Мектеп :№ 142 мерзімі :21.12 .2013 ж .
Пәні : Өзін-өзі тану . Сыныбы : 6 оқушы саны : 7
Тақырыбы : Ынтымақ түбі- береке
Құндылығы : дұрыс әрекет Қасиеттері:ұйымшылдық, бауырмалдық , ынтымақтастық
Сабақтың мақсаты :
оқушылардың ұйымшылдық, береке-бірлік, татулық туралы түсініктерін кеңейту арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу
Міндеттері:
оқушыларға ынтымақ туралы түсінік беріп, өзара жағымды қарым-қатынастарын,сүйіспеншіліктерін дамытуға ықпал ету ,оларды татулыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу .
|
Ресурстар : оқулық, үнтаспа.
|
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру:(1 мин)
2.Тыныштық сәті :(3 мин)
3.үй тапсырмасы :(6 мин)
Үйге «Жанашырлық -жанға қуат» тақырыбына эссе жазып
келу тапсырылған .
|
Сабақ барысын талдау :
|
4.Дәйексөз:(5 мин)
Игілік басы-ынтымақ ,
ынтымақты елде күншуақ .
халық мақалы .
- Ынтымақ,бірлік бар жерде адамдар қандай жетістікке жетеді ?
|
|
5.Әңгімелеу :(10 мин)
Оқушыларға «Ынтымақ» атты қазақ халық ертегісін айтып беру .
- Нығмет пен Үсеннің ынтымақты қонақ етуінің себебі не?
- Сендер болсаңдар қалай етер едіңдер ?
Дәптермен жұмыс . «Ынтымақ» сөзжұмбағын шешу
|
|
6.Шығармашылық жұмыс :(12 мин)
Оқушылардың сабақта алған ойларын байқау мақсатында
шығармашылық жұмыс ұйымдастыру .Бірінші топқа ынтымақта өмір сүріп жатқан ортаның жағдайын бейнелесе,екінші бөлігі ынтымағы жоқ ортаны бейнелеу керек
Плакатқа өз ойларын түсіріп болған соң оны түсіндіріп береді .
Ойын «Туысыңңды тап» .Мұғалім оқушыларға әр түрлі ұлттың киімі бейнеленген суреті бар кеспе қағаз таратады .Әуен ойнатылып, бір -бірімен билей жүріп,өз туысын табады ,мұғалім «туысыңды тап!» деген кезде әр оқушы өз жұбын табу керек ,таба алмай қалған оқушы сұраққа жауап береді .Ойынның екінші шартында кеспе қағазда бейнеленген ту бойынша өз тобын табу керек болады ,мұғалім «туысыңды тап!» деген кезде барлығында Қазақстанның туы бейнеленгендіктен бір топқа жиналады .
|
|
7 .Топпен ән айту :(4 мин)
Армысыңдар ,адамдар
авторы : С Елеуов
|
|
8.Үй тапсырмасы :(1 мин)
Дәптермен жұмыс .Кестеде берілген сөздер мен олрдың анықтамаларын салыстырып,әрбір терминнің өзіне сәйкес келетін анықтамасын белгілеу .
|
|
9.Тыныштық сәті :(2 ,5 мин)
-Балалар , көз алдарыңа болашақты елестетіп көріңдер, көк тіреген ғимараттар, күн шуағына бөленген бақытты балалар, балаларының қуанышына мәз болған ата-аналар, қазақ тілінде сөйлесіп тұрған басқа да халықтар....
|
|
Мектеп :№ 142 мерзімі : 25.10.2013 ж .
Пәні : Өзін-өзі тану . Сыныбы : 6 оқушы саны : 8
Тақырыбы : Әсемдікке ұмтылайық
Құндылығы : әсемдік Қасиеттері: сұлулық , бағалаушылық
Сабақтың мақсаты :
«әсемдік», «бағалай алушылық», ұғымдарын түсіндіру.
Міндеттері:
қоршаған ортаның әсемдігі, адамның жан сұлулығы
жайлы білім беру, эстетикалық талғамдарын оятуға ықпал ету, әсемдікті сезініп, бағалай білуге тәрбиелеу .
|
Ресурстар : оқулық, үнтаспа,
|
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру:(1 мин)
2.Тыныштық сәті :(4 мин)
3.үй тапсырмасы :(6 мин)
оқушыларға Ш Сариевтің «Сұлулық» өлеңін жаттап келу тапсырылған болатын .
- Айналадағы дүниенің әсемдігін түсіну арқылы әсемдік пен ұсқынсыздықты ажыратуға бола ма ?
|
Сабақ барысын талдау :
|
4.Дәйексөз:(5 мин)
Сырты сұлуға -көз қызығады ,
іші сұлуға – жүрек қызығады .
Ғ Мұстафин .
|
|
5.Әңгімелеу :(10 мин)
- Адамды сұлу ететін не нәрсе ?
- Әсем ,сұлу нәрсе көргенде қандай сезімде боласыңдар
- Жан сұлулығын қалай түсінесіңдер ?
«Қыз Жібек» жырынан үзіндіні оқып беру .
- Қыз Жібектің тұлға ретіндегі әсемдігін неден байқадыңдар ?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс :(10 мин)
Оқулықтағы өнер туындыларын қарап шығып, әрқайсы
сындағы сұлулықтың мәнін ашу . Олардағы сұлулықтың мәнін іздеп, осы сұлулықты қалай сезініп,
қабылдағаны жайлы айтып беру .
Тапсырманы жекелей немесе топпен орындау керек .
|
|
7 .Топпен ән айту :(4 мин)
Қыз сыны
сөзі: Қ Қазыбековтікі
әні : М Омаровтікі
|
|
8.Үй тапсырмасы :(1 мин)
М Жұмабаевтың «Сұлулық сезімдері» мәтінін оқып ,
сұлулықты сипаттайтын сөздерді іріктеп алып, жаратылыстың қандай сезімдері сұлулыықты тудыраты
нын айтып беру .
|
|
9.Тыныштық сәті :(4 мин)
|
|
Мектеп :№ 142 мерзімі : 15.10.2013 ж .
Пәні : Өзін-өзі тану . Сыныбы : 10 оқушы саны : 9
Тақырыбы : Рухани байлық-игілік көзі .
Құндылығы : руханилық Қасиеттері: тазалық, адалдық,адамгершілік.
Сабақтың мақсаты :
«рухани байлық» ұғымын түсіндіру .
Міндеттері:
оқушыларға рухани байлық, игілікті іс ұғымдарын түсіндіре келе , адамға ең қажетті игіліктің не екендігін ажырата білуге үйрету, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар : оқулық, үнтаспа .
|
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру:(1 мин)
2.Тыныштық сәті :(4 мин)
3.үй тапсырмасы :(6 мин)
Ә Асылбековтың «Туған тілім-рухани асыл қазынам» атты өлең шумақтарын жатқа айтып келу тапсырылған болатын .
- Сенімен мейірімді анамды ұқтым дегенді қалай түсінесіңдер ?
|
Сабақ барысын талдау :
|
4.Дәйексөз:(5 мин)
Дүниенің көзі, тұтқасы, түп негізі- заттық нәрсе емес, рухани дүние
Платон .
|
|
5.Әңгімелеу :(10 мин)
- Қандай құндылықтарды рухани байлық дейді ?
- Игілік дегенді қалай түсінесіңдер ?
Н Айтұлының «Күлтнгіннің көк тасы» өлеңін мәнерлеп оқып беру .
- Тасқа түскен жазулардың рухани күші неде деп ойлайсыңдар ?
|
|
6.Шығармашылық жұмыс :(10 мин)
Берілген тақырыптарды басшылыққа ала отырып , әңгіме құрастыру .
1.Ұлттық мұрағат рухани мұралардан көрініс табады .
2. Менің елім- менің байлығым .
3. Ата баба дәстүрін құрметпен ұғынам .
4. Игіліктің ерте кеші жоқ .
5. Туған жжердің қымбат маған әр тасы .
6. Атадан қалған асыл сөз нұр құяды көңілге .
|
|
7 .Топпен ән айту :(4 мин)
Өз елім
сөзі: Қ Мырза Әлі
әні : Н Тілендиев
|
|
8.Үй тапсырмасы :(1 мин)
Т Әбдірахманованың «Даналарым » атты өлең шумақтарын жатқа айтып келу .
|
|
9.Тыныштық сәті :(4 мин)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |