Сабақ Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері



бет2/4
Дата24.03.2019
өлшемі74,66 Kb.
#48844
1   2   3   4

7.Сүндет тойының әндері


Ал, құлыншақ, құлыншақ,
Төбесінде тұлымшақ.  
Аналардың қадірін
Ақ тілеумен ұғынсақ:
Құшағына енгізіп,
Ак, торсығын емізіп,
Алпыс екі тамырын
Алғыспенен идірген,  
Жанарынан нұр құйып,  
Мейірімін білдірген.
Ақ бесікке мәпелеп,  
Қоңырауын ілдірген.
„Құлыным" деп өлпештеп,  
Алаңсыз-шат күлдірген.
Тұсауыңды кестіріп,  
Той-тойлатып жүргізген.
Мұсылмандық — ұлы міндет,  
Құтты болсын бұл сүндет!
3.2 Асқа байланысты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптар «Сиқырлы қоржын». Қоржындағы сұрақтарға жауап беру. 10 мин (Екі топқа бөлінген уақыт)

1.Денгене 2.Кеусен 3.Тулақ шашу 4. Шүлен ас. 5. Шек беру 6. Шай құяр 7.Нәзір 8.Шашу 9.Қазан жарыс 10. Қалжа 11.Көген той 12.Ет қайтар 13.Келі түбі 14.Жолаяқ 15.Қой басты. 16.Қымызмұрындық 17.Бүйрек 18.Бастаңғы 19.Ауыз тию 20.Ақсарбас.


1.Денгене-Ертеде 3-4 жігіт бірігіп, дәулетті үйге келіп: «Денгенеге келдік», - дейді. Мұның мәнісі: жас етке бір тою әрі ойын, бәс тігу. Оның шарты мынадай: үй иесі әлгілерге бір семіз қойын сояды. Келген жігіттер оны түк қалдырмай жеп, сорпасына дейін түгел ішіп кетуі керек. Олар жеп тауысса, үй иесі батасын беріп, аттандырады. Егер етті тауыса алмаса, денгенеге келген жігіттер ұтылғаны үшін әрқайсысы бір қойдан беріп кетеді.

2. Кеусен – Диқан қауымды күзгі егінін жинап алғаннан кейін, өзінің жақын адамдарына,туған – туыстарына алған егінінен үлес береді. Мұның аты – кеусен.

3. Тулақ шашу – Қазақ әйелдері жүн сабар алдында: «Ісіміз сәтті болсын» - деп, тулақ шашу жасайды, яғни тамақ дайындап, шай ішетін жақсы салт бар.

4. Шүлен ас – Бұрынғы кезде ауқатты байлар мен белгілі адамдар кедей-кепшіктерді әдейі шақырып, мал сойып,тойғызған. Мұны шүлен ас деп атаған.

5.Шек беру.Құрбан айты алдында мұсылмандар ата-баба,жақын туыстарына арнап мал сойып, қарт адамды шақырып,тамақ беріп,дұға оқытады.Мұны шек беру дейді.

6.Шай құяр. Құдалық дәстүрінде құдаларға бір әйел әдейі шәй құйып беріп,шай құяр кәдесін алады.

7.Нәзір. Үлкен іс бастағанда,үй салғанда тағы басқа игілікті іс алдында адамдар ауылдағы үлкен кісілерді нәзір дәстүрі бойынша әдейі шақырып,ас беріп,батасын алады.

8.Шашу.Қуаныш,той,мереке күндері кұрт,ірімшік,ежігей ,конфет сияқты тағамдардар және тиындардан шашу шашылады.Ол дәмдерді жұрт жинап алып,ырым қылып,балаларына үлестіреді.

9.Қазан жарыс. Әйел толғатып жатқанда оның жақын абысындары қазанға тамақ салады да:«Қара қатын бұрын босана ма,әлде қара қазан бұрын пісе ме?»-деп«жарысады».Бұл –ертеден келе жатқан ырым.

10.Қалжа.Жас босанған әйелге тез көтеріліп кетсін деген ниетпен дәмді,қуатты тағамдар апарады.Қалжа көбінесе жас еттен,дәмді тағамдардан әзірленеді. Қалжа беру-міндет.

11.Көген той.Алғашқы бие байлау,қозы көгендеу сәттерінде мал иелері желі басына барып,желіге,көгенге,төл басына ақ құйып,«Мал басы өссін!»-деп бата тілеп ырым жасайды .Артынан ақ дастарқан жайып шәй ішеді

12.Ет қайтар.Соғымның соңғы етін асу шақыратын ежелгі дәстүр. Қап қағар деп те айтады.

13.Келі түбі. Тарысын түюге көмектескен адамдарға ұй иесі аз да болса сөк береді. Бұл келі түбі деп аталады.

14.Жолаяқ . Келген қонақты жолға шығарып салып тұрып , оларға жол болсын аитып , дәм тұз ұсыну.

15.Қой басты.Киіз текемет басқанда қыз -келіншектер бір үйдің тұсына келіп Үйінді қой басты деп айғалайды. Үйдегілер оған сусын , дәмді тағамдар дайындалады.

16. Қымыз мұрындық – көктемде бие байланып, қымыз ашылғанда ауыл үлкендері қымызмұрындыққа шақырылып, алғашқы қымыздан ауыз тиеі. Үлкендер батасын беріп , риза болып аттанады.

17.Бүйрек.Соғым сойған соң үйдің туыстарының балаларына бүйрек қосылған сыбаға жіберуі. Бұл- сыйластықтың, баланы тәрбиелеудің, көңіл бөлудің бір жолы.

18.Бастаңғы Әке-шешелері жол жүріп кеткенде, көрші жастар келіп, ол үйдің дастарқанына бастаңғы жасатып, тағам дайындатады. Бұл-жолаушылардың басы ауырмасын, сарқымасын деген жақсы ойдан шыққан дәстүр.

19.Ауыз тиюбір үйге дәм үстіне келген адамға дәмнен ауыз тигізу. Бұл – ежелден қалыптасқан салт.

20.Ақсарбас Түрлі қауіп-қатерге ұшырағанда әр қазақ баласы: «Ақсарбас! Ақсарбас!» деп үш рет айқайлап, Алладан: «Жанымды аман қалдыра көр!»-деп, тілек тілейді. Аман қалғандар құдайыға мал шалады. Ақсарбастың үш түрі бар: егер көкқасқа десе – жылқы, қызылқасқа десе – сиыр, бозқасқа десе – қой сояды.

4.Қазақтың тиым сөздерінен жарыс.4-мин ( Кім тапқыр?) (Екі топқа бөлінген уақыт)

Тыйым – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл балаларды жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл, әдепсіз істерден сақтандыруда маңызды қызмет атқарады. «Бүйірін таяну – қайғының, жағын таяну – мұң-шердің жүрісінен отыру – әдепсіздіктің белгісі» деп танып, оған тыйым салған. Демек, тыйым – халықтық педагогиканың құрамдас бөлігі. Тыйым үлгілері мен сөздері ел ішінде өте көп.

Ұлы Дала Елі тобы

1.Адамға қару, мылтық кезенбе.

2.Ант ішпе, әбес сөйлеме.

3.Аманатқа қиянат жасама.

4.Әдепсіз болма.

5.Әлсізге күш көрсетпе, зәбірлеме.

6.Басыңды шайқама, соқпа.

7.Босағаны керме.

8.Бос бесікті тербетпе.

9.Бөркіңді теріс киме.

10.Біреуге жамандық тілеме..

11.Біреуді қарғама, сөкпе, тілдеме .

12.Дұшпанға сенбе, жалынба.

13.Дүниеге қор болма.

14.Дәстүрге қарсы келме.

15.Дастарханды аттама, баспа.

16.Жақсылығыңды сатпа, бұлдама.

17.Жерді теппе,сабама.

18.Отқа түкірме, су төкпе.

19.Орынсыз іске араласпа.

20.Өтірік, өсек айтпа.

. 21.Өтірік күлме, жылама.

22.Өр көкірек болма.

23.Тұзды баспа.

24.Түнде ысқырма.

25.Тіліңді шайнама,бұрма.



Мәңгілік Ел тобы

1.Тісіңді қайрама

. 2.Тізеңді құшақтама.

3.Теріс сөйлеме.

4.Иесіз үйге кірме.

5.Итке ожаумен ас құйма.

6.Кешкі асты бақпа.

7.Көп ұйықтама.

8.Қызға қол жұмсама.

9.Құдыққа түкірме.

10.Қонаққа қатты сөз айтпа.

11.Наланмен дос болма.

12.Нанды жерге тастама.

13.Нан үстіне зат қойма

14.Намазды бұзба.

15.Нас, лас болма.

16.Үлкеннен бұрын тамаққа қол салма.

17.Үлкенге қатты сөйлеме.

18.Үлкенді мазалама.

19.Ұрысқаққа тіл қатпа.

20.Ұрлық қылма, ұсақ болма.

21.Шақырмаған жерге барма.

22.Ішімдікке бой ұрма.

23.Халыққа қарсы сөйлеме.

24.Рұқсатсыз кірме.

. 25.Рухыңды түсірме.

23.Саусағыңды беземе.

24.Саусағыңды аузыңа салма.

25.Таңдайыңды қақпа.  

1. Бәжі басу

Бұл – қылмыскердің ар-ұятына басылған өлмес,өшпес таңба.мұны бәжі басылған дейді.



2.Алық

Ерте кезден-ақ елдер арасында қақтығыс,жауласу,соғыс болып тұрған.Мұндай шайқастарда, әрине, бірі жеңеді, бірі жеңіледі. Осыдан кейін екі ел бір тоқтамға ,бітімге келеді. Бұл жәй бітісу, келісу емес, жеңген жақтың өктемдігі , жеңілген жақтың кол куысырып , тізе бүгуі ,ұрыс зардабы,одан келген шығын , шеккен жапа.Осылардың бәрі ескеріліп,есептелед. Міне, осыдан кейін екі елдің сөз ұстар адамдары шешімге келеді. Осында алық мәселесі қаралады.алық- шығын мөлшерінің жеңілген жақтан алынатын құны.Алық мал, мүлікпен есептеледі.Жеңілген жақ мұны төлеуге міндетті.

Халықта алым деген де бар.Дәстүр бойынша ол-қыз ұзатарда құдалардан алынатын кәде.Демек, алық пен алым екі түрлі мағынада қолданылады.

3.Билік ақы

Қай заманда болса да ел ішінде ел ішінде жер дауы, жесір дауы, мал дауы сияқты дау-жанжал болмай тұрмаған. Оның шешуі мен түйінін ел ақсақаладры мен билер шешіп отырған.Олар сот, прокурор, адвокаттар сияқты тәртіп заңдарын қарап, қадағалап, талқылап,шешім шығарған.Билер Тәуке ханның «жеті жарғысын» басшылыққа алған. Мұндай шешеімдерден кейін табысының (мал,зат,ақша т.б)оннан бірін билек ақысы үшін биге берген. Билік ақысы-ел ішінде қалыптасқан қағида әрі заң.



4.Дәм татыру

Қазақатар асты дәм деп атайды. Халық арасында біреуді еске алғанда: «Дәмдес болып едік. Үйінен дәм татып едік»,-деп, ренжігенде, өкпелегенде: «Дәм-тұзым атсын!Дәм-тұзыма салдым»,-деп айтқан сөздерінің ұлт ұғымында өзендік орны бар.Өйткені әр қазақ өздерінің жақындары мен туыс-жекжаттарына ғана емес, ел сыйлаған құрметті азаматтарына ,қадірлі ақсақалдарына ,аналарына өз үйінен дәм татырудан үлкен мұрат, парыз деп санаған. Ол жолдан күні бүгінге дейін танған жоқ.тек таныстар емес , үйге келген кез-келген жолаушы , бейтаныс кісіге де дәм татырмай жібермеген.



5)Қазақтың әдет-ғұрпында жол-жоралғы деген ұғым бар.Бұл-әр адамның еңбегіне, ата-тегіне,туыстық қатынастарына сай жасалатың алыс-беріс,сый-сияпат ретінде берілетін тарту-таралғы.Мұның әр түрлі жолдармен жасалатын реті болады.Алғаш рет келген құрметті қонаққа, батырға,ақынға,ел ағаларына,құда-құдағиға көрсетілетін жол бар.Олардың жанындағылар да елеусіз қалмайды. Мұндай тарту таралғыға ат-шапан,кісе белбеу,ер-тұрман,қару-жарақ,қалың кілем,құндыз бөрік,домбыра,күміс қамшы жатады.Жол, жөн- жосық,кезек беру арқылы да көрсетіледі,бата беру,бас ұстау,жоғары отыру. Бесікке салуда жол құдағиға немесе басқа рудың әйелдеріне беріледі.Жас ақын аға ақынға, жас палуан бас палуанға, жігіт қызға ,жігіт қызға жолын береді,өйткені «қызжіңішке»деген бар. Жастар қарияларға жол береді.Ерсі,әдепке жатпайтын жайларды қазақ«жолсыз іс»дейді.Қазақ баласы қай жерде де,қай істе де жолсыз,жаралғысыз аяқ баспайды.Ел ішінде күн сайын кесдесетін жол дауы,жол алу,жолын беру,жоралғы жасау,жөн-жосық, алдымен осы жолдан басталады.«Орамал тон болмаса да,жол болады»-дегенде,атам қазақ,«Үлкен-кіші болса да,сыйлай біл,арзан-қымбат болса да,жолы мен жөнін көрсете біл,арзан-қымбат болса да,жолы жолы мен жөнін көрсете біл»,-деп ескерткен.«Е,құдайым,тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндірме,аттан құласам да,жолымнан құлатпа!»-деп тілеген ел жолдан жығылуды ар санаған,сол жолдан таймаған.

Қазақ жолдан жығылуды өліммен тең санаған. «жаңа отауға тарту деп қазақ жоралғысымен бір-бір соғымды ақ сазандай тулатып әкеп байлаған». Тұрмыстағы салт-дәстүр,өмірдегі әдет-ғұрыптың бәрі осы жол-жоралғы арқылы жасалады ,жөнін табады. Жолды ұстай білу-биік адамгершіліктің ұлттық парасатымыздың берік тұғыры.



6.Сөзге тоқтау-Қазақта «аталы сөзге арсыз да тоқтайды» деген мақал бар. «бас кеспек бар болса да, тіл кеспек жоқ»,- дейтін қазақ халқы қай заманда да жүйелі сөзге тоқтаған. Сөз асылын, орынды сөзді аталы сөз деп, жоғары бағалаған . Бір ауыз сөзбен елдің құнын кешірген. Әр қазақ айта да, тыңдай да , оған тоқтай да алады.олар: « Тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндірме»,- деп тілеген.

Кіші жүз атақты Баймағамбет сұлтан өзі өлім жазасына кесілген Шернияз ақынды шешендігі мен тектілігі үшін кешірім жасап , алдына мал салып берген.



7.Келін қолынан шай ішіп

Келін түсіргеннен кейін тойға келгендер тарқап,үй иелері оңаша қалған кезде жақындар келінің қолынаң шай ішуге жиналады . Келгендерге келін қолынан әзірленген дастархан жайылып,келін шай құяды.Бұл дәстүрдің екі мағынасы бар.Біріншіден келіннің үй шарусына,дастарқан берекесіне ыңғайын байқау.Жас келін мұндайда кесені сылдырлатпай,баппен шай құя отырып,өзін танытады,шеберлігін,ыңғайын байқатады.Екіншіден келін қолынан ене шалқып ,ата шалқайып отырып қызыл күрең шай ішу- бір үлкен жетістік қуаныш.Біздің бала ержетіп,келін түсірді,ата -ене атандық,қолымыз ұзарды,-деп мақтанады өзгелер алдында бедел,мәртебеге ие болады.



8. Кереге керу

Бұл тәртіптік, құқықтық жазаның бұрынғы заманда көп қолданылған түрі. Қазір бұл жаза қолданылмайды. Керегеге керу немесе керегеге таңылу- өлім мен тең ауыр жаза. Ұрлық, зина жасайтындар немесе елдің шырқын бұзған сотқарлар билер, ақсақалдар шешімі бойынша іздеушілері мен туыс- туғандары келгенше киіз үйдің керегесіне аяқ қолынан керіліп байланады. Мұндайларға бірнеше күнге дейін су да, тамақ та берілмейді. Мұндайлардың ұяты өзіне ғана емес, бүкіл ел- жұртына, руына, туған- туысқандарына да кір келтіреді. Сондықтан олар да сондай адамдардың бетіне түкіреді, елден де қуады. Кейде мұндай тәртіпсіздерді жерге төрт қазық қағып, аяқ қолынан керіп байлап тастайды. Мұндай жазаны «қазыққа керу» дейді.



9.Көгенге түсу

Барымташыларды немесе қолға түскен ұрыларды қорлаудың, ауыр жаза тартып масқаралаудың бір түрі- екі қолын артына қайырып байлап, оларды кәдімгі қой көгендегендей етіп көгендеп ұстау. Ерте кездерде бұл ел арасында жиі қолданылған. Жоғарыда айтылғандай, көгенге түскендер қара таңба басылғандай күлкіге ұшырап, ар- ұятынан айырылған құрмет көрсетілмейді. Өле- өлгенше көгенге түскен аты ұмытылмайды, кісі бетіне қарай алмай, төменшіктеп жүреді.



10.Қайындап бару

Қыздың төркіндеп, оның күйеуі қайындап, жиен нағашылап барады. Қыз төркіндеп бара алмаса, өз жамандығы, жолынан жығылғаны деп біледі халық. Мұндайда жол-жоралғыдан сүрінетін ел- жұрт болмайды, оларды хандай көтеріп алады. Сонымен «жігіттігі» ұстап, маңыздана басып, маңғаз қарап, жарын ертіп, елге күйеу қайындап келе жатыр. Күні бұрын құлақтанған қайын жұрт оларды әдеппен, қуанышпен, құрметпен қарсы алады. Күйеуді де келін түсіргендей етіп әзіл-қалжыңмен күтеді, балдыздар оның құлағына жармасып жатады. Елге күйеудің осындай дәстүрмен келуі – ауыл адамдары үшін бір мереке. Балалар қуанып, үлкендер шаттанып, үлкен мәжіліс құрылады, кең дастарқан жайылып, сапырылған сары қымыз, табақ-табақ ет қойылады, шашу шашылып, көңілді күлкі, сауық-сайран қайындап келген күйеудің ажар-беделін одан әрі көтере түседі. Төл сыбағасын- төсі мен асықты жілігін жеген күйеу де риза, оның жанындағы сол елдің қызы да риза. Бұл дәстүр- күйеуді де, оның қайын жұртын да сынайтын үлкен жол.



1. Нағашылап бару

Халық ішінде « Балалығың ұстаса-нағашыңа бар, жігіттігің ұстас –қайныңа бар» деген қағида бар. Әдеттігідей барыс-келіс емес, ата жолында мұның өз жөн-жосығы бар. «Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан» дегендей, бұл жолы ерекше салтанатпен жиен жолдас-жораларын ертіп барады. Нағашылары оған құрмет көрсетеді. Мал сойып, төрге шығарып, сауық құрады.Жиен барынша еркелеп, еркін сөйлеп, арасында нағашыларының кемшіліктері болса, сынай отырып әзілдеседі. Шағашылары жиендеріне жиенқұрығын (« қырық серкеш») беріп, барынша риза етіп аттандырады. Нағашы елінде 4-5 күн қыдырып, аунап-қунаған жиен кетер алдында ризашылығын білдіріп аттанады.



2. Төркіндеп бару

Мұның негізі төркін деген сөзден шыққан. Ұзатылған қыздың төркін жұртына ресми түрде баруы төркіндеу деп аталады. Мұндай жағдайда қыздың барлық туған-туыстары оны қонаққа шақырып , құрмет көрсетіп,қалаған затын беріп , риза етіп аттандыруы тиіс. Төркіндеу-әр қыздың парызы. Төркіндеудің маңызы зор және ол-әйелдерге ғана тән ғұрып. Осы жерде қыздың төркіндеудің тағы бір ел-жұрт алдында-да, дін алдында да ерекше маңызы бар қағидалы жол екенін айта кеткен жөн . Өмір бар жерде өлім де болады. Мысалы, қазақ әйелі мейлі ол жас , мейлі жасамыс болсын , көз жұмып , намазы шығарылар алдында молда: «Бұл әйел төркіндеді ме?»-деп сұрайды. Бұған марқұмның төркіндері,яғни әке-шешесі , туған-туыстары , қайын жұрты жауап беруге тиіс. Егер әр түрлі себептермен төркіндей алмаса, оның жаназаға қатысып отырған етжақын туыстары сол жерде марқұм болған әйелдің төркіндеу рәсімін жасауы керек.



Ол былай жасалу керек: аталған туған-туыстары: «Осы апамыз не сіңіліміз не қызымыз (қайтыс болған әйелдің руы , әке-шешесінің , өзінің аты-жөні айтылады) төркіндеп келгенде бергеніміз»-деп , ақша тастайды немесе мал атайды. Оны молдалар растап,дұға оқиды. Сөйтіп, марқұм төркіндеген және өз парызын өтеген болып саналады. Бұлай болмаған жағдайда марқұмға ауыр , арттағы туыс-туғандарына парыз болып қалады. Бұл жол-жоралғы-таза қазақ үлгі-өнегесі , тәртібі, ата-бабаларымыз салып кеткен жөн-жосық.
3.Қоныс қону - Қазақта «Иесі қаласа, қоңсы өкпелемейді» деген мақал бар. Қоңсы болудың немесе қоңсы қонудың да реті мен жөн-жобасы, өзіндік жолы бар. Қоңсы деген- бұрынғы кездерде бір ауқатты ауылға іргелес, аралас болып, оған арқа сүйей отырып, сол елдің байының шаруасын істеп, малын бағып, сауынан алып, атын мініп, тағы басқа қызметтері арқылы күн көріп, отбасын асырайтын адамм деген сөз, Бұлар аталас та , туыс-жекжат та, бөтен елден келген кірмелер де болуы мүмкін.

4.Қол ұстатар- Әдетте қыз айттырылып,қалың мал төленген соң, жігіт қалыңдық ауылына ұрын келеді. Міне, осы жолы жігіт пен қыз бірін бірі алғаш рет табыстыру үшін көрімдік, қыз кәде, шаш сипатар , мойын тастар, арқа жатар деген салт-дәстүрлерді жасап кәде қылады. Мұнда жеңге бір-біріне не дерін білмей отырған екеуінің қолын ұстастырады да, өзі шығып кетеді. Бұл- екі жасты жақындатудың халықтық бір амалы.

5.Мығау жазасы- Мұндай жаза опасыздарға, сатқындарға қолданылған. Жазаға ұшыраған адамның аяқ-қолын байлап, ағашқа ( керегеге) таңған, ал соғыс кезінде найза астына кірген. Сонан соң барлық жиылған жұрт оның бетіне түкіріп, лағнет айтып, қарғыс жаудырған. Қарттар теріс батасын беріп, ел-жұрт оны адам қатарына қоспай, қаңғыртып жіберген. Мұндайларда отбасы болмаған. Көбінесе олар жасырынып, шын аты-жөнін, тегін айта алмаған. Әдетте жазаға ұщыраған қарабет көз көрмейтін,құлақ естімейтін жерлерге кетіп, оны туған-туысқандары да іздемеген. «Қыз Жібек» жырында Төлегенді өлтіріп келген Бекежанға үш найзаның сабымен мығау жазасын қолданған.

6.Жөн-жосық мыңдаған жылдар бойы халқымыз қазақтық қалпына сақтай отырып,өмір тәжірибесінде салт пен сананың,әр істің реті мен әдебін,жөні мен жолын жасап қалдырған.Осыдан ұлттық салт дәстүр,әдет-ғұрып,ырымдар,ұғымдар тыйымдар қалыптасқан. Бәрінің басын құрайтын әдептер жиынтығы –ұлтымыздың жөн-жосығы туындаған. Ұлттық мінез бен сана-сезім -,діни сенім,рухани қазына мен қағидалар байлығы,үлгі-өнеге,тәлім-тәрбие ережесіне негіз бола отырып ,жыл сайын дами түскен. жолы.Осындай тағылымдылық өлмес өнеге жолдары жөн-жосықтар халқымыздың бірлік,ерлік,отансүйгіштік,мәрттік,жомарттық,намысқойлық,шеберлік қасиеттерін ұрпақтар бойына сіңіріп,сол жолда қызмет етуге үйретті.Қандай ауыр жылдар,кезеңдер болса халқымыздың қанына сіңіп,зердесіне ұйып,таза қазақылық,қалыпқа,адамдық асыл қасиеттерге жетелеген де , жеткізгенде осы жөн- жосығымыз .

Жосық-әділет ,шындық,адалдық ережесі.

7.Өртпен тазалау- Халықта пәле шыққан, қырсық шалған, мысалы , оба, тырысқақ, сүзек тағы басқа жұқпалы аурулар пайда болған,топалаң сияқты мал індеті жайлаған жерлерді әдейі өртеп жіберетін ырым бар.Сосын мұндай қонысқа жыл бойы жақындамай,басқа жаққа көшіп кетеді.Сонымен бірге бүкіл елге зияны,зәбірі қатты батқан қарақшы,жауыз,қанішерлердің де үй-күйін, дүние мүлкін өртеп жіберетін қазақтың ескі заңы тағы бар.Мысалы ХIХ ғасырда бүкіл Қостанай елін қан қақсатқан Қожық қарақшыны қалың ел ұстатып, өзін итжеккенге айдатып үй-күйін жайлауын түгел өртетіп жіберген.

Қазақта қайырсыз дүние, киім,мүлік,үйді де өртеп жіберетін ғұрып бар.Мұны ел пәле-жаладан,ауыртпалықтан,ауру-сырқаудан



8.Шошай тәртібі - Өткен ғасырларда қазақ халқы Отанын , дінін сатқандарға, Құдайға, аруаққа тіл тигізгендерге , аса ауыр қылмыс жасағандарға өте қатаң тәртіптік заң қолданған.

Оның аты-шошай . Ел ағалары, дін басылыры мұндай адамдарды шақырып алып , істің анық-қанығын толық анықтайды. Егер қылмысы анықталған болса оны ел алдында айып салып , елден қуады немесе шошай етеді. Шошай ету деген – қылмыскердің үйін ауылдын бес-алты жүз қадам бөлек тігу ол үйдің адамын да, малын да ауылымен араластырмайды. Сөйтіп, ел заңында материалдық қана емес, рухани жағынан да жазалау болғанын байқаймыз. Мұндай жағдайға ұшыраған үйді шошай үй, адамын шошай қазақ деп атайды. Оларға құрмет жасалмайды, олар қонаққа, тойға, мәжіліске щақырылмайды.



9.Төрелік – Өмір болған соң ауыл арасында, ел, үй ішінде дау-жанжал, түсініспеушілік болмай тұрмайды. Мұндай жағдайда аузы дуалы, қазақ заңын, істің жөн-жобасын білетін әділетті билер шиеленіскен істі шешіп, төрелігін айтып, дауды бітіреді. Төре, яғни билік айтушы, болған істі екі жақтың да даугерлерін қатыстыра отырып қарайды. Екі жақты да мұқият тыңдап, куәларды да қатыстырады, сөйтіп, ақ-қараны шешіп, төрелігін беріп, билігін айтады. Төрелік – дәстүрлі заң, қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан, билік жолымен бекітілген құқықтық тәртіп. Іс әділ шешілсе, оған әркім тоқтайды, ризалық білдіреді.

Қазақ заңында дау-жанжалды ел ішінен шыққан билер мен қазылар шешеді. Қазақ қауымында бидің орны мүлде бөлек. Би – өзі сот, өзі прокурор, өзі тергеуші әрі ақтаушы. Төле бидің: «Елге бай құт емес, би құт», - деуі, халықтың: «Әділ бидің елін дау араламайды», - дегені осыдан шыққан.



10.Өкіл күйеу- Бұрынғы қазақшылық кезінде бірі жасы үлкен, бірі жас екі ер адам тым жақын досық әрі сыйластық қарым-қатынаста болады. Бірімен-бірі туыстай араласып, бірінің жоғын бірі түгендеп, жан аямас достық қалыпта болған. Мұндай кісілер бірін-бірі өклі күйеу деп атайды. Бірақ бұлар кәдімгі күйеу емес , атаулы ғана солай болғанмен, достықтан да, туыстықтан да жақын көңілде болады. Мұны екі ұлт өкілі немесе құрбы адамдар арасындағы тамырлық қатынаспен шатыстыруға болмайды. Бұлардың айырмашылығы адамдардың жас ерекшелігімен ажыратылады. Қазақта қайырсыз дүние, киім,мүлік,үйді де өртеп жіберетін ғұрып бар.Мұны ел пәле-жаладан,ауыртпалықтан,ауру-сырқаудан құтылу үшін істеген.Ел ішінде «Өрттің арты болады» деген сенім бар.

5.Фильм арқылы салт-дәстүрлерді жасыру Енді назарымызды теледидарға аударайық фильмнен үзінді көрсетемін

1.«Қыз Жібек» фильмі 1971 жылы «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген.Авторы Сұлтан Ахмед Ходжиков.Рөлдерді Асанәлі Әшімов,Әнуар Молдабеков,Фарида Шәріпова,Меруерт Өтекешова,Құман Тастанбеков сынды атақты өнер қайраткерлеріміз ойнаған.

Жаңа өздерін тамашалаған үзіндіден сендер қандай әдет-ғұрып, салт-дәстүрді байқадыңдар.(бата-беру,шашу-шашу, отқа май құю дәстүрлері сондай-ақ жерді, отты ақ төсекті киелі санап ,ерекше қастерленген)

2Қыз Жібек» фильмінен Төлегенді өлтіріп келген Бекежанға үш найзаның сабымен мығау жазасын қолданған.



3. Фильм Ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойына арнап түсірілген.Сценарийін жазған Мырзатай Жолдасбеков.  Күйеу баланың қалындығымен кездесуіне мүмкіндік туғызу үшін ұрын баруы.Бата алуы.

4. «Гауһартас» фильмі 1975 жылы жарыққа шықты. Бүкілодақтық тұсау кесері 1977 жылдың маусым айында Мәскеу қаласында өтті. «Гауһартас» киносы танымалдылығы жағынан күллі Кеңес Одағы бойынша «Қыз Жібек» фильмінен кейінгі екінші орында болды. Жазушы-драматург Дулат Исабеков сценарийі . Ат тергеу. Жеңгесі қайнысына қойған аты « еркежан».

Сайыс сабақты бекіту,біліктілік пен дағдыны қалыптастыру

Қазақ Ұлттық ойындары : Кім жылдам? Ойынның мақсаты: Буын үндестігін, буын түрлерін есте сақтап, пысықтау. Балалардың өз шығармашылық қабілеттерін осы ойындардың қорытындысы арқылы салыстырып отыруына көзделеді. Бұл ойын да өзге ойындар сияқты балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, сөздік қорларын байытады.



Викториналық сұрақтар:
1.Нағашылап бару

2.Төркіндеп бару.

3.Қонысы қону.

4.Қол ұстатар

5.Мығау жазасы

6. Жөн жосық

7.Өртпен тазалау

8.Шошай тәртібі

9.Төрелік

10.Өкіл күйеу

1.Бәжі басу

2. Алық


3.Билік ақы

4.Дәм татыру

5.Жол жоралғы

6. .Сөзге тоқтау

7.Келін қолынан шай ішу

8.Кереге керу

9.Көгенге түсу.

10.Қайындап бару«Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру»

«Орамал тон болмаса да,жол болады

«Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді?»

«Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан»

«Елге бай құт емес, би құт»

«Әділ бидің елін дау араламайды»


Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет