Ашық сабақ
Қазақ тілі :1 сынып
Тақырыбы: Бассейнде
Білімділік:Оқушыларға сабақ аясында шағын мәтіндер негізінде жаңа сапалық атауларды меңгерту;
Дамытушылық:Қазақша сөйлем құрау арқылы әдеби тілде дұрыс сөйлеуге сөз әдебіне машықтандыру;
Тәрбиелік:Қарапайым коммуникативті сөйлемдер арқылы әдепті сөйлеуге тәрбиелеу.
Сілтеме:Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы,жазу дәптері.
Негізгі түсініктер:бассейн,су,жылы,суық,балалар.
Сабақта колданылатын материалдар:Интерактивті тақта,слайдтар,суреттер,А4парағы,кесте.
Оқыту әдістері:Түсіндіру,сұрақ-жауап, «Ыстық алақан» тренингі,кластер,смайликтер,сергіту жаттығуы.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1.Амандасу.
2.Психологиялық ахуал туғызу. «Ыстық алақан» тренингін өткізу.
Үй тапсырмасы:Үй тапсырмасын тексеру,қателіктерін анықтау,түзету.
Қызығушылықты ояту.Жаңа тақырыпқа шығу.Слайд арқылы суреттер топтамасын көрсету(жүзу киімдері,тақтайша,доп,
үрленген шеңбер,сүлгі.)
Жаңа тақырып «Мен бассейнге барамын.»
1.Оқушыларды тілдесімге баулу мақсатында сөздік жұмысы арқылы жұмысты жандандыру:
Су-вода қыз бала-девочка
Жылы-теплый ұл бала-мальчик
Суық-холодный бармаймын-не пойду
Барамын-пойду
(Олардың дұрыс айтылуын қадағалау,қайталату)
2.Оқылым.Оқулықтан 4 сөйлемді оқу (топпен жұмыс)
3.Тыңдалым.Жаңа сөздерді тыңдату,қайталату
4.Ойтолғаныс.Оқушыларға « су» сөзіне кластер құрғызу.
5.Сергіту сәті.
Бала,бала балақан,
Кәне қайсы алақан
Саусақтарын әйбат,
Былай былай ойнат,
Топ-топ басайық
Жалаудан күн жасайық,
Жаса,жаса алтын күн,
Жаса,жаса жарқын күн!
6.Жазылым Интерактивті тақтамен жұмыс.
Қажетті сөзді қойып,жаз:
Мектепте..............бар.
Бассейн...........
Суы...........
Біз бассейнге .......... (бассейн,жылы,таза,барамыз,үлкен,жүзуді)
Суда ........... үйренеміз.
7.Тілдесім. Диалог бойынша бір-бірімен сөйлесу.
-Сәлем,Әмина!
-Сәлем,асқар!
-Сен бассейнге барасың ба?
-Мен бассейнге барамын.
-Бассейннің суы қандай?
-Бассейннің суы жылы,
-Сен жүзе аласың ба?
-Иә,мен жүзе аламын.
8.Бекіту
9.Бағалау.Формативті бағалау. «Баспалдақ» үлгісі бойынша өзін бағалайды.
10.Үйге тапсырма:Окулықтағы 3-тап-ны орындау.
11.Рефлексия.Оқушылар сабақтан алған әсерін үш түсті жапырақ арқылы көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |