Сабақ Қазақ тілі 4-сынып "Синтаксис әлеміне саяхат" Пән мұғалімі: Бекжанова Эльвира Төреханқызы 2016 жыл Жылыой ауданы
Дата 24.04.2017 өлшемі 11,84 Kb. #14866 түрі Сабақ
Ашық сабақ Қазақ тілі 4-сынып “Синтаксис әлеміне саяхат” Жылыой ауданы №3 жалпы орта білім беретін мектеп Ақ пейілді тілекпен, Мейірімді жүрекпен, Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық. Жақсы көңіл күймен басталған әрбір істің жақсы нәтижеге жетері сөзсіз. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл Ел ертеңі – білімді ұрпақ Еліміздің Тәуелсіздігінің тұғырының берік болуы – білімді ұрпақтың қолында Армысыздар, балалар, Дайынбыз ба сабаққа? Қазақ тілі – айбыным, Сай келейік талапқа Бар ма үйден дайындық, Тапсырмамыз дұрыс па? Оқымасақ, уайым қып, Тығылмайық қуысқа. Ойымызды айтайық Білімімізді байқайық. Сұрақ менен, жауап сенен • Мәтін дегеніміз не? • Мәтін неден құралады? • Қандай сөйлемдер мәтін құрайды? • Мәтіннің атауын не деп атаймыз, ол неге сүйеніп құрылады? • Мәтін неше бөліктен тұрады, ол бөліктер қалай аталады ? • Мәтіндегі ой бөліктері қалай жазылады? • Мәтіннің неше түрі бар, қалай аталады? • Әңгімелеу мәтіні дегеніміз не, қандай сұрақтарға жауап береді? • Сипаттау мәтіні дегеніміз не, қандай сұрақтарға жауап береді? • Пайымдау мәтіні дегеніміз не, қандай сұрақтарға жауап береді? Ертеде біз білмейтін бір үлкен елде СӨЗДЕР өмір сүріпті. Сөздердің бір тобы бір-бірімен тіркесе байланысып, жеке отау тігіпті. Ол отау СИНТАКСИС елі деп аталыпты. Бұл сөздер бір-бірінен бөлек тұрса да, бір-біріне бағынып, бірін-бірі толықтырып, пысықтап тұрыпты. Ең бірінші тұрған сөз бәріне бас болыпты. Ал ең соңғы сөз өзінен кейін ешкімді жібермей , ойды тиянақтап тұрыпты. Синтаксис термині қайдан шықты? Синтаксис – гректің “құрау”, “біріктіру”, “рет” деген мағынаны білдіретін сөз 1.Марат іні алма жина. 2.Сәуле анасы үнемі көмектес. 3.Біз биыл төртінші сынып оқы. Сөйлем құрамы- Сөйлем мүшелері Сөйлем мүшелерін зерттейді Сөйлем және оның түрлерін зерттейді 1-топ: қонды Гүлге әдемі көбелек. Кітапхана орналасқан дәлізінде мектептің. 2-топ: Қарлығаш жасады ұя балапандарына. қаптады бұлт Аспанды қалың 3-топ: Елордасы - Еліміздің қаласы Астана күннен-күнге келеді көркейіп Ауылымыз Өз орнымен орналастырып, тұрлаулы мүшелерінің астын сыз 1-топ Оқушылар Жамбыл мұражайына барды. Көкек жұмыртқасын кез-келген торғайдың ұясына тастап кетеді. 2-топ Атасы Бекзатпен ұзақ әңгімелесті. Шекараны шекарашылар күзетеді 3-топ Әсия терезені таза шүберекпен сүртті. Айжан кітапты көп оқиды. 1) Тұрлаулы мүшелерін табу 2) Сөз тіркестерін шығару Cинтаксисті жетік білудің маңызы қандай? Айтылмақ ойды дұрыс құрастыру Өз ойыңды екінші біреуге дұрыс жеткізу Сөздің мәнерін келтіріп, дұрыс сөйлеу Ойыңды әсерлі етіп жеткізу “Ана тілі тек асыл мұратпен , таза ар –намыспен кіруге болатын зәулім сарай” деген ұлылар сөзі бар. Бізді рухани асқарға жетелейтін асыл мұра – ана тіліміз. Өз ана тілімізді,салт – дәстүрімізді, рухани байлықтарымызды бағалай білейік! Мол бақыт күтем, Жас ұрпақ, сенен жасырман. Басқаны қайдам? Ұлылық күтем өз басым Басталған мынау Бәйтерек жаңа ғасырдан ! 1.“ Менің елім” тақырыбында шағын ой толғау жазып келу. Достарыңызбен бөлісу: