Стандарттық жолдардың арасына бастиекті орнату мүмкіндігі кейбір дискі жүргізушілердің ерекшелігіне жатады. Осы аралық жолдар, əдетте, мəліметтерді жазу үшін жарамайды, өйткені олар стандартты жолдарға соншалықты жақын. Стандарттық жолдарды пайдаланбай осы аралық жолдарды қолдануға болады, сонда стандарттық көшіру бағдарламасы аралық жолды өткізіп жібереді.
Жазбаныңқұрсаулануынтексерумəнінеде?
Жазбаға рұқсат етілген кесігі желімденген дискілер шығару дискіні қорғаудың аса қарапайым əдісі болып табылады. Бұл жерде дискінің сигна- турасы оның кесігі болады, ол жабық болғанда дискіге жазуға мүмкіндік берілмейді. Əдетте, жүктеу бағдарламасы дискіге жазылуға ұмтылады жəне егер операция жүзеге асса, онда пайдаланушы дубликат-дискіні дайындайды деп саналады. Осы сигнатураны пайдаланғанда үлкен сақтық таныту қажет.