2-тапсырма. Сөздер
мен сөз тіркестерін оқы
Сиыр – үлкен сиыр
Бұзау – кішкентай бұзау
Жылқы – көп жылқы
Құлын – бір құлын
Түйе – ақ түйе
Бота- кішкентай бота
Шошқа- қара шошқа
Торай-сары
3тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Жылқы
Жылқы деген жануар,
Құшақ жетпес жалы бар.
Бие, құлын, тайы бар,
Үйірімен жайылар.
IV.Бекіту кезеңі: - Оқушылар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Үй жануарлары туралы не білдіңдер, айтыңдаршы?
Оқушылар,сабағымызды бекітейік.
V Үй тапсырмасын беру: - Оқушылар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар. 169б. 4-тапсырма ..
Бағалау: Белсене сабаққа араласып отырған оқушыларды бағалап, күнделңіктеріне бағаларын қойып беремін.Жақсы оқушыны мадақтаймын.Алған бағаларын хабарлап айтамын.
VI Қорытынды кезең: Жаңа материалдар бойынша сұрақтарға жауап бер.
Сынып: 1
Мұғалімі: Баймаганбетова Р.Б.
Тақырыбы: Аңдар.
Мақсаты: 1. Оқушыларға өткен материалды сұрақ-жауап әдісі арқылы қайталату, жаңа материалдарды түсіндіру,сұрақтарға жауап алу, сөйлем құрату,сөздікдерді қайталау,
суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту,сөзжұмбақты шештіру;
2. Оқушылардың сөйлеу тілін, көру, есту, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту;
3. Табиғатты аялап қорғауға,қаланы таза ұстауға,достыққа, адамгершілікке, сыйластыққа,үлкенді
сыйлай білуге,оқып білім алуға үйретіп тәрбиелеу;
Әдіс-тәсілдер: жаздыру,оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату,аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері;
Көрнекі құралдар: Аңдардың суреті суреті,
сөзжұмбақ, карточкалар,сөздіктер т.б.
Сабақтың барысы:
I ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылармен амандасу;
- Кезекші арқылы оқушыларды түгендеу;
- Сабаққа даярлықтарын байқау;
- Оқу құралдарын тексеру;
- Сұрақ – жауап әдісін жүргізу;
- Тіл дамыту сұрақтарын қою;
- Өткен материалдардан қайталау сұрақтарын қою;
II Үй тапсырмасын - Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?
тексеру:
- Кім дайын? Кім дұрыс сөйлемді аударып жазып келді?
Оқушылардан үй тапсырмасын сұрайық.Үй тапсырмасын сұрап,дәптерлерін тексеріп шығып,
күнделіктеріне бағаларын қоямын.
III Жаңа сабақ: - Оқушылар барлығың бері қараңдар, дәптерлеріңді, ашып
тақтадағы күнді, айды бүгінгі жаңа тақырып атын жазыңдар.
Мақсатымыз: Бір бір-бірімізге сұрақ қойып, сызба арқылы сөйлемді аяқтап сөйлеу,сурет бойынша сөйлеу, сұрақтарға жауап береміз,орысшадан қазақшаға сөздерді аударамыз. Біз бүгін суретке қарап жабайы аңдарды танып үйренеміз.
Кітаппен жұмыс: 1- тапсырма. Хайуанаттардың атауларын біліп ал..
Піл Маймыл Кірпі Тиін Жолбарс
Арыстан Түлкі Қасқыр Қоян
2-тапсырма. Сөйлемдерді оқы..
3тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқы.
Піл
Қасиетті піл,
Тұмсығына жүкті іл.
Көлік ол тамаша,
Үстіне мін
IV.Бекіту кезеңі: - Оқушылар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- хайуанаттар туралы не білдіңдер, айтыңдаршы?
Оқушылар,сабағымызды бекітейік.
V Үй тапсырмасын беру: - Оқушылар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар. 178 б. 5-тапсырма ..
Бағалау: Белсене сабаққа араласып отырған оқушыларды бағалап, күнделңіктеріне бағаларын қойып беремін.Жақсы оқушыны мадақтаймын.Алған бағаларын хабарлап айтамын.
VI Қорытынды кезең: Жаңа материалдар бойынша сұрақтарға жауап бер.
Сурет бойынша сөйлеп қайталайық?
Сабақ жоспары.
Күні:
Сынып: 1
Мұғалімі: Баймаганбетова.Р.Б.
Тақырыбы: Менің досым.
Мақсаты: 1. Оқушыларға достық тақырыбын түсіндіру,достарға байланысты сөздерді оқыту,
суреттердің аттарын айтқызу,сергіту сәтін үйрету;
2. Суретпен сөйлету арқылы оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, сөздерді қайталату арқылы тілдерін дамыту;
3. табиғатты аялап,қорғай білуге, үлкенге құрмет көрсетуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу;
Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, баяндау, қайталау, сөздік, суретпен жұмыс, аударма, сұрақ-жауап т.б.
Көрнекіліктер: Досты0
жайлы балалардың суреттері, ереже.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар!
Оқушыларды түгендеу;
Кітап,дәптерлерің бар ма?
Тіл дамыту сұрақтарын қою:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қандай жыл мезгілдерін білесіңдер?
Бүгін аптаның қай күні?
Қандай ай?
Өткен тақырып бойынша қайталау сұрақтары:
2. Жаңа сабақ: - Оқушылар, бүгін біз достық жайлы әңгіме қозғаймыз154 бетті ашыңдар.
Мұғалім сөзі: Оқушылар достық дегеніміз ол адамның бір-бірімен айрылмастай адал болуы. Жүз теңген болғанша, жүз досың болсын деген мақал бар ғой, осы мақалды талдап көрейік.
Мақсатымыз: Достық туралы әңгіме қозғау , сөздерді қайталау,сөйлеп үйрену.
Достық туралы әңгімені қозғамас бұрын жаңа сөзді қайталап оқып өтейік.
Жаңа сөздермен таныс
Өте-очень
Жақсы-хороший
тапсырма. Монолологты тыңда.
Менің атым Қанат.
Менің досым бар. Аты-Алуа.
Ол бірінші сыныпта оқиды.
Алуа-жақсы қыз. Ол өте жақсы оқиды.
2- тапсырма. Үлгі бойынша жауап бер.
Сергіту сәті.
3-тапсырма Сөйлемдернді жаз.
Менің досым көп.
Менің досым жақсы оқиды.
Бағалау: Сабаққа жақсы қатысып отырған оқушыларды бағалайық. Үй жұмысы 157 бет, 4 тапсырма.
4. Қорытынды кезеңі: оқушылар, сендерде дос көп пе? Олардың атын атаңдар. Досы көпті жау алмас деген мақалды қалай түсінесің? Досың туралы әңгімелеп бер.