Сабақ Бөлім: Заттар мен олардың қасиеттері. Ауа мен су



Дата17.12.2022
өлшемі369,5 Kb.
#163086
түріСабақ
Байланысты:
4кл жаратылыстану 14-апта


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«------------------------- орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Жаратылыстану 26-сабақ



Бөлім:

Заттар мен олардың қасиеттері. Ауа мен су

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Желдің пайдасы мен зияны

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.3.2.1 адам тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану жолдарын анықтау
4.1.2.2 алынған нәтижені білім алушы таңдаған формада ұсыну

Сабақтың мақсаты

  • тіршілігінің түрлі салаларында ауаны қолдану жолдарын анықтайды;

  • алынған нәтижені өзі таңдаған формада ұсынады;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті



Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру,
өзін –
өзі тексеру

5 мин


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу:
-Өткен тақырыпты мазмұндаңдар.
-Өткен тақырыптарға байланысты бір-біріңе сұрақ қойып, жауап алыңдар.
Оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі арқылы жүреді:
-Жел деген не?
-Жел қайдан соғады?
-Желдің пайдасы бар ма?
-Желдің қандай зияны бар?
- Сонымен бүгінгі сабақта не үйренеміз деп ойлайсыңдар?
Сабақ мақсаты жария етіледі.
Топқа бөлу «Санау» әдісі арқылы жүреді.

Жаттығу жасайды.

Сұрақтар қояды, жауап береді.


Тақырып ашады.


Топқа бірігеді.

Сұраққа жауап берген оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау. Жауабын толықтыру, тиімді кері байланыс жасау.






Жаңа білім
15 мин

2 мин
Бекіту


18 мин



(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісімен орындалады. Дәптермен жұмыс болады.
А) Сөздік жұмысы.
Желдің бағыты, желдің жылдамдығы.
Ә) Суретпен жұмыс.
Суреттерді пайдаланып, әңгімелеңдер
Желдің қандай пайдасы бар? Зияны қандай? Өздерің қандай мысалдар келтіретін едіңдер?
Б) Мәтінмен жұмыс.
-Мәтінді түсініп оқып танысыңдар.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүзеге асады.
Кейбір оқушыға:
-Тағы қандай салада желдің қасиетін қолдануға болады деп ойлайсың?


Сергіту сәтінде «Көңілді күн» әнін айтып билету.


(Т) 2-тапсырма -«Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі:
А) Зертте.
-Жел туралы нені білу керек?
Желдің күшін пайдалану үшін немесе желден келетін зиянды болдырмау үшін адамдар жел туралы нені білу керек деп ойлайсыңдар?
Ә) Ойлан.
- Жыртқыш жануарлар неге желге қарсы жүреді?
Б) Тәжірибе.


  • Сөздікті жазып алады.


  • Сұрақтарға жауап береді.

Билеп сергиді.


Сұрақтарға жауап беріп, тапсырма орындайды.



Дескриптор:

  • Сөздікті жазып, жаттап алады-1балл.

  • - Желдің пайдасын анықтайды-1 балл.

-Желдің зиянын анықтайды-1балл.
Желдің пайдасы, зиянына мысалдар келтіреді-2балл.


Дескриптор:
- Желдің күшін пайдалану үшін немесе желден келетін зиянды болдырмау үшін адамдар желдің бағытын, жылдамдығын білу керектігін анықтайды-2балл.
Жыртқыш жануарлар жемтігіне иісі бармау үшін және жемтігінің желмен келген иісі арқылы орынын анықтау үшін желге қарсы жүретінін сипаттайды-3балл.

Жараты-лыстану оқулығы 4-сынып 2019ж,
дәптер






Кері байланыс
5 мин

Кері байланысты «Шеринг» әдісі арқылы береді. Оқушылар шеңберге тұрып бүгінгі тақырыптан алған білімі туралы талдайды.

  • Мұғалім оқушылар жауабын талдап, өз қалыптастырушы бағасын қояды.

Оқу тапсырмасы: мәтінді мазмұндау.

Кері байланыс жасайды.
Оқу тапсырмасын жазып алады.

ҚБ қойылады.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет