4-кезең қайтадан қалыптасу. Егер зақымдану дәрежесі жеңіл болса, малдар тез жазылады /1-2 ай/. Орташа түрінде қайтадан қалыптасу 3-4 айға созылады, бірақ зақымданған жердегі тері өліп, орнына қотыр жара пайда болады да, қасынған кезде беті түсіп, асты қан аралас іріңге ауысады. Ал зақымдану дәрежесі жоғары болғанда, күйген жердегі жара баяу жазылып, бірнеше айдан бірнеше жылға созылады. Көбінесе қатерлі ісік ауруына ауысады. Бұл жағдайда жануарды ұстау, күту, тиімсіз болғандықтан қоңы жоғары малдарды етке тапсырған жөн.
Алдын ала болжау β-сәулесінің әсерінен күйген терінің ауданына, зақымдану дарежесіне байланысты. Күйген аудан 5%-тен аспаса, онда жануарды емдеуге болады, ал жалпы күйген жердің ауданы 10%-тен асса, онда жанурды емдеу тиімсіз.
Емдеу. Радиация әсеріне шалдыққан жануарларды емдеу 2 кезеңнен тұрады: l) тері бетіне шөккен радиоактивті заттардан тазалау /щетка, сыпырғыш, шаңсорғыш/. Бұл амалдар жеңіл болғанымен тимділігі шамалы. Ең тиімдісі сапонин, жасыл сабын 0,7% натрийдің гексаметафосфатының судағы ерітіндісімен арнайы тағайындалған жерде жануарлардың арқасынан бастап жуу керек; 2) емдеу үшін алдымен малдың жалпы жағдайын, зақымдану дәрежесін және аурудың кезеңін білу керек. Жануар қатты ауырсынғанда көктамыр, салатамыр қан тамырларында новокаиннан блокада жасау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |