Сабақ бойынша жалпы мағлұмат: Күні ‑ 29. 10. 2014 ж. Топ ‑ 311, 313, 315, 317, 319, 321



Дата18.02.2017
өлшемі40,89 Kb.
түріСабақ
Ашық сабақты өткізу сапасы бойынша

хаттама
Жампеисов Думан Әбілтайұлы

оқытушының аты- жөні



Сабақ бойынша жалпы мағлұмат:

Күні ‑ 29.10.2014 ж. Топ ‑ 311, 313, 315, 317, 319, 321

Пән ‑ Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы

Сабақ формасы ‑ дәріс сабағы

Сабақтың тақырыбы: Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар

Сабақтың мақсаты: Азаматтық іс жүргізуге үшінші түлғалардың қатысуын, олардың түрлерін, даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші түлғалардың түсінігін, олардың іске кірісуінің немесе тартылуының негіздері мен процессуалдық тәртібін, олардың құқықтары мен міндеттерін білу.



Сабақтың жабдықталуы: проектор, экран, ақ тақта, маркерлер, ноутбук, модем, интернет байланыс, слайдтар.

Сабақтың ұйымдастырылуы:

Оқытушыда сабақ жоспары болды (Пәннің оқу әдістемелік кешеніне сәйкес), уақытты тиімді жоспарлай білді, сабақ құрылымының қойылған мақсат пен мазмұнға сәйкес болды.

Студенттердің оқу қызметінің әртүрлілігі сабаққа белсенді қатысу арқылы байқалды (өткен тақырыпты бекіту, қойылған сұрақтарға жауап беру, топтарға бөлініп берілген есептерді шешу, рөлдік ойындар арқылы тәжірибелік казусті шешу).

Студенттермен жұмыс формасы фронтальді, топтық, жекелей жұмыстан байқалды.

Студенттердің сабаққа дайындығы жоғары деңгейде болды.

Cабақтың мазмұны:

Сабақ мазмұны пәннің оқу әдістемелік кешеніне сәйкес болды.

Оқытушы сабақ материалдарын дұрыс таңдады, оны жеткізудің ғылымилығы жоғары деңгейде болды.

Зерттелген сұрақтар бойынша теория мен тәжірибенің байланысы қамтамасыз етілді.

Сабақтың практикалық маңыздылығы ашылды деп айтуға болады, берілген білімді тәжірибеде нақты қалай қолдануға болатындығы үйретілді.

Пәнаралық және пәнішілік байланыс жүзеге асырылды. Мысалы, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығы нормалары ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы, ҚР конституциялық құқығы нормаларына сәйкес талданды, салыстырылды.

Түрлі ақпарат көздеріне (қосымша және негізгі әдебиеттер тізімінен), соның ішінде университет кітапханасында бар мерзімді басылымдарға жүгіну қамтамасыз етілді. Мысалы, Заң және заман, Фемида, Правовая реформа в Казахстане, Заң газеті басылымдарына сілтеме жасалды.

Оқыту материалдарының тәрбиелік мүмкіндіктерін қолдана келе құқықтық мәдениеттің деңгейін жоғарылату бойынша насихат жүргізді және студенттер білімін бағалай білді.



Сабақты өткізу әдістемесі:

Сабақ барысында ақпараттық технологиялар және оқытудың техникалық құралдары шебер қолданылды, атап айтқанда проектор, экран, ақ тақта, маркерлер, ноутбук, модем, интернет байланыс және олардың тиімділігі берілген білімнің тәжірибеде қолданудың деңгейінің жоғары болуында.

Жампеисов Думан Әбілтайұлының дидактикалық материалдарды, көрнекілік құралдарды қолданудағы әдістемелік сауаттылығы жоғары деңгейде болды.

Қолданылған әдістер оқытушының мүмкіндіктеріне, студенттердің дайындық деңгейіне, сабақтың мазмұны мен мақсатына сай болды.

Оқытудың инновациялық әдістерін қолдану өте сәтті және тиімді болды. Атап айтқанда, дәріс сабағы барысында ұйымдастырылған құқықтық рөлдік ойын өмірдегі жағдайды көрсете тұра берілген білімдерді бекітті және алған білімдерін дұрыс қабылдағанын тексеруге жағдай жасады.

Сабақта студенттерді белсендіру әдістері, олармен дифференциалды тұрғыда жұмыс жасауға барлық жағдай жасалды, өйткені өткен тақырыпты қайталау, жаңа тақырыпты түсіндіру барысында пәнаралық және пәнішілік байланысты жасау, құқықтық рөлдік ойынды ұйымдастыру кезінде дәріс залындағы әртүрлі студенттерді қатыстырып белсендіре білді.

Студенттердің білімін бақылауды ұйымдастыру жоғары деңгейде жүргізілді.

Сабақты қорытындылауға оқытушының уақытты жетіп, сабақтың сәтті аяқталуына жағдай жасады.

Сабақ барысындағы аудитория зейіні жоғары және тәртібі әдепті болды.

Оқытушы сабақты жоғары деңгейде ұйымдастыру арқылы қойылған мақсатқа жете білді.



Тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстар, сабақтың жағымды жақтары: инновациялық тәсілдерді және көрнекілік құралдарды көп қолдануы.

Ескертулер, кемшіліктер: жоқ
Қорытынды:

1) Оқытушы сабақты жоғары деңгейде өткізді.

2) Сабақты өткізу формаларын, әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану үшін таратуға ұсынылсын.

3) Кафедраның жас оқытушылары Жампеисов Думан Әбілтайұлының сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтасын.




Сабаққа қатысушының қолы


Қорытындымен таныстым

__________________Ибрагимова Ф.Г.

Азаматтық‑құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты





__________________Жампеисов Д.А.

___________________Кайшатаева А.К.

Азаматтық‑құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты








_______________________Разиева Д.Б.

Азаматтық‑құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы









Күні ________________





Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет