Күні
|
29.03.15
|
Сыныбы
|
4 «А», «Б»
|
Пәні
|
Қоршаған орта
|
Тақырыбы
|
Жануарлардың қызыл кітабы
|
Мақсаты
|
Қазақстанда жойылып кету қаупі төніп тұрған жануарлар, өсімдіктер, құстарға тоқталып, «Қызыл кітап» туралы түсінік беру; Табиғатты қорғау мақсатында құрылған қорықтар, «Қызыл кітап» туралы түсініктерін дамыту; Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу; экологиялық тәрбие беру.
|
Көрнекілігі
|
Сөзжұмбақтар, суреттер
|
Сабақ барысы
|
Сабақ жүрісі
|
Уақыты
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Ұйымдастыру бөлімі
|
5 мин
|
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды сабаққа дайындау.
Психологиялық дайындық
Табиғат біздің анамыз
Табиғатқа баламыз
Табиғатты қорғайтын
Біз әдепті баламыз
Жер байлығы көп екен
Меңгеруді қалайды
Осының бәрін меңгертер
Қоршаған орта сабағы
|
Оқушылар шеңберде жиналып,
мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа
сәттілік тілейді.
|
Үй тапсырмасы
|
5 мин
|
«Жасыл жапырақтар» ойыны. Жапырақта жазылған сұрақтарға жауап беріп, өткен сабақты пысықтау
|
Үйге берілген тапсырманы айтады
|
Қызығушылықты ояту
|
5 мин
|
Жануарлар туралы «Сөзжұмбақ» шешу
|
Сұрақтарға жауап береді
|
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Суретпен жұмыс
|
20 мин
|
Мағынаны тану
Жаңа сабақтың тақырыбын мақсатын хабарлау. Өсімдіктер мен жануарлардың «Қызыл кітабы» дегенді қалай түсінесіңдер.
Бұл кітаптың аты «Қызыл кітап» - өз алдына кітап. Оның қызыл мұқабасы. Қызыл түсі қаупі- қатердің белгісі сияқты «сирек» кездесетін әрі жойылып кету қаупі бар өсімдіктермен жануарлардың кітабы «Қызыл кітабтың» парақтарының түсі де алуан түрлі- қызыл, ақ және сары.
Қызыл түсті парақтарға мүлде жойылып кету қаупі төнген аңдар мен құстардың түрлері.
Ақ түсті парақтарға тікелей жойылып кету қаупі төніп тұрса да саны азайып немесе белгілі бір шектеулі аймақта сақталып қалған сирек кездесетін түрлері жазылады.
Сары түсті парақтарға әлі де тіршілік ету мөлшері жеткілікті болғанмен, соны күрт азайып бара жатқан жануарлар жазылған.
3-тапсырма. Маңғыстау облысының қызыл кітапқа енген жануарларымен танысыңдар
Үстірт тау арқары, Қарақұйрық, Ителгі, Сабаншы, Қабылан, Төрт жолақты қара шұбар жылан, Каспий жыланбалығы.
Шығармашылық тапсырма
Қызыл кітапқа енген жануарлардың суретін салу.
|
Жаңа сабақты тыңдап, сұрақ-жауап алмасады, жаңа сабақты меңгереді.
Тапсырмаларды орындап, суреттерін салады
|
Сергіту сәті
|
5 мин
|
Ормандағы аю, қонжық, ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды, мойындарын солға бұрды,
Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.
Оңға бір, солға бір, ағаштарды байқап көрді.
Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.
Оңға бір, солға бір, қуанғаннан билей берді
|
Іс - қимыл жасап ой сергітеді, шаршағандары басылады
|
Жаңа сабақ бекіту
|
5 мин
|
«Қызыл кітап» дегенді қалай түсінеміз?
«Қызыл кітапқа» енген жануарларды ата?
|
Сұрақтарға жауап береді
|
Үйге тапсырма
|
|
Жануарлар туралы қызықты әңгіме жазу
|
Күнделіктеріне жазып алады
|
Қорытынды
|
1 мин
|
Рефлексия
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
|
Не біліп, үйренгендерін пысықтайды
|
Бағалау
|
1 мин
|
Сабаққа жақсы қатысқан оқушыны мадақтау
|
Сабақта көрсеткен белсенділігіне қарай бағаланады
|