Сабақ атауы «Күйшілер аулына саяхат»



Дата01.04.2017
өлшемі57,95 Kb.
түріСабақ






















Сабақ атауы

«Күйшілер аулына саяхат»

Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы,  Музыка 2- сынып. Алматы «Атамұра»2014

Авторлары: А. Райымбергенов, С. Райыбергенова, Ұ. Байбосынова



Жалпы мақсаты

Күйшілер жайында мағлұмат беру.

Күй тарту әдісінің түрлерімен таныстырып, түсінік беру.



Күтілетін нәтиже

Күйді тыңдап, аспаптардың ерекшелігін білу.

  • Аспаптар ерекшелігін білу. Домбырада ән- күй орындау..

Негізгі идеялар

1. Күйшілердің күйлерін тыңдау арқылы күйлерін ажырата алады..

2.Күйді тыңдау арқылы іске асырады..

Домбыры аспабын тарту арқылы ережені сақтау.


Тапсырмалар

Сурет арқылы түсіну. Аспап дыбысын бейне таспадан тыңдау. Карточкамен жұмыс. «Жұптық жұмыс». Топтық жұмыс


Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

2 минут




І.Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу

б) сабаққа дайындығын аудару

Психологиялық дайындық



Күйшілер еліне ойша саяхат.

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан сонау қазақ даласында өмір сүрген күйшілер еліне саяхат жасаймыз.

Қазақ даласындағы жайлаудың жұмсақ жасыл шөбін басып келе жатқаныңызды елестетіңіз. Қазақ аулындағы әрбір тігілген киіз үйлердің ішінен домбыраның үніне құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан ақ боз киіз үйлерді көріп тұрсыз: ол жақындаған сайын күй әуені күшейе түсуде.Бұл сонау заманда домбыраға тіл бітірген күйшілер күйі екенін түсіндіңіз. Домбырада естілген күй әуені қазақ елінің тарихынан сыр шертеді.Домбыра аспабы әр күйді шыдамдылықпен сіздің құлағыңызға жеткізіп тұр. Жайлап аспапты өзіңізге жақын тартыңыз, аспаппен дос болыңыз. Домбыра аспабы сізге барлық жақсылықты сыйлайды. Себебі: Домбыра аспабы- киелі аспап.Оны осы әдемі оюланған сұлу қалпында ұстаңыз.. Осы күй әуенінің әсем қалпында отыра тұрыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады). Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген әсем әуенді сол әсем қалпында ұстауға тырысыңыз.

в) топқа бөліп орналастыру.

І- топ «Күйші» тобы

ІІ- топ «Күй» тобы

ІІІ- топ «Домбыра» тобы

Ойша саяхат жасау арқылы баланың қиылдағы ойларын анықтау, ойларын ашық айту

Оқушыларды топқа бөлу үшін , аспаптардың,күй,күйшілердің атын атау арқылы

топқа бөлінеді.



7 минут

3 минут


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Киіз үйдің есігі ашылу үшін сұрақтарға жауап беруіміз керек.

Үш топқа конвертке жазылып салынған сұрақтарды беремін.

«Бармақ» арқылы бағалау.

Домбыра үйренейік

«Еркем-ай» әнін жатқа тару.

«Келіншек» күйінің үйренген буындарын жатқа тару.

Өткен тақырып бойынша әр топтағы оқушылар сұрақтарға орындарынан тұрып, жауап береді.

Үйге берілген тапсырма бойынша бірін бірі «бармақ» арқылы бағалайды

5 минут


2 минут

7минут
3 минут



ІІІ Жаңа сабақ

Тақырыбы: «Күйшілер аулына саяхат»( Қайталау сабағы)

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында оқушыларға бейне ролик көрсетемін.

Саяхатқа шығар алдындағы психологиялық дайындық. Көңіл-күйімізді қалыпқа келтіру.

Күй тыңдау.

Алдыңғы сабақта өткен күйшілердің күйлерін тыңдау арқылы күйшіні және күйінің атын табу керек. Егер дұрыс таппасақ қақпа ашылмай, күйшілер аулына бара алмай қаламыз.



Оқушылар бірлесе отырып, аталған ұғымға қатысты ойларын жинақтайды

Тақырыпқа сай өз ойларын жинақтап жазады


Оқушылар өткен сабақ бойынша күйшілердің күйін тыңдау арқылы күйшіні және күйді табады. Музыкадағы тыңдаған әсерлерін айтады.


10 минут

4 минут
2 минут

ІҮ. Білімді жинақтау және жүйелеу

Шығармашылық бөлім.

Халық күйі «Келіншек» күйінің

келесі буындарын үйрену.

Жеке жұмыс

«Келіншек» күйі жайлы жазу.



Ү.Сабақты қорыту

«Суретті дәл тап» ойыны арқылы қорытындылау.

Оқулықпен жұмыс

Рефлексия «Мен әлемге домбыраны танытамын» тақырыбында эссе жазу.


Шығармашылық бөлімде оқушылар «Келіншек» тартады.Күйден алған әсерін,түсінген мазмұнын дәптерге жазады.


Оқушылар сөйлемді толықтырып топта талқылап өзара бағалайды.




Үйге тапсырма

«Күйшілер аулына саяхат» Күйшілер, күй туралы оқу. кеңінен зерттеу Домбырада үйренген шығармаларды жатқа тарту.

Әуез пәнінің мұғалімі Құлысбаева Серіккүл.

Жалағаш ауданы № 201 мектеп-лицей
Каталог: uploads -> doc -> 0092
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0092 -> Сабақ Күні: Cабақтытың тақырыбы
0092 -> Сабақ жоспары Мектептің әдістемелік тақырыбы: Әдістемелік бірлестіктің тақырыбы
0092 -> Урок по казахскому, английскому, русскому языкам. Сабақ тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет