Сабақ жоспары
Сабақ: Қарапайым немесе жай механизмдер
|
Мектеп: НЗМ ФМН Семей қаласы
|
Мұғалімнің аты-жөні: Байсеитова С.Ш.
|
Сыныбы: 7А-сынып
11.04.2014
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі
|
ОМ: Жай механизмдердің түрлерін білу; күнделікті өмірден мысалдар келтіру;
Оқушыларға жай механизмдердің мысалдарын көрсету: қайшы, таразы, бұранда, сына, балға, балта, блок, жаға-шығыр, көлбеу жазықтық, тістеуік, шеге суырғыш, т.б.
Оқушыларға күштен ұтатынымызды түсіндіру үшін осы механизмдер арасында қандай байланыс бар екендігі туралы пікірталас құру
|
Сабақтың мақсаты
|
Білімдік:Жай механизмдермен алғаш таныстыру, олардың жұмыс істеу принципін түсіндіру, жай механизмдердің табиғат пен техникадағы мысалдарын келтіре алу дағдысын қалыптастыру
Дамытушылық: сөздік қорын дамыту, тіл коммуникативтігін жетілдіру
Тәрбиелік:
Өзінің жұмысына талап қоя білу,танымдық белсенділікті дамытуға күш салу
Ой еңбегі мәдениетін қалыптастыру
Коммуникативтік дағдысын арттыруға жағдай туғызу
ұқыптылық, жауапкершілік, өз бетіндік әдеттерді үйренуіне жағдай туғызу
|
Күтілетін нәтижелер:
|
Оқушылар сабақтың соңында:
жай механизмнің анықтамасын айта алады;
жай механизмдердің түрлерін біледі;
жай механизмдердің мысалдарын келтіре алады:
жай механизмдер арасында қандай байланыс бар екендігі туралы өз пікірлерін айта алады;
жай механизмдердің жұмыс істеу принципін түсіндіре алады
|
Тілдік міндеттер
|
«механизм» … білдіреді,
Жай механизм дегеніміз...; «иіндік» деп ...;
«блок» дегеніміз …; «көлбеу жазықтық» деп...
«жай механизмдерді»...мақсатта қолданады
Жай механизмдер сөздігі
|
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Жай механизм
|
Простой механизм
|
Simple mechanism
|
Дөңгелек
|
Колесо
|
wheel
|
Иіндік
|
Рычаг
|
Lever or Track Control
|
Көлбеу жазықтық
|
Наклонная плоскость
|
Ramp, inclined plane
|
Блок
|
Блок
|
Block, pulley
|
Жаға, шығыр
|
Ворот
|
Winch
|
Сына
|
Клин
|
wedge
|
|
Алдыңғы білім
|
Оқушылар осы тақырыптың алдында мына ұғымдар мен анықтамаларды, физикалық шамаларды, заңдарды меңгерген және дағдылары қалыаптасқан: механикалық энергия, оның түрлері: кинетикалық және потенциалдық энергиялар, механикалық энергияның сақталу заңы; энергиялардың формулалары, анықтамалары, жұмыс, қуат формулалары, анықтамалары, пропорционалдық байланыстары, математикалық амалдар қолдану арқылы негізгі формуланы түрлендіріп, одан ізделінді шаманың формуласын қорытып шығара алады; энергия және оның түрлеріне, механикалық энергияның сақталу заңына әр қиындық деңгейіндегі есептерді шығара алады
|
Жоспар
|
Уақытты жоспарлау
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар
|
Ресурстар
|
Басталуы
0-6 мин
|
Активити: «Кім жылдам?» Презентацияда жазылған физикалық терминдерді әр қатар-әр топ мүшелері тақтаға теріс қарап отырған ойыншыға тез арада әлгі терминнің нені білдіретінін айтып түсіндіруі керек те, ойыншы оны шешсе, топ мүшелеріне ұпай қосылады. Топтың әр мүшесі ойнап болғанша ойын жалғасады. Ойын қорытындысы шығарылады.
Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасын топтарда жұмыс жасау арқылы қайталау: Бір топ кинетикалық, екінші топ жер бетінен биіктегі дененің потенциалдық энергиясы туралы, үшінші топ серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы туралы айтып береді, сонымен қатар, бір-біріне сұрақтар қояды: энергия анықтамасы, оның түрлері, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, серпімді деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы, энергияның айналу және сақталу заңы, формулаларды сұрайды, мысалдар келтіруін сұрайды сол заңның жазылуы, механизмдердің ПӘК. , Үй тапсырмасын қорғау туралы да олар бірін –бірі бағалайды. Үй тапсырмасына дайындықтары қорытындыланады.
|
7 сыныпқа арналған физика оқулығы және есептер жинағы
|
7-35
|
Жаңа сабаққа қажетті көрнекі құралдар: иінді таразы, қайшы, жаңғақ сындыратын құрал, тістеуік, отвертка, бұранда, екі иінді күрек, иіндік, иінағаш, блоктар, сына-клин, таяқ, оған асатын түйіншек жүк, т.б. құралдарды оқушыларға көрсетіп, ол құралдардың қандай қызмет атқаратындығын сұрап барып, жаңа сабақты бастау, сабақтың тақырыбын айту, мақсатымен таныстыру, оқу мақсатын еске түсіру.
Презентацияны ашып қойып, онда қарапайым механизмдердің қолданылу жағдайына бірнеше суреттерді қөрсету, осы суреттерге қарап отырып, Оқушылар сөйлеп болған соң ғана барып, мұғалім негізгі анықтамаларды айта отырып, дәптерлеріне жазғызады, жаңа сабақты түсіндіреді:
Жаңа тақырыпты түсінген-түсінбегендіктері сұралады.
Жаңа сабақты түсінгендіктерін тексеру-тақырыпты бекіту мақсатында оқушылар тағы да топтарда жұмыс жасайды: бағана сабақ басында олар қалай айтып еді, енді сабақтың соңында қалай айта алады, басында айтқандары мен сабақ соңында айтқандарының арасында ұқсастықтар көп болды ма, әлде, айырмашылықтар көп болды ма, сол арасына көңіл аудару, оқушыларды топтарда және өз-өздерін бағалату
|
http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/balancing-beam
http://greennotes.com.sg/physics/forces-5/283/
|
35-40
|
Сынып оқушыларынан ауызша сұрақтар қою арқылы білімдерін пысықтау;
Рефлекция жүргізу:
Мен бүгін жаңа не білдім? немесе бүгін мен не үйрендім?
Мен нені түсіндім? немесе маған өз білімімді нығайту үшін әлі де не істеуім керек?
Сабақтан маған не ұнады? немесе сабақтың соңындағы менің көңіл-күйім
Үйге тапсырма беру: оқулықтағы 55 параграфты - жай механизмдер тақырыбын оқып келу, соңындағы сұрақтарға жауап беру; өз мысалдарын келтіру, өз қолдарымен жай механизм жасау.
|
|
Қосымша ақпарат: «Иіндік» деген құралды алғаш ойлап, жасап шығарған ежелгі грек механигі Архимед екндігі, оның сол құралды қалай қолданғаны туралы тарихтан қысқаша ақпарат беру
|
Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай күрделі тапсырма бересіз?
|
Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ
Құндылықтар
Денсаулық: партада дұрыс отырып, көзді дұрыс қашықтықта орналастыруын қадағалау
Жауапкершілік: өз ісіне, сабаққа дайындығына, жоластарымен жұптасып жұмыс істеу кезінде жауапкершілікке баулу
|
Қабілеті төмен оқушыға күш иінін түсіндіруді беруге болады.
Үй жұмысы: физика және физика құбылыстары туралы жекелеме ақпарат көздері арқылы танысу, сайттар беру
|
Сабақ барысында бақылау және талқылауды үйлестіру, ал сабақ аяқталған кезде бағаға жұмыс орындау қарастырылады.
|
АКТ – оқушылар жоғарыда келтірілген сілтемелер бойынша физика және табиғат туралы жұмыс істей алады, сонымен қатар физикалық құбылыстар мен ұғымдар туралы қажетті мәліметті алып ескертпе жасай алады.
Құндылықтар – оқушылардың физика және физика ұғымдарын қолданып өз ойларымен мысалдар келтіруін дұрыс бағалаған жөн, сонымен қатар, көтермелеген жөн.
|
Ой толғау
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.
|
Сабақ мақсаттары нақты қойылды, оқыту ортасы сабақтың нәтижелі өтуіне септігін тигізді; оқушылар алынған білімдерін пайдалана отырып, бүгінгі жаңа тақырыпты жақсы меңгерді, өте жақсы түсініп алған да оқушылар болды, олар: Тоқтарғазы Аяжан, Нәдірбекова Азиза, Нұрлыбекқызы Сәнім, Ережепбаев Айдын, Болатбеков Қайыржан, Баденова Камилла, т.б.
Мен өз уақытымды ұтымды пайдаландым деп айтуыма болады, себебі, сабаққа жоспарлаған мәселелердің барлығы дерлік (үй тапсырмасын топтарда қорғауға уақыт жетіңкіремеді) қамтылды.
Жоспарыма енгізген өзгеріс мынадай болды: үй тапсырмасын топтарда қорғауға уақыт жетіңкіремеуі себепті, үй тапсырмасын орындауға берілген уақытты өте ұтымды пайдалану мақсатында, жылдам орындалатын тапсырма түрін енгізу керек деп шештім.
|
Қысқаша бағалау:
Қандай екі іс-әрекет жақсырақ болды (сабақ беруді және оқуды қарастыру)?
1: Сабақтың басында білімдерін тексеру, өткен материалдарды еске түсіру мақсатында жоспарлаған активити өз нәтижесін берді, оқушылар сабақты бірден көңілді бастап, еш психологиялық ахуал оларға кері әсерін тигізген жоқ.
2: Алғашқыда сабаққа арналған көрнекі құралдар- жай механизмдерді оқушыларға көрсетіп, олардың не үшін керектігін, оларды қолдану кезінде қандай физикалық құбылыс немесе заңдар орындалатыны туралы пікірталас өткізіп жібергенім.
Қандай екі іс-әрекет сабақты сәтті қылды (сабақ беруді және оқуды қарастыру)?
1: Оқушылардың сабаққа көрнекілік ретінде қолданған жай механизмдерді, оның жұмыс істеу принципін түсіндіріп беруі- олардың тақырыпты жақсы меңгергенінің көрсеткіші
2: Оқушылардың сабаққа және өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасауы
Менің келесі сабағыма көмегі болатындай осы сыныпқа және жеке адамдарға қатысты не үйрендім?
Бұған дейін қабілеті әлі таныла қоймаған, 3-тоқсаннан бастап қана жаңадан келген оқушы Жанғалиев Айбекті жаңа қырынан таныдым, ол оқушының ті л байлығы жақсы, егер сабақты жақсы түсінсе, онда өз ойын дәйектеп, тамаша жеткізетініне куә болдық. Бұдан былай ол оқушыға ерекше көңіл бөлемін деп ойлаймын.
|
Достарыңызбен бөлісу: |