Бейнетаспадағы көрініс https://youtu. be/tYRILY0zllY Сергіту сәті
2-жаттығу ауызша орындалады.
Сергіту сәті 3-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.
Жұмыс дәптеріндегі шығармашылық тапсырманы орындау.
Жұмбақты аяқтап жазып, шешуін тап.
Соңы
«Кім жылдам?» ойыны Мұғалім й, ң, у дыбыстарына байланысты сөздер айтады. Балалар сол сөздерді ауызша тасымалдайды. Мұнда оқушылардың жылдамдықтары шыңдалады.
1.2.2.1 мұғалімнің қолдауымен мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтау;
1.4.1.2 мұғалімнің қолдауымен сөзді дұрыс тасымалдауды, тасымалданбайтын сөздерді білу;
1.4.1.1 айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазу
Сабақтың мақсаты
Өлеңді мәнерлеп оқиды. Мұғалімнің қолдауымен өлеңде не туралы айтқанын біледі. Сөздерді дұрыс тасымалдай алады.
Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп жазу және есту, есте сақтау арқылы жазады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Психологиялық дайындық Бала, бала, балапан, Кәне, қайсы алақан? Саусақтарың әйбат, Былай-былай ойнат.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп
үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы бірге орындайды. Таныстырылымда жазылған өлеңді хормен оқып, көңіл күйлерін көтереді.
Ортасы
Кіріспе әңгіме жүргізу. Қазақ халқы шаруашылығының бірі – мал бағу. Төрт түлік кисек – киім, ішсек – тамақ, мінсек – көлік.
Ал, мұқият қараңдаршы, осы төрт түлік малдың ішінде қайсысының суреті жоқ?
Мына жұмбақтарды шешіп көрейік.
Жұмбақтар: Иір-иір денесі, Сахараның кемесі.
Кезікті бір жануар, Үстінде екі тауы бар.
Ащы шөптер – тамағы, Шөлге шыдап бағады. Бұл не, өзің тауып ал?
Суретке назар аудартып, түйе туралы білетін деректерін айтқызады.
Дұрыс, балалар, төрт түлікке жататын жануардың бірі – түйе.
Түйенің төлі қалай аталады?
Олай болса, бүгін біз бота туралы өлеңмен танысамыз.
Оқулықпен жұмыс 1-жаттығу. «Бота» өлеңінің мазмұнын меңгертуге байланысты жүргізілетін жұмыстар:
Мұғалім оқушылардың назарын өзіне аударады.
Өлеңді мәнерлеп оқиды.
Балалар, біз өлеңді қалай оқуымыз керек?
деп сұрақ қояды. Балалармен бірге өлеңді мәнерлеп оқу критерийлерін құрады:
Өлеңді анық оқу керек.
Тыныс белгілеріне назар аудару қажет.
Дұрыс (қатесіз) оқу керек.
Шапшаң оқу қажет.
Түсініп оқу керек.
Балалардың жауаптарын алдын ала ескеріп, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқуға қойылатын талаптарды жазып, слайд дайындап қояды.
3. Табанына қатысты айтылған сөзді табыңдар. Мойнына қатысты айтылған сөзді табыңдар. Ботаның дене бітімі қандай болады? (мойны, көзі, аяғы, ерні) Бота не жейді?
Балалар жұмбақтардың жауабын айтады.
Түйе туралы білетін деректерін айтады.
1-жаттығу. Балалар өлеңді мәнерлеп жеке оқиды; хормен оқиды; мағынасын түсіндіреді.
Сұрақтарға жауап береді.