Сабақ Бензол молекуласының құрылысы туралы видеоны көріңіздер



Дата11.09.2024
өлшемі1,44 Mb.
#204115
түріСабақ
Байланысты:
749287.pptx


Ароматты көмірсутектер. Бензол

Оқу мақсаттары


9.4.3.14 бензолдың алынуы, қасиеттері және қолданылуын сипаттау

Жаңа сабақ


1.Бензол молекуласының құрылысы туралы видеоны көріңіздер
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/aromattyq-komirsutekter-benzol?mid=ede6d190-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe
2.Бензол құрылымы туралы видеоны көріңіздер
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/aromattyq-komirsutekter-benzol?mid=ede6d190-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe
3.Бензолдың алкил туындыларын виео арқылы көріңіздер
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/aromattyq-komirsutekter-benzol?mid=ede6d190-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe
4.Ароматты көмірсутектерді қолданылуы туралы видеоны көріңіздер
https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/aromattyq-komirsutekter-benzol?mid=ede6d190-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe
Ароматты көмірсутектер – құрамында бір немесе бірнеше бензол сақиналары бар заттар жатады. Жалпы формуласы: СnH2n-6 болатын көмірсутектер. Арендердің қарапайым өкілі бензол С6Н6.
Арендердің алғашқы табылған мүшелерінің өздеріне тән жағымды иістері болғандықтан, оларды ароматты көмірсутектер деп атаған. Кейінірек ароматты көмірсутектерге жататын көптеген заттардың хош иістері болмайтыны анықталған.

Бензолдың алынуы


Алынуы. Өндірісте: бензол және оның гомологтарын мұнайдан, кокс газынан, тас көмір шайырынан алады.Сол сияқты ацетиленді синтездеп алады:
3С2Н2 → С6Н6
ацетилен бензол

Бензол молекуласының құрылысы


Бензол молекуласында көміртектің алты атомы алты мүшелі цикл жасап тұйықталады. Әр көміртек атомы бір сутек атомымен және екі жағындағы екі көміртек атомымен байланысады.
Физикалық қасиеті.
Бензол – суда ерімейтін, бірақ көптеген органикалық қосылыстарда жақсы еритін, өзіне тән иісі бар тұтанғыш сұйық, улы зат.
Бензол және оның гомологтары барлық органикалық заттарға тән жану мен айырылу реакцияларына түседі.
Жану реакциясы:
2С6Н6 +3О2 → 12С + 6Н2О
ал таза оттекте арендер толық жанады:
2С6Н6 +15О2 → 12С + 6Н2О
Химиялық қасиеттері.
Қолданылуы. Бензол өсімдіктерді зиянкестерден қорғайтын препараттар, бояғыш заттар, дәрі–дәрмектер, қопарылғыш заттар, синтетикалық талшықтар алу үшін және органикалық заттардың еріткіші ретінде кеңінен қолданылады.

Тапсырмалар


1 тапсырма.
Берілген заттардың молекулақы, құрылымдық формуласын және массалық үлесін табыңыздар:

көмірсутек

молекулалык формуласы

құрылымдық формуласы

w (C)%

w (H)%

С2Н2

С6Н6

С6Н12

2 тапсырма. Берілген айналымдарды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар: СН2 → C2H2 → C6H6 → C2H12 ↓ СН3Сl CO2

3 тапсырма. Массасы 7,8г бензолдық толық жануы үшін қанша көлем (қ.ж.) оттек жұмсалған. 4 тапсырма. Егер шығымы 80% болса, көлемі 20л ацетиленнен (қ.ж.) қанша бензол алуға болады. 5 тапсырма. Ацетиленді тримерлеу арқылы массасы 390г бензол алынды. Өнімнің практикалық шығымы 80%. Реакцияға түскен ацетиленнің көлемін (қ.ж.) есептеңдер.

7-тапсырма. Шикізатпен алынатын өнім арасындағы сәйкестікті тап


Шикізаттың атауы

Өнімдер

1.Мұнай

А)бензин

2.Көмір

Ә)қола

3.Мыс

Б)болат

4.Темір

В)ұшақ

5.Газ

Г)тұрмыста қолданылатын өнім

6.Күміс

Ғ)жылу электр станцияларына қолданылатын отын

7.Алюминий

Д)әшекей бұйымдар

Кері байланыс жасау


Сіздер қандай пікірдесіздер?
  • Нені біле алдыңыздар?
  • Не қызықтырды?
  • Сізге пайдасы бар ма?

  • Не түсінікті, не түсініксіз болды?

Үй жұмысы:


Оқулықтан 131-134 беттергі §59 Ароматты көмірсутектер. Безнол.
Оқулықтағы 134 беттегі №5 тапсырма мен №2 есепті орында

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет