Сабақ Болымсыздық және белгісіздік есімдіктері А. Абдуллаева Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Шорнақ» жалпы орта мектеп кмм



Дата04.07.2018
өлшемі200,01 Kb.
түріСабақ
Ашық сабақ

Болымсыздық және белгісіздік есімдіктері

А.Абдуллаева

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

«Шорнақ» жалпы орта мектеп КММ

Сабақтың тақырыбы: Болымсыздық және белгісіздік есімдіктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: белгісіздік және болымсыздық есімдіктері жайлы кеңінен түсінік беру,

ерекшеліктерін таныстыру, таныту.

Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін дамыту, сөздік қорларын молай-

ту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: «Миға шабуыл», талдау, ребус құрау, сөзжұмбақ шешу

Көрнекіліктері: үлестірмелі парақшалар,бағалау парақтары, интерактивті тақта.

Психологиялық дайындық. « Шаттық шеңбері »

Қуанышты шеңберге,

Қандай жақсы қол берген.

Достарды біз қолдаймыз,

Белсенді жұмыс жасаймыз.

Сыныбымыз тап – таза,

Бор да дайын тақтада.

Ойымызды жинақтап,

Отырайық партаға

Сынып оқушыларын түрлі түсті конфеттер арқылы 3 топқа бөліп алу.

Үй тапсырмасын сұрау. «Миға шабуыл»

Шарты: қолдарына берілген таратпалардағы өлең шумақтарын мұқият оқып,онда кездесетін есімдіктерді тауып, оларды мағыналық түрлеріне, тұлғасына ажырату.Сол есім-дік туралы толық мағлұмат беру.

І топқа:

Мен,сен, Сіз,ол,

Бұлармен таныс бол!

Біз,сендер,Сіздер,олар-

Жақ-жақ болып, орта толар. (жіктеу есімдігі)

ІІ топқа:

Өзіме-өзім – түбірмін,

Негізбін туыс бар сөзге.

Өздік есімдік аталғам,

Бола алмаспын енді өзге. (өздік есімдігі)

ІІІ топқа:

Анау не жарқыраған,

Аспаннан тартып алам.

Мынау не сарқыраған?

Қалайша сарқылмаған? (сілтеу есімдігі)

Тақтада «Сатылай кешенді талдау» жұмысын жүргізу.

Шарты: Әр топтан бір оқушы шығып, берілген тапсырма бойынша талдау жасайды.

1-топқа: ол 2-топқа: бүтін 3-топқа: осы есімдіктері беріледі.

Үлгі:


Бұл Ол бүтін осы

Негізгі негізгі негізгі негізгі

Дара дара дара дара

Есімдік есімдік есімдік есімдік

Сілтеу жіктеу жалпылау сілтеу

қай? Кім? қандай? қай?

Анықтауыш бастауыш анықтауыш анықтауыш

Үй тапсырмасын бекіту мақсатында 5-тік тест тапсырмаларын орындату.

1.Өзімнен — есімдігі қай септікте тұрғанын белгіле.

A) Ілік септік B) Барыс септік C) Көмектес септік D) Шығыс септік E) Табыс септік

2. Бастауыш қызметіндегі есімдікті белгіле. Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

A) Мен B) Жазбаймын C) Өлеңді D) Ермек E) Үшін

3.Қашан, қайда, қай - есімдіктің қай түріне жататынын анықта.

A) Сұрау B) Сілтеу C) Белгісіздік D) Болжалдық E) Өздік

4.Сілтеу есімдіктерін белгіле.

A) Кім, не, кімдер B) Сіз, сендер C) Өзің, өзіңіз D) Бұл, сол, мына E) Мен, сен, ол

5. Жатыс септікте тұрған өздік есімдігін белгіле.

A) Өзімде B) Өзім C) Өзімнен D) Өзімнің E) Өзіңде




Жаңа сабақтың тақырыбы: Болымсыздық және белгісіздік есімдіктері (слайд көмегі-мен сабақты түсіндіру)

Ешқандай ағаш екпей-ақ,

Ешқайда сапар шекпей-ақ.

Қамбаға жеміс толтырдым,

Түк те терді төкпей-ақ.

Ешбір алаң болмадым,

Жұмыс та тоқтап қалмады- деген өтірік өлеңге назар аударайық. Бұл жерде ешқандай, еш-қайда, түк, ешбір есімдіктері болымсыздық мағына беруде.

Есімдіктің болымсыздық мағынаны білдіретін түрі болымсыздық есімдігі деп ата-лады. Болымсыздық есімдіктері төмендегі сөз таптарының орнына жүреді.

  • Ешкім, ешқайсысы (кім? зат,адам мәнінде қолданылады), дәнеңе,ештеңе (не?

жансыз зат, мәнінде жұмсалады) есімдіктері зат есім орнына;

  • Еш сөзі мен бір, кім ,қашан, қандай, қайдан, қайсысы есімдіктері бірігіп жасалып,

заттық, сындық мәнді білдіріп сын есім орнына;

Ешқашан, ешқайда,ешқайдан