қалыпты карбонаттар түзетiн сiлтiлiктi анықтау
25 мл су сүзiндiсiн пипеткамен алып, 150-200мл-лiк колбаға құяды.
Фенолфталеиннiң екi тамшысын тамызады. Егер сүзiндi қызғылт
/таңқурайлы/ түске боялса, онда құрамында сода /Na2CO3/ болғаны.
Түске боялған 0,01 н ерiтiндiсiне түссiзденгенше күкiрт қышқылы ерiтiндiнi құяды. Барлық карбонат бикарбонатқа айналған кезде қызғалт түс жоғалады да, алынған сүзiндiсi құрамындағы қалыпты карбонаттар сiлтiлiгiнiң мөлшерi титрленген күкiрт қышқылының екi еселенген көлемiне тең болады. Реакция былайша жүредi:
Na2CO3+H2SO4=Na2SO4+2NaHCO3
Талдау нәтижесiн мына формула бойынша анықтайды:
100 г топырақтағы СО3 /мг-экв/
а 0,01100 кг 2
С
Мұндағы: а-25 мл, су сүзiндiсiн титрлеуге жұмсалған күкiрт қышқылын миллиметр;
0,01-күкiрт қышқыл ерiтiндiсiнiң қалыптылығы;
2 – натрийдiң қалыпты карбонатына айналдыру коэффициентi; С- 25 мл су сүзiндiсi көлемi сәйкес топырақ салмағы,г;
Кг - құрғақ топыраққа айналдыратын гигроскопиялық коэффциент.
Миллиэквиваленттердi процентке айналдыру үшiн 0,03-ке көбейту керек.
1. Жалпы сiлтiлiк анықтау
1. қалыпты карбонаттардың құрамын анықтағаннан немесе олардың жоқтығына көз жеткiзгеннен кейiн, жаңағы колбаға метилоранжы индикаторының 0,01 қалыпты күкiрт қышқылымен болмашы қызғылт түске боялғанша титрлейдi, реакция төмендегiше өтедi:
2NaHCO3+H2SO4=Na2SO4+2H2O+2CO3 Ca/HCO3/2+H2SO4=CaSO4+2H2O+2CO2
Титрлеуге жұмсалған күкiрт қышқылының жалпы мөлшерi
/фенолфталеин мен метилоранжы қоспасы/ алынған су сүзiндiсi құрамының жалпы сiлтiлiгiне тең болады.
Тнәтижесi мына формула бойынша есептелiп шығарылады: 100 ш топырақтағы НСО3 мг-экв-тi= / а в /100 0,01 кг
с
мұндағы: а-фенолфталеиндi су сүзiндiсiне қосып титрлеуге жұмсалған
/қалыпты карбонаттар сiлтiлiгiнiң анықтау кезiндегi/ күкiрт қышқылының миллиметрi;
в-метилоранжы қосып, су сүзiндiсiн титрлеуге жұмсалған /жалпы сiлтiлiктi анықтау кезiндегi/ күкiрт миллиметрi;
кг-гигроскопиялық коэффициентi;
0,01-күкiрт қышқыл ерiтiндiсiнiң қалыртылығы; 100-100г топыраққа айналдыру коэффициентi;
С-титрлеу үшiн алынған су сүзiндiсi көлемiне сәйкес топырақ салмағы, г. 0,061-ге көбейте отырып, миллиэквиваленттердi процентке айналдыру
керек.
Достарыңызбен бөлісу: |