Сабақ «Балалар фольклорының шағын нысандары»



Дата08.09.2017
өлшемі103,95 Kb.
#31653
түріСабақ
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК

«Әлемдік білім парадигмасына ену жолындағы қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың жолдары» тақырыбындағы әдістемелік семинар

Ашық сабақ

«Балалар фольклорының шағын нысандары» тарауы бойынша «Алтын сақа» ертегісі

желісінде жарыс сабақ




Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы: Жаңбырова Г

Тобы: МБ-92

Бейнеу, 2015 жыл

Тақырыбы: Балалар фольклорының шағын нысандары тарауы бойынша «Алтын сақа» ертегісі желісінде жарыс сабақ

Мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: білім алушылардың балалар фольклорының шағын нысандары түрлерімен тереңірек таныстыру, ойда қайта жаңғырту, бекіту

2.Тәрбиелік мақсаты: патриоттыққа, адамгершілікке, ізгілікке, еңбекқорлыққа, қанағатшыл болуға, шыдамдылыққа, әдептілікке, тәрбиелілікке баулу.

3.Дамытушылық мақсаты: студенттердің ақыл-ой қабілетін, есте сақтауын, мәнерлеп оқу шеберлігін, білімге құштарлығын дамыту.

Қолданылатын педагогикалық технологиясы: М.Жанпейісованың «Модульдеп оқыту технологиясы»

Түрі: Дәстүрлі емес, «Алтын сақа» ертегісі желісімен жарыс сабақ, топтық сайыс

Әдістері: мақал айту, жаңылтпаш қайталау, жұмбақтар шешу, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, жатқа айту, ән айту, сергіту сәті.

Пайдаланылатын ойындар: «Қоржындағы асықтар», «Мақал – сөз мәйегі», «Жаңылдырған жаңылтпаш», «Жұмбағым жұтылды, өрге қарай құтылды, оны таппаған тұтылды», «Жалғасын тап», «Санамақ»

Көрнекілігі: LED панель, «Али мен Ая «Санамақ» өлең-ойыны», «Алтын сақа» ертегісі мультфильмі, нөмірленген асықтар, алтын сақалар, қоржын, қима қағаздар, смайликтер.

Пәнаралық байланыс: музыка, мәнерлеп оқу, этнопедагогика.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі (1 минут)

Студенттер 2 топқа бөлініп отырады.



ІІ. Сабақ жүрісі

Оқытушының кіріспе сөзі (4 минут):

  • Студенттер, біз қазір «Балалар фольклорының шағын нысандары» тарауын модульдеп оқыту технологиясы бойынша өтіп жатырмыз. Бүгін сол тараудың сөйлесу бөлімінің соңғы сабағы. Жоспарға назар аударайық.

Модуль №2 (12 сағат)

Бөлімдері




Жұмыс мазмұны


Уақыты

Кіріспе бөлімі

1,2-сабақ

Балалар фольклоры

1.Балалар фольклорының шағын нысандары

2.Бесік жыры

3.Тұсау кесу жыры

4.Санамақ

5.Төрт түлік мал туралы жырлар

6.Жұмбақтар

7.Жаңылтпаштар

8.Мақал-мәтелдер

9.Дәптермен жұмыс


10 минут


10 минут

10 минут


10 минут

10 минут


10 минут

10 минут


10 минут

10 минут


Сөйлесу бөлімі

3,4-сабақ

5-сабақ

6-сабақ

7-сабақ

8-сабақ

9-сабақ

10-сабақ

1. «Қарлы кесек» ойыны

2. «Бақытты сәт» ойыны

3. «Не? Қайда? Қашан?» ойыны

4. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы

5. «Саяхат» сабағы

6. «Брейн-ринг» оқыту үйрету ойыны

7. «Алтын сақа» ертегісі желісі бойынша жарыс сабақ


90 минут

45 минут


45 минут

45 минут


45 минут

45 минут


45 минут

Қорытынды бөлімі


11-сабақ

12-сабақ

1.Сынақ


2.Тест

45 минут


45 минут

Оқытушы «Алтын сақа» ертегісін мазмұнын студенттерге бала бәйтеректің басына шығып кеткенге дейін әңгімелеп береді. Мұнан әрі «Алтын сақа» ертегісі мультфильмінен үзінді көрсетіледі. Үзіндіде балалар ертегі әлеміне тап болады. Оқытушы сөзі:

  • Қане, студенттер, баланы жалмауыз кемпірден құтқару үшін түрлі тапсырмалар орындауымыз керек. Баланы құтқаруға дайынбыз ба? Ендеше біз тапсырмаларды екі топтың жарысы түрінде орындаймыз.

Жарыс турлары (35 минут):

І тур «Қоржындағы асықтар» (Студенттер қоржындағы нөмірленген асықтарға сәйкес теориялық сұрақтарға жауап береді)

  1. Балалар фольклоры деген ұғымға түсінік бер. Балалар фольклорының түрлерін ата.

  2. Ұлы ақын Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» денең сөзін қалай түсінесің?

  3. Балаға арнап тұңғыш айтылатын жыр туралы не білесің?

  4. Бесікке салу дәстүрін әңгімеле.

  5. Бесік жырынан үзінді келтір.

  6. Бесік жырының қандай түрлері бар? Түсінік бер.

  7. Халқымыздың тұсау кесу жырын айтуы қандай тілектен туған?

  8. Тұсау кесу жырынан үзінді оқы.

  9. Тұсау кесу дәстүрі туралы әңгімеле.

  10. Төрт түлік мал туралы жырларды балаларға үйретудегі мақсат не?

  11. Төрт түліктің пірлері мен төлдерін ата. Төрт түлікті қалай шақырады?

  12. Санамақ жырын тудырудағы халықтың мақсаты?

  13. Жаңылтпаш – қандай өлең-ойын. Оның ең басты қызметі не?

  14. Жұмбақтардың ерекшелігі? Жұмбақтар баланы қандай қасиеттерге тәрбиелейді?

  15. Жұмбақтарды тақырып жағынан қандай тақырыптарға бөлуге болады?

  16. «Жұмбақтарды адам баласының ой-өрісі, дүниетанымы, білім көлемі ұлғая беруіне көмектесетін, тапқырлыққа, білмегенді білуге, ізденуге ой салатын, соған ұмтылдыратын білімдік, тәрбиелік мәні бар халық шығармасы деп қараймыз» - деп ой түйген кім?

  17. Мақал-мәтел ұғымына түсінік бер

  18. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы?

  19. Мақал-мәтелдің тақырыптары. Олардың тәрбиелік мәні?

ІІ тур. «Мақал – сөз мәйегі» (Экрандағы ұяшықтарды таңдау арқылы берілген тақырыпқа сәйкес 5 мақал-мәтел айту)

Тақырыптар: достық, еңбек, төрт-түлік, Отан, туған жер, ерлік-батырлық, оқу-білім, отбасы, бала, ата-ана.

ІІІ тур. «Жаңылдырған жаңылтпаш» (Екі топ қарсылас топ мүшелеріне 5-5 жаңылтпаштан айтады, келесі топ қайталайды)

Cергіту сәті: «Али мен Ая» «Санамақ» (бейнероликпен бірге студенттер сергіту сәтін орындайды)

  • Біз ботақан екеуміз,

Есептеуге бекембіз.

Ақтөс келіп қосылса,

Үшеу болып кетерміз.

Бір ауылда бірге өскен,

Бар қызықты бір кешкен,

Көжек, бота, Ая,мен,

Біз нешеуміз Ақтөспен,

Көжек, бота, Ая және мен,

Біз нешеуміз Ақтөспен.

Дейсің бе біз нешеуміз?

Біз - бесеуміз, бесеуміз.

Санамаққа жаттығып,

Алғыр болып өсерміз.

Біз - бесеуміз, бесеуміз,

Алғыр болып өсерміз.

ІV тур. «Жұмбағым жұтылды

Өрге қарай құтылды,

Оны таппаған тұтылды» (Екі топ бір-біріне 10 жұмбақтан жасырады, қарсылас топ мүшелері оны шешеді)

V тур. «Жалғасын тап» (Оқытушы төрт түлік мал туралы жырлардан бастапқы жолын оқиды, студенттер жалғастырады)


  1. «Түйе»

Маң-маң басқан, маң басқан,

Шудаларын шаң басқан,

Екі өркешін қом басқан,

Төрт аяғын тең басқан...

(Тілін тікен теспеген,

Алабота, теріскен,

Мұрындығы келіскен,

«Шөк» дегенде «Бық»деген,

Шешіп үйін жүктеген.)


  1. «Мал баққанда»

Ешкі бақтым – еңіреп бақтым,

Қой бақтым – қоңырау тақтым,..

(Сиыр бақтым – сидаң қақтым,

Жылқы бақтым – жорғалаттым,

Түйе бақтым – түйме тақтым,

Лақ бақтым – жылап бақтым!)



  1. «Малдың баласын сүюі»

Қой сүйеді баласын «қоңырым», - деп,

«Ештеңені білмеген момыным!», - деп...

(Сиыр сүйеді баласын «торпағым», - деп,

«Қараңғыда баспаған қорқағым!», - деп.

Түйе сүйеді баласын «боташым», - деп,

«Жаудыраған көзіңнен тоташым!», - деп.

Ешкі сүйеді баласын «лағым», - деп,

«Тастан-тасқа секірген шұнағым!», - деп.

Жылқы сүйеді баласын «құлыным», - деп,

«Тұлпар болып жүгірер жұрыным!», - деп)



  1. «Төлді қалай шақырады?»

Қой баласы қоңырым,

Қойдай жуас момыным.

Шопан ата түлегі –

Қошақаным, қайдасың?

Пұшайт, пұшайт!..

(Жауын жауса бақырған,

Ешкі атасын шақырған,

Өрісте өскен жануар

Шекетайым, қайдасың?

Шөре, шөре!

Жолға шықсам, көлігім,

Жапанда жүрсем серігім,

Қамбар ата өсірген

Құлыным менің, қайдасың?

Құрау, құрау!

Тілімен мұрнын жалаған,

Тілімен бойын тараған,

Көкке мұрнын шүйіріп,

Көз төңкеріп қараған,

Зеңгі баба өсірген

Әукешім менің, қайдасың?

Екі көзі танадай,

Екі өркеші баладай,

Елпеңдеген ойнақтап,

Енесіне қарамай,

Ойсылқара баласы

Ботақаным, қайдасың?

Көс-көс!)



ІV. Қорытынды бөлім (2 минут)

- Құрметті, студенттер! Міне, біз барлық тапсырмалардан сүрінбей өттік. Сөйтіп «Алтын сақа» ертегісіндегі Сақабай баланы жалмауыз кемпірден құтқарып қалдық. (экранға «Алтын сақа» ертегісінен жалмауыз кемпір қашып бара жатқан, балалардың қуанған үзіндісі көрсетіледі)



V. Бағалау (2 минут)

Екі топтың жинаған смайликтерін санап, жеңімпаз топты анықтау. Жеке студенттерді жинаған смайликтер саны бойынша бағалау. «5» алған студенттер «Алтын сақа» ертегісіндегі кейіпкер Сақабайдың алтын сақаларымен марапатталады. (экраннан ертегіден үзінді көрсетіледі)



VІ. Үйге тапсырма (1 минут)

Өтілген барлық материалдарды қайталап, сынақ, тест тапсыруға әзірленіп келу
Каталог: uploads -> doc -> 0046
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0046 -> Сабақтың әдісі : Түсіндіру, баяндау. III. Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет