Студенттің білімі мен біліктілігіне қойылатын кәсіби талаптар.
Практикадан соң студент білуі тиіс:
әрбір пәннің ерекшелігіне сәйкес сабақтардың ұйымдастыру ерекшелігін;
сабақтың типіне сәйкес құрылымдық ерекшеліктерін, сабақ жоспарына қойылатын талаптарды;
танымдық қызығушылығы мен оқу мотивациясын қалыптастырудың әдіс -тәсілдерін;
оқыту технологияларын, оларды тәжірибеде колдану ерекшеліктерін;
сабаққа талдау жасаудың түрлерін;
оқыту формаларын, әдістерін т.б.
Практикадан соң студент бойында төмендегі біліктіліктер қалыптасуы тиіс:
сабақ және сабақтан тыс шараның жоспарын жасау;
әдістемелік әдебиеттермен, бағдарламалар және оқулықтармен т.б. жұмыс жасау;
дидактикалық материал, көрнекі құралдар, оқыту ресурстарын (интернет ресурстар) дайындау;
оқушылардың жеке, жас ерекшелігіне сәйкес материалдар іріктеу;
оқытудың тәсіл – әдістерін, формаларын (оффлайн, онлайн) таңдау;
сабаққа кешенді, аспектілі, өзіндік талдау жасау;
жіберілген кемшілікті түзету;
түрлі білім беру платформаларында (оффлайн, онлайн) сабақ беру т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |