынды.
Оқушылардың тіккен тігіс түрлерін бағалау.
Үйге тапсырма: Кесте тігіс түрлерін тігіп үйрену.
7. Жұмыс орнын жинау.
Кезекшілер жұмыс орнын ретке келтіреді.

7-сынып №18сабақ



Сабақтың тақырыбы: Комзолды құрастыру және астарлау



    1. Оқу ісінің меңгерушісі
      Сабақтағы жұмысқа қорытынды жасау. бағалау:
      Сабақ тақырыбы: құймақ пісіру технологиясы
      Сабақты қортындылау.
      Сабақтың тақырыбы:химиялық талшықтардан жасалған бейматалар
      Сабақтың тақырыбы:
      Камзолға өрнек таңдау.
      Сабақтың тақырыбы

      Каталог: uploads -> doc -> 0fda
      doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
      doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
      doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
      doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
      doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
      doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
      doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
      0fda -> Сабақтың мақсаты: 1 Білімділік: Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру
      0fda -> Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Құжаттау бухгалтерлік есептің әдісі
      0fda -> Сабақ тақырыбы: Мен не үйрендім? Мектеп: «Зырян қаласы №2 бастауыш мектебі» кмм күні


      Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет