Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың тақырыбымен таныстыру; Кіріспе сөз (Мұғалім сөзі) Оқушылар шығармашылығы Бүгінгі «Ұлағатты ұлттық ұғымдар»



Дата22.01.2017
өлшемі186,4 Kb.
#7571
түріСабақ
9 сынып

Қазақ тілі



Күні:

Тақырыбы: «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» 


Сабақтың мақсаты: 
Тәрбиелігі: Аталар сөзін оқып-үйренуге баулу, жаман әдеттерден аулақ болуға бойларына жақсы қасиеттер жинай білуге тәрбиелеу. Оқушыларға ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен тереңірек таныстыру. 
Дамытушылығы: Қазіргі жеткіншектерге ұлттық педагогиканың элементтерін бойына сіңіру. 
Сабақтың түрі: 
Көрнекілігі: нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, т.б. 
Сабақ барысы: 
Ұйымдастыру кезеңі: 
1. Сабақтың тақырыбымен таныстыру; 
2. Кіріспе сөз (Мұғалім сөзі) 
3. Оқушылар шығармашылығы 
Бүгінгі «Ұлағатты ұлттық ұғымдар» атты сабақта ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен тереңірек танысамыз. 
Ата-бабам ардақты, 
Жамандыққа бармапты. 
Ардақ тұтып үлкенді, 
Ата жолын жалғапты 
Кең даланың ежелгі 
Қазақ деген халқымыз, 
Өзге ұлттай біздің де 
Бар дәстүр мен салтымыз. 
- Балалар! Бабамыздан бізге не қалған? 
- Шешендік сөз нәрі, 
- Салт-дәстүр нәрі, 
- Ерлік жолы, 
- Мереке сәні 
- Дастархан сәні қалған. 
Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала туған-туысына, жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды. Соның ішінде ұл баланың тәрбиесінде әке рөлі маңызды. «Атадан ұл туса игі, ата жолын қуса игі», «Жақсы әкенің атағы жаман ұлға қырық жыл азық», «Ата сөзін сыйлаған адал ұлды, хат оқыған молдадан кем демеңіз» деп, бекер айтылмаған. Ұл балаға намысшыл, қайсар, өжет, инабаттылық, жолын көрсететін - әке! 
Ата-ананың ақылы, 
Бұлтақсыз қара жолмен тең. 
Жақсылардың ақылы, 
Гауһар шырақ шаммен тең. 
Балалар, сендер үйлеріңдегі ата-аналарыңды, ұстаздарыңды, жалпы үлкендерді тыңдасаңдар жақсы адам болып өсесіңдер. Олардың ақыл-өсиеті жаңғыл жол сияқты. Жақсы адамның ақыл-кеңесі әр уақытта алдыңда шырақтай жарқырап жанып, саған жол көрсетіп тұрады, қисық-қыңыр мінезіңмен жат әдеттерге бой ұрмауыңа, теріс жолға түспеуіңе жағдай жасайды. 
Біздің қазіргі ер азаматтарымыз қандай болуы тиіс? 
Оқушылардың сөзі: «Ел елдігін сақтайтын - ерлер» 
1. Ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттан сабырлы болу; 
2. Сөз бен істе әділ болу; 
3. Қимыл қозғалыстың ақылға қонымдылығы; 
4. Тез тоқтамға келе алу; 
5. Өзің жөнінде орынсыз бір сөз де айтпау; 
6. Уақытты мақсатсыз өткізбеу, кездейсоқ іске ұрынбай, тек көңілге алған ісіңмен ғана айналысу
7. Қажетті, не ұнамды нәрсеге ғана бой ұру, көрсе қызарлыққа салынбау; 
8. Әр кез өзін істеген іске мұқият есеп беріп отыру; 
9. Еш уақытта да өткендегі, не қазіргі, не алда болатын ісіңмен мақтанбау. 
Ұлағатты ұлттық ұғымдар 
жеті ата”, “жеті қазына”, “жеті қат көк”, “жеті қат жер”, “жеті амал”, “жеті жетім”, “жеті жоқ”, “жеті жұт”, “жеті ғашық”, “жеті жеткіншек” деген сияқты түсініктер қалыптасқан. Олар не? Енді осыған жеке-жеке жіктеп тоқталар болсақ.Халқымыздың санасында қалыптасқан ұғым бойынша 7 қасиетті сан деп есептелген. Осыған орай, ел арасында  
Жеті ата 
1.Бала. 2.Әке. 3.Ата. 4.Арғы ата. 5.Баба. 6.Түп ата. 7.Тек ата. 
Жеті қазына 
1.Ер жігіт. 2.Сұлу қазына. 3.Ақыл-білім. 4.Жүйрік ат. 5.Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7.Ит. 
Жеті қат көк 
1.Ай . 2.Күн. 3.Шолпан. 4.Есекқырғын(Меркурий). 5.Қызылжұлдыз (Марс). 6.Сатурн. 7.Юпитер. 
Жеті қат жер 
1.Тұңғық. 2.Жылан. 3.Су. 4.Қос балық. 5.Қара тас. 6.Қос өгіз. 7.Жер. 
Жеті амал 
1.Күннің тоқырауы. 2.Қарашаның қайтуы. 3.Үркердің батуы. 4.Мұздың қатуы. 5.Киіктің лақтауы. 6.Қыс тоқсан. 7.Ай тоғамы. 
Жеті жетім 
1.Тыңдамаған сөз жетім. 
2.Киюсіз қалған бөз жетім. 
3.Иесіз қалған жер жетім. 
4.Басшысы жоқ ел жетім. 
5.Аққу, қазсыз көл жетім. 
6.Жерінен айрылған ер жетім. 
7.Замандасың қалмаса, бәрінен де сол жетім. 
Жеті жоқ 
1.Жерде өлшеуіш жоқ. 2.Аспанда тіреу жоқ. 3.Таста тамыр жоқ. 4.Тасбақада талақ жоқ. 5.Аллада бауыр жоқ. 6.Аққуда сүт жоқ. 7.Жылқыда өт жоқ. 
Жеті жұт 
1.Құрғақшылық. 2.Жұт (мал қырылу). 3.Өрт. 4.Оба. 5.Соғыс. 6.Топан су. 7.Зілзала. 
Жеті әулие 
1.Мекке. 2.Медине. 3.Бұхар. 4.Шам. 5.Қатым. 6.Құддыс (Мысыр). 7.Кәләм (Құран). 
Жеті Ғашық 
1.Ләйлі-Мәжнүн. 2.Фархад-Шырын. 3.Таһир-Зуһра. 4.Арзу-Қамбар. 5.Уәлик-Ғарда. 6.Уәли-Күлшаһ. 7.Жүсіп-Зылиқа. 
Жеті жеткіншек 
1.Арманның болашағы - ақыл. 
2.Жетекшісі талап. 
3.Жолаушысы ой. 
4.Жолдасы кәсіп. 
5.Қорғаны сабыр. 
6.Қорғаушысы мінез. 
7.Сынаушысы халық. 
Сонымен қатар қазақ халқының балаларына үйретіп отыратын ауыз әдебиеті де кең таралған. Олар көбінесе қазақ халқының дәстүрін дәріптейді: 
1. Бата –тілек Ұлыс оң болсын! 
Ақ мол болсын! 
Қайда барсаң жол болсын 
Әумин! 
Ұлыс береке берсін, 
Бәле-жала жерге енсін! 
2.Жұмбақтар Шыр көбелек айналар, 
Беліне жіп байланар (ұршық) 
Кіруге адам батпайды, 
Затыңды аман сақтайды. (сандық) 
Жүз мүйізі бар, 
Үстінде киізі бар (киіз үй) 
Дауысы бар, жаны жоқ
Шертсең күйі, әні көп, 
Құлағын он бұра 
Ол не?... (домбыра) 
Ел қорғайтын ерлікке 
Әуенімен шақырған 
Батылдыққа, елдікке 
Әуенімен шақырған (дабыл) 
Тыйым сөздер Үлкеннің алдынан кесіп өтпе! 
Көкті жұлма, жастай соларсың! 
Нанды жерге тастама 
Есікті керме, т.б. 
Ырымдар: Жолаушыдан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «Жол болсын!» дейді. 
Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады. 
Ұл балаға көз тимес үшін кекіл немесе тұлым қойған. Ал қыз болсы тұмар не көзмоншақ таққан. 
Нәресте дүниеге келгенде ырымдап атақты, ұлы кісілердің атын азан шақырып қойған. 
Дәстүрлі тағамдар: жент (қоспа), сүзбе, қатық, ірімшік, айран, т.б. 
Ұлттық киімдер: айыр қалпақ, сәукеле, кимешек, тақия, шапан, камзол, ішік, т.б. 
Бесік жыры: Әй-әй, бөпем, әй бөпем
Ақбесікке жат бөпем! 
Жылай беріп нетесің, 
Ертең-ақ өсіп кетесің. 
Әлди-әлди, әй бөпем, 
Ақ бесікке жат, бөпем. 
Жылама, бөпем, жылама, 
Жілік шағып берейін, 
Байқұтанның құйрығын 
Жіпке тағып берейін 
Әлди-әлди, әй бөпем, 
Ақ бесікке жат, бөпем. 
Тұсау кесер жыры: Қаз-қаз, балам, қаз, балам, 
Қадам бассаң, мәз болам. 
Күрмеуіңді шешейін, 
Тұсауыңды кесейін. 
Қаз баса ғой қарағым, 
Құтты болсын қадамың. 
Өмірге аяқ баса бер, 
Асулардан аса бер. 
Мұғалімнің қорытынды сөзі: 
Бүгінгі сабақтың берері мол, үлгілі, өнегелі сабақ. Бабаларымыз ежелгі заманнан-ақ ержүрек, еңбек сүйгіш, талапты, талантты, өзіндік мәдениеті бар еңселі ел болған. Тәуелсіздікті ғасырлар бойы аңсаған. 
Қарағым, ата-бабаң момын халық, 
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып. 
Өсиетін бабаңның орындай бер, 
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.

Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз
Мақсаты:
1. Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі «Жеті ата» туралы оқушыларға түсінік беру.
2. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру.
3. Ата-анаға, отбасына  деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ (Блум жүйесі бойынша жоспарлау)
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау
Көрнекілігі: Отбасы суреті, киіз үй, интерактивті тақта, компьютер.
Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Рет саны

Мақсаты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

І

Білім 2ұ

І. Ұйымдастыру

Үйге берілген тапсырманы оқу

Жуан және жіңішке сөздерге 5мысалдан жазып келу


Оқушылар оқиды

ІІ

Түсіну 4ұ

-Балалар, бүгін біз «Жеті ата» ауылына саяхат жасаймыз. Ата-бабаларымыз машина болмаған кезде нені пайдаланған?

- Сендер осының қайсысын қалайсыңдар?

- Олай болса, атты арбаға жегіп жолға шығайық . Бірінші ауыл «Ата ауылы».

Бұл ауылда сөздік жұмысын жасау керекпіз

 

Сөздік жұмысы



Тату-дружный

Жас- молдой

Кәрі- пожилой

Шағын- маленький

Жезде- зять

Жеңге-снаха

Іні- младший брат

Қарындас- младшая сестра

 

1. мұғалім мәнерлеп оқиды.



2. оқушылар дауыстап қайталайды.

3. буынға бөліп оқиды.

 

- Балалар, осы сөздіктегі сөздер неге қатысты ?



-Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Біздің отбасымыз» деп аталады.

- Қалай ойлайсыңдар, осы тақырып бойынша сендер не істейсіңдер?

 

 

 



- Жақсы, балалар, осы мақсатымызға жету үшін алдымыздағы тапсырмаларды мұқият орындайық.. Ал енді іске сәт!

 


 

 

-Атты, түйені



 

-Атты


 

 

 



 

 


  1. Сөздердің аудармасын дұрыс белгілеу

  2. Сөздерді сәйкестендіру

  3. Сөздердің аудармасын табу

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



-Отбасына

 

 



 

 

- Мен ойлаймын, отбасы тақырыбына қызықты тапсырмалар орындаймыз  деп.



- Талдау жұмыстарын жасаймыз.

ІІІ

Қолдану 6ұ

-  Балалар, келесі ауылымызға да келдік бұл «Әке мен бала ауылы» екен. Енді назарымызды тақтаға аударайық .

-Суретте кімдер бейнеленген?

-Атасы мен әкесі не істеп отыр?

-Атасының жанында кім отыр?

-Шешесі оларға не алып келе жатыр?

 

- Сонымен оларды бір ауыз сөзбен қалай атаймыз?



- Балалар, енді осы тақырыпқа байланысты оқулықтағы

5-тапсырманы орындайық.



 

 

- Суретте атасы, әжесі, әкесі, шешесі, баласы, қызы, бейнеленген.



- Атасы мен әкесі шахмат ойнап отыр.

- Атасының жанында әжесі отыр.

- Шешесі оларға алма алып келе жатыр.

 

- Отбасы.



  1. мәтінді оқу

  2. аудару

ІҮ

Талдау



-Әрі қарай жүре отырып «Немере мен шөбере ауылына» келдік.Бұл ауылда бізге мынандай тапсырма ұсынып отыр. Сөздерді сыңарларымен сәйкестендіру.

 

- Берілген сөздердің ішінде қыздарға қатысты қандай сөздер бар?



Осы сөздерге

дыбыстық талдау жасау.

І топ – қыз

ІІ топ – әпке

ІІІ топ – жеңге


 

 

Оқушылар тақтаға шығып сөздерді сыңарларымен орналастырады.



Ата-әже

Аға-жеңге т.б

- әпке, қыз, жеңге

 

Әр топтан бір-бір оқушыдан шығып,



интерактивті, жай тақтаға орындайды.

Ү

Жинақтау 10ұ

- ІІІ деңгей

Сөйлемді дұрысқұра.

ІІ деңгей

Көп нүктенің орнына керекті сөзді жаз.

 

 

 



 

 


 

 

Әркім өз деңгейіне байланысты тапсырманы орындайды.



ІІІ деңгей

  1. отбасым, бұл, менің

  2. бар, атам, әжем, әкем, шешем, сіңлім, отбасымда

  3. кішкентай, сіңлім

  4. тату, отбасымыз, өте

ІІ деңгей

Біздің отбасымыз…….. .Олар:……., …….., …….,………, және …….. . Атам мен әжем…….. .Әкем- ………. . Шешем-……… .Ағам (әпкем)- ……… .

Қарындасым (сіңлім) ……….. . Біздің отбасымыз ……… .


ҮІ

Бағалау 12ұ

- Сабағымыздың бағалау сатысында бүгінгі сабақта меңгергендеріңді байқаймын, сондықтан І деңгей тапсырмасы осы сатыда ұсынып отырмын. Тапсырманы орындау арқылы 12 ұпайға иеленеміз.

- Балалар, айтыңдаршы,бір жылда неше мезгіл бар?

- Атап беріңдерші

-  Енді назарымызды тақтаға аударайық, не көріп тұрмыз?  Біз осы  ағаштың жапырақтарының бір жағына бүгінгі сабақта саяхат жасаған ауыл аттарын жазып шығамыз.

-Екінші жағына өздеріңнің Жеті аталарың туралы жазасыңдар.

-Ал балалар, сендердің осы Жеті атаның ішіндегі өз орындарың туралы шағын мәтін жазыңдар.

-Балалар, бүгінгі сабақты қорытындылай отырып, үйге тапсырма алайық.

3-тапсырмадағы өзіңе қатысты бірнеше сөйлемді көшіріп жазу.

Оқушылардың білімдерін бағалау


 

 

 



 

 

- Төрт мезгіл бар (жылдың төрт мезгілі бірінен соң бірі кезектесіп ауысып көрінетін экраннан сурет шығады)



 

- Қыс. Көктем. Жаз. Күз.

 

 

Оқушылар «Жеті ата» туралы  жазып шығады



 

 

Өздерінің жеті аталарын жазады(бұл тапсырма алдын-ала үйге беріледі)



Жеті атаның ішіндегі өз орны туралы шағын мәтін жазады.

Сабақтың толық нұсқасын көрнекіліктерімен бірге көшіріп алыңыз.

Сабақты дәстүрлі әдіспен жоспарлау:


4-сынып қазақ тілі орыс сыныптарында.
Сабақтың тақырыбы: Біздің отбасымыз
Мақсаты: 1. Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Қазақтың ұлттық құндылықтарының бірі «Жеті ата» туралы оқушыларға түсінік беру. 2. Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың қисынды ойлау, сөйлеу қабілетін арттыру. 3. Ата-анаға, отбасына  деген ізгі ниеттерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ (Дәстүрлі әдіспен жоспарлау)
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, талдау
Көрнекілігі: Отбасы суреті, киіз үй, интерактивті тақта, компьютер

І. Ұйымдастыру
Білім 2ұпай.
Үйге берілген тапсырманы оқу
Жуан және жіңішке сөздерге 5 мысалдан жазып келу.

Түсіну 4 ұпай
-Балалар, бүгін біз «Жеті ата» ауылына саяхат жасаймыз. Ата-бабаларымыз машина болмаған кезде нені пайдаланған?
- Атты, түйені
- Сендер осының қайсысын қалайсыңдар?
- Атты
- Олай болса, атты арбаға жегіп жолға шығайық . Бірінші ауыл «Ата ауылы».
Бұл ауылда сөздік жұмысын жасау керекпіз

Сөздік жұмысы


Тату-дружный
Жас- молдой
Кәрі- пожилой
Шағын- маленький
Жезде- зять
Жеңге-снаха
Іні- младший брат
Қарындас- младшая сестра

1. Сөздердің аудармасын дұрыс белгілеу


2. Сөздерді сәйкестендіру
3. Сөздердің аудармасын табу

1. мұғалім мәнерлеп оқиды.


2. оқушылар дауыстап қайталайды.
3. буынға бөліп оқиды.

- Балалар, осы сөздіктегі сөздер неге қатысты ?


- Отбасына
-Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы  «Біздің отбасымыз» деп аталады.
- Қалай ойлайсыңдар, осы тақырып бойынша сендер не істейсіңдер?
- Мен ойлаймын, отбасы тақырыбына қызықты тапсырмалар орындаймыз  деп.
- Талдау жұмыстарын жасаймыз.

-          Жақсы, балалар, осы мақсатымызға жету үшін алдымыздағы тапсырмаларды мұқият орындайық.. Ал енді іске сәт!

Көп нүктенің орнына керекті дыбыстарды қойып, көшіріп жазу
..ке,  ..ні, ..же, ..пке, сі..лі

Қолдану 6 ұпай.
-  Балалар, келесі ауылымызға да келдік бұл «Әке мен бала ауылы» екен. Енді назарымызды тақтаға аударайық ./суретпен жұмыс/
-Суретте кімдер бейнеленген?
- Суретте атасы, әжесі, әкесі, шешесі, баласы, қызы, бейнеленген.
-Атасы мен әкесі не істеп отыр?
- Атасы мен әкесі шахмат ойнап отыр.
-Атасының жанында кім отыр?
- Атасының жанында әжесі отыр.
-Шешесі оларға не алып келе жатыр?
- Шешесі оларға алма алып келе жатыр.
- Сонымен оларды бір ауыз сөзбен қалай атаймыз?
-Отбасы
- Балалар, енді осы тақырыпқа байланысты оқулықтағы

5-тапсырманы орындайық.


1.Мәтінді оқу
2.Аудару

Талдау 8 ұпай.
-Ары қарай жүре отырып, «Немере мен шөбере ауылына» келдік.Бұл ауылда бізге мынандай тапсырма ұсынып отыр. Сөздерді сыңарларымен сәйкестендіру.

Берілген сөздер: ата, аға, әпке, жеңге, әже,жезде, шеше,әке.


- Берілген сөздердің ішінде қыздарға қатысты қандай сөздер бар?

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.


І топ – қыз
ІІ топ – әпке
ІІІ топ – жеңге

Жинақтау 10 ұпай.
- Балалар, біз сонымен «Шөпшек пен немене» ауылына да жеттік. Бұл ауылда деңгейлік тапсырма берілген.

Әркім өз деңгейіне байланысты тапсырманы орындайды.

ІІІ деңгей
1.отбасым, бұл, менің
2.бар, атам, әжем, әкем, шешем, сіңлім, отбасымда
3.кішкентай, сіңлім
4.тату, отбасымыз, өте

ІІ деңгей


Біздің отбасымыз…….. .Олар:……., …….., …….,………, және …….. . Атам мен әжем…….. .Әкем- ………. . Шешем-……… .Ағам (әпкем)- ……… .
Қарындасым (сіңлім) ……….. . Біздің отбасымыз ……… .

Бағалау 12 ұпай
- Сабағымыздың бағалау сатысында бүгінгі сабақта меңгергендеріңді байқаймын, сондықтан І деңгей тапсырмасы осы сатыда ұсынып отырмын. Тапсырманы орындау арқылы 12 ұпайға иеленеміз.
- Балалар, айтыңдаршы,бір жылда неше мезгіл бар?
- Төрт жыл мезгіл бар (интер. тақтадан жылдың төрт мезгілі бірінен соң бірі кезектесіп ауысып көрінетін сурет шығады)
-  Енді назарымызды тақтаға аударайық, . Біз осы  ағаштың жапырақтарының бір жағына бүгінгі сабақта саяхат жасаған ауыл аттарын жазып шығамыз.
-Екінші жағына өздеріңнің Жеті аталарың туралы жазасыңдар. /оқушылар өздерінің білгендерінше жазып шығады/
-Ал балалар, сендердің осы Жеті атаның ішіндегі өз орындарың туралы не айтар едіңдер? Мысалы: Мен шөберемін, өйткені менің әкем атама немере.
-Балалар, бүгінгі сабақты қорытындылай отырып, үйге тапсырма алайық.

3-тапсырмадағы өзіңе қатысты бірнеше сөйлемді көшіріп жазу.

Оқушылардың білімдерін бағалау

2 сынып

Күні: 9.12. 2013

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. Менин сүйікті ісім - ән айту, сурет салу№
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың білім деңгейін анықтау.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қолдана білуге дағдыландыру.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту,қазақ тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу.

Саб/түрі: сайыс сабағы

Саб/әдісі: Сұрақ-жауап,әңгімелеу, ойландыру, мақал-мәтелдер,тіл дамыту.

Саб/көрн: интерактивтік тақта,слайдтар

Эпиграфы: Сүйіп істеген іс шаршатпайды .(халық мақалы )
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Сәлеметсіз бе мұғалім. Сәлеметсіз бе қонақтар. Сәлеметсіз бе көк аспан. Сәлеметсін бе сен. Сәлеметсін бе мен.

2. Сұрақ-жауап. (мозговой шторм) Өткен сабақта біз қандай тақырыппен таныстық? -Қандай әуестер болады? -Сендер аналарын ас дайындағанда көмек бересіндерме? -Кім спортпен шұғылданады? Ал бүгін сабақта біз әуестің екі түріне тоқталамыз.Ас дайындау және спортпен шұғылдану. Сонымен балалар сабағымыздың мақсаты-Осы тақырыптарды қайталап ,бекіту. «Сүйіп істеген іс шаршатпайды.»(халық мақалы) –эпиграф ретінде алдым. Теңізші болатын бала,бұлақпен ойнайды. Жарықшы болатын бала,шырақпен ойнайды. Диқан болатын бала,топырақпен ойнайды. Аспазшы болатын бала,ыдыспен ойнайды. Спортшы болатын бала, доппен ойнайды дей отырып сайыс сабағымызды бастаймыз. 
Балалар екі топқа бөлініп отыр. 1-топ Аспазшылар 2-топ Чемпиондар 
а) Топтың атын атау б) Ұраны. 
Ас-адамның арқауы. 
Денсаулық –зор байлық

1-кезең. Сөздер құпиясы.

