Сабақ №8 Тақырыбы: «Үй Ағаш Адам» методикасы Орындаған: Серік Ф. Тексерген : Рыспаева Д



Дата07.02.2022
өлшемі17,83 Kb.
#91369
түріСабақ
Байланысты:
практика №8
слайд отбасы адистемеси, Презентация Microsoft Office PowerPoint ююю, Презентация Microsoft Office PowerPoint ююю

Практикалық сабақ №8
Тақырыбы: «Үй – Ағаш - Адам» методикасы
Орындаған: Серік Ф.
Тексерген : Рыспаева Д.


Тұлғаны зерттеудегі Дж. Буктың «Үй – Ағаш - Адам» методикасы

Бұл методика үлкендерге, балаларға және де топтық зерттеулерге арналған. Бұл методиканы жүргізудің негізі мынадан тұрады: сыналушы үйдің, ағаштың және адамның суретін салуы керек. Содан кейін құрастырылған жоспар бойынша сұрақтар қойылады.


Р.Бернс «ҮАА» тестін қолданғанда оған ағаш, үй және адамды бір суретте бейнелеуін сұрайды. Үй, ағаш және адам арасындағы әрекеттестік көру метафарасын көрсетеді деп саналады. Егер барлық суретті қимылға келтіретін болсақ, онда біз шын мәнінде өмірімізде не болып жатқанын байқай аламыз.
Талдаудың ерекше тәсілі үйдің, ағаштың және адамның суреті қандай тәртіппен салынуына негізделеді. Егер ағашты бірінші салса, ондай адамға ең негізгісі - өмірлік күш – жігер; ал егер бірінші болып үй салынса, онда бірінші орында – қауіпсіздік, табысқа жету немесе керісінше, бұл түсініктерді елемеу.

«Үй – Ағаш – Адам » тестіндегі белгілер бойынша талдау

Құлағалы тұрған ескі үй – кейде адам мұнымен өзіне деген қарым – қатынасты көрсетеді.


Алыста орналасқан үй – шеттеліп тасталғанның сезімі.
Жақында орналасқан үй – ашықтық, қол жетерлік және жылылық пен қонақжайлық сезімдерін білдіреді.
Үйдің жоспары ( үстінен қарағандағы сызбасы ) – (үйдің орнына) - көңіл қоюды талап ететін дау – дамай.
Әртүрлі қосымша салынғандар (постройки) – агрессивтілік үй иесіне қарсы бағытталған немесе субьект (адам) жасанды және мәдени стандарт деп санайтынға қарсы
Ставни ( терезе қақпағы ) жабық – интерперсональды қарым – қатынасқа бейімделуге (түсуге) субьект дайын.
Есіксіз дауалға әкелетін баспалдақтар – конфликтілі (дау – дамайлы) жағдайдың бейнеленуі, шындықтың дұрыс бағалануына зиян келтіреді. Қарым – қатынасқа түсуді мойындамауы ( өзі оны іштей қалап тұрса да ). 


Көрініс. Субьектінің үстінен қарағандағы көрініс (төменнен жоғары қарау) – субьектінің қайтарып тасталуы, шеттеп тастау және үйінде оған ешкім мән бермеу сезімдері немесе субьект отбасына деген қажеттілікті сезінеді, бірақ оны қол жетерлік емес деп санайды.
Көрініс, сурет алыста салынған – конвенциялық қоғамнан алыстауды қалау. Оқшаулану, шеттелу сезімдері. Қоршаған ортадан шеттенудің анық тенденциясы.Шеттеуді қалау, сурет нені білдіретінін немесе суреттітолығымен мойындамау. Көрініс, «көріністі жоғалту» сезімдер ( тұлға үйдің бір бөлігін дұрыс салады, бірақ келесісінде (басқасында) шатыр мен дауалдың сызықтарын тік қылып салады – тереңдікті бейнелей алмайды) басталып келе жатқан интегралдық қиыншылықтар қиыншылықтар жайлы белгі береді, болашаққа деген қорқынышпен қарау ( егер тік бүйір сызығы оң жағында орналасса), немесе өткенде ұмытуды қалау (сызық сол жағында болса).
Үштүрлі көрініс ( үш өлшемді, субьект кем дегенде бөлек қабырға (дауал) салады, сол жоспарда тіпті ұқсас екеуде жоқ) – қоршаған орта ол жайлы не ойлайтындығы оны көп ойландырады. Барлық байланыстар жайлы білуге ұмтылу, тіпті болмасын болса да, сондай-ақ барлық кескіндер жайлы да.

Суреттің орналасуы. Сурет парақтың (беттің) ортасында орналасқан - егер сурет парақтың ортасына тіптен, жақынырақ орналасса, онда мыныдай болуы мүмкін:
1. субьект күресудің ауырлығын және қойған мақсатынажете алмаушылықты сезіну.
2. субьект қанағаттанарлықты қиялынан іздеуді ұнатады ( ішкі шиеленісушілік). 
3. субьект шетте тұруға ынталы. 
Сурет тура парақтың (беттің) ортасында орналасқан – қорғанышсыздық және қырсықтық. Психикалық теңшілікті сақтау үшін қамқоршылық бақылауды қажет ету.
Сурет беттің ортасынан төмен қарай орналасқан – сурет беттің ортасынан қаншалықты төмен орналасқанына байланысты, былай деп айта аламыз:
1. субьект өзін қауіпті және жайсыз сезінеді және бұл ондағы депрессиялық көңіл-күй тудырады.
2. субьект өзінің шектелген, шынайлықпен шырмалғандығын сезінеді.
Сурет беттің сол жағына қарай орналасқан - өткенге ерекше көңіл аударады. Албырттық (ырықсыздық).
Сурет беттің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан - жаңа ұйымдардан қалуға бейімділік. Өткенге қайта оралуды қалау немесе қиялға шомығу.
Сурет беттің оң жақ бөлігінде орналасқан – субьект рахаттануды интеллектуалдық өрістен (сфера) іздеуге бейім. Бақыланып отырған жүріс – тұрыс.Болашаққа ерекше көңіл аудару.
Сурет беттің сол жағына шығып кеткен - өткенге көңіл қою және болашаққа деген қорқыныш. Бос ашық эмоционалдық қайғыруларға мөлшерден тыс қам істеушілік.
Беттің оң жағына қарай шығып кету - өткеннен құтылу үшін, болашаққа қашып кетуді қалау.Ашық бос қайғырулар алдындағы қорқыныш.Қатал бақылауды сақтауға ұмтылу.
Беттің үстіңгі жағынан шығып кету – рахаттанудың бастауы ретінде ойлау мен қиялды белгілеп алу, бірақ оларды субьект шынайы өмірде сезініп көрмеген.
Өте түзу сызықтар – қырсықтылық.
Ылғида қолданылатын эскизді сызық - жақсы жағынан тиынсанағыштық, туралыққа ұмтылу, жаман жағынан нақты позийияға деген қабілетсіздікті көрсету.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет