Үйымдастыру кезені.
1.Амандасу.
2. Сабақ мақсатын анықтау: Бұл заттарда не ортақ? (оқушылар заттарда ортақ –үшбұрыш екенін айтып, бүгінгі сабақта әнгіме үшбұрыш жайлы болып, оның бұрыштарының қосындысын зерттейтін болғандықтан, сабақтың әр кезені лаборатория тәрізді қарастырылады)
3. Топқа бөлу: (ағашқа төрт түсті және әр түстен доғалы бұрышты, тік бұрышты, сүйір бұрышты үшбұрыштар жабыстырылады) оқушылар түс бойынша бөлінеді.
I. Жан-жақты білім тексеру кезеңі:
1. Параллель түзулердің анықтамасын ата.
2. Түзулердің параллельдік белгілерін ата.
3. Параллель түзуді қиюшымен қиып өткенде пайда болған бұрыштардың қасиеттерін ата.
4. Үшбұрыштың анықтамасын ата.
5. Үшбұрыштың элементтерін анықта.
6. Үшбұрыштардың қандай түрлерін білесіңдер?
7. Сыртқы бұрыштың анықтамасын ата.
8. Сыртқы бұрыштың қасиетін ата.
Эксперименттер лабораториясы.
II.Әр топқа жеке тапсырма:
1 топ – доғал бұрышты салу керек;
2 топ – тік бұрышты салу керек;
3 топ – сүйір бұрышты салу керек.
Салынған бұрыштарыңызды үшбұрышқа толықтырыңыздар.
1.Ол үшін қандай әрекет жасау қажет?
2. Бұрыштары бойынша үшбұрыштарды қалай ажыратады?
3. Тік бұрышы және доғал бұрышы бар үшбұрыш болады ма?
4. Екі доғал бұрышы бар үшбұрыш болады ма?
5. Екі тік бұрышы бар үшбұрыш болады ма?
Жауаптарыңды негіздеп, сызбаларын жаса.
Сүйірбұрышты үшбұрышты анықта
Тікбұрышты үшбұрышты анықта
Теңбүйірлі үшбұрышты анықта
Доғалбұрышты үшбұрышты анықта
Үшбұрыштардың қосындысы неше градусқа тең екенін анықтайық? (бұл сұраққа жауап беру үшін зерттеу лабораториясын ашайық)
|