а)Аударма диктант. Пища ,еда-тағам заниматься-шұғылдану вкусный---дәмді игра-ойын крепкий-мықты аппетит----тәбет легкий-жеңіл здоровье-деңсаулық салауатты-здоровый 


б)Сөз тіркесін құрастыру.

в)Сөйлем құрастыру


2-кезең. Сен маған, мен саған. а)Мәтінді түсініп оқу. б )Сұрақтар құрастыру.(Диалог)
3-кезең. Тапқыр болсаң, тауып көр. Тапсырмалар. а) Кірме сөздерді аудару. б)Кай тілден енген сөздер. Халық, әңгіме,әкім,әйел, жәшік, самауырын, бәтеңке, глобус, метр,спорт, чемпион, тұрмыстық техника. а) Біріккен сөздердің сынарын тап. Жезқазған, соқыртеке,тоғызқұмалақ, Талдықорған. а) Адасқан әріптерді орнына қой. 
б) Осының ішінен асты сызылған сөзді септе. 
1. д,с,у,а,л,қ,н,е,ы. А.с-футбол,спорт 
2. Т,л,е,д,и,р,е,д,а. І.с-футболдың,спорттың 
3. Ж,р,а,п,ы,қ,а. Б.с-футболға,спортқа 
4 .д,у,а,ы,н,д,й,а. Т.с-футболды,спорты 
5. а,б,у,с,қ,р,ы,а. Ж.с-футболда,спортта 
6. т,ғ,а,м,д,а,р Ш.с-футболдан,спорттан 
7 .ш,ғ,ы,л,д,ұ,н,у,а. К.с-футболмен,спортпен 
8. ф,т,б,у,л,о 
9. с,р,т,о,п 
1-топ. 
а)Берілген ойды мағынасына қарай аяқтандар. 
Ас әзірлеуші адам жұмысына кіріспестен бұрын қолын сабындап...................... 
Ас әзірлейтін ыдыс таза ............................................ Көбіне көкөністерден жасалатын жеңіл тағамдарды дайындауды................ 
Мен анама ...................................... 
2-топ. б)Негізгі құралы доп болып саналатын спорт түрі.................................. Мұз бетінде арнайы дайындалған құралмен сырғанау түрі................................ Қысқы спорт түрі...................................................... Екі адамның жекпе-жегі түріндегі спорт түрі......................................... Штанганы жоғары көтеру бойынша жаттығулардың орындалуы............................... 4-кезең . Білгенге маржан. Слайдпен жұмыс. 1-топ. а) Суретте қандай тағамдар?(Бесбармақ,бауырсақ, палау) 
б) Ауызша .Ас әзірлеу. .2-топ. а)Суретте қандай спорт түрлері?(жазғы,қысқы түрлері. Лондон олимпиадасының жүлдегерлерін еске түсіру.) 5-кезең. Бабалар сөзі,даналық көзі. а)Мақал-мәтелдер «Ас адамның арқауы» . Тәні саудың жаны сау. «Аштық ас талғатпайды». Денсаулық зор байлық. «Өзі тойсада көзі тоймайды». Еңбек етсен ерінбей тояды қарның түленбей. «Сыйлап берген су да тәтті.» Спорт-денсаулық кепілі. «Татту үйдің тамағы тәтті.» «Ас атасы нан.» 6-кезең.Қиялдау Бекіту. Балалар қане қиялдап көрейік.Мектеп бітіргеннен кейін жиырма жыл өтті деп ойлайық .Осы жиырма жылдың ішінде сендердің бала кезіндегі әуестерін өзгеріс әкелді ме?Қандай ? Қорыту.Рефлексия 
Не білдім? Менің көніл-күйім? 


.Бағалау. Жиналған медальдар бойынша бағалау. Үйге тапсырма.3-тапсырма .бет 152.Нәтиже сабаққа дайындық.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет