Сабақ Бөлім Өзім туралы Педагогтің аты- жөні



бет16/35
Дата12.10.2023
өлшемі114,72 Kb.
#185129
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
1-сынып 1-2-3-4 тоқсан 472б

Жаңа жылға сый

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

        1. есту қабілетіне сүйеніп таныс дыбыстарды, музыканы тану;

1.1.3.5 түрлі музыкалық аспаптардың дыбысталуын анықтау;

Сабақтың мақсаты

«Шырша әні» мен «Бала тілегі» әндерін тыңдау, мәнерлеп орындайды. Шығармашылық тапсырмаларда ұжыммен бірге белсенділік танытады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі\уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

Педагогикалық ахуал қалыптастыру. Балаларға жаңа жылдық көңіл күй сыйлау:
-Жыл сайын отбасың, достарың жаңа жылды асыға күтеді. Өзің де мектептегі Жаңа жыл мерекесіне жаңа ән, жаңа би дайындайсың. Сабақ Жаңа жыл мерекесіне тұтас болғандықтан, музыкалық материал мен тапсырма түрлерін таңдауда оқушылардың қызығушылығына ерекше мән берілуі керек.
1-тапсырма. Орындау.
Мұғалім Л.Хамидидің (өлеңін жазған: Ә.Дүйсенбиев) «Шырша әнінің» бірінші шумағын үйретеді. Белгілі композитор Л.Хамидидің жарты ғасырдан астам уақыт бұрын шығарған «Шырша әні» - бүгінге дейін мектепте шыршаны айнала, қосылып айтатын балалардың сүйікті әндерінің бірі. Әннің әуені тез есте сақталып, орындауда қиындық келтірмейді

Оқушылар Л.Хамидидің «Шырша әнінің» бірінші шумағын үйренеді.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия

Ортасы

2-тапсырма. Тыңдау. Орындау. Оқушыларға тыңдауға және орындауға «Бала тілегі» атты жаңа ән ұсынылады (әнін жазғандар:Т.Тоқжанов, Ү.Ерниязов, өлеңін жазған: О.Сәндібек).
Гармониялық ля-минор тональдылығында жазылған, көңілді, жарқын ән. Әнді орындаудағы қиындық – қайырмасындаға диапазондық шарықтаулар, өтпелі 2-ші октавадағы екі сегіздік до және бір сегіздік ре нотасы. Бұл ән жылдам екпінде орындалып, үнемі жоғары қалыпта қалмайтындықтан, кейбір сыныптарда қиындық туындамауы да мүмкін. Дегенмен үйрену барысында ән қайырмасының бірінші және екінші өлең жолдарын октава төмен түсіріп орындауға болады. Балалар кіші октавағы ля нотасын әдетте орындап жүр. Бірінші сыныпта ересек балаларға қарағанда көмей жоғары орналасқандықтан, кеуделік дыбыс күші әлі қалыптаса қоймаға. Үндері өте нәзік, таза, сыңғыр.
3-тапсырма. Шығармашылық. Мұғалім оқушылармен жұмбақтар шешеді.

  • Қыс мезгілінде кездесетін ғажайып табиғат көріністерін жұмбақтарды шешу арқылы сипатта.

4-тапсырма. «Әуенді тап» ойыны. Оқушылар шыршаларда ілінген ойыншықтар түріндегі ноталарды әуендетіп, таныс әндерді табады.

«Бала тілегі» әнін тыңдап, мазмұнына көңіл бөледі. Бірінші шумағының әуенін үйренеді.




«Музыка» оқулығы, Нота хрестоматиясы,
Фоно - хрестоматия

Соңы

Шығармашылық тапсырма түрлерінде балаларға сурет көрмесі мен «Әуенді тап» ойыны ұсынылады. Мұғалім суреттегі шыршаға ілінген ойыншық түріндегі ноталарды балалармен бірге орындап, «Бала тілегі» әні мен «Сәлем, досым» әнінің әуендерін табады.

Мұғалімнің көмегімен шыршаға ілінген ойыншық түріндегі ноталдан таныс әндерін табады.




«Музыка» оқулығы

Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б.

Пәні: музыка

Бөлімі: Саяхат

Педагогтің аты- жөні

Мамырова Аширкул Кузеновна.

Күні

21.01.2022ж.

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет