Сабақтың ортасы
4 минут
3 минут
10 минут
10 минут
6 мину
6 минут
|
Білім алушы әрекеті: Оқушылар «Атымтай Жомарт» әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, шығармадағы оқиғаларды рет-ретімен «Уақыт тізбегі» әдісі бойынша сызбаға жазады. Тапсырманы орындауда мағынаны ұғынуға арналған оқылым мен жазылым тапсырмасы арқылы орындатамын.
Ойлау дағдысының деңгейі: білу,түсіну
Бағалау критерийі:
Шығарма мазмұнын түсінеді
Тұжырым жасайды.
Тапсырма. «Уақыт тізбегі» әдісі.
«Атымтай Жомарт әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, оқиғаларды рет-ретімен сызбаға орналастырып жазыңыз.
Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын таныстары сұрады дейдi:
– Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.
Жомарт айтты дейдi:
– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.
Дескриптор:
1. Әдеби шығарманың мазмұнын түсінеді.
2. Мәтін мазмұнына анализ жасайды.
3. Шығармадағы оқиғалар тізбегін сызбаға түсіреді.
Кері байланыс: ауызша жүргіземін. Қолданатын сөздер: «Жарайсың!», «Керемет!», «Әлі де ойлан!»
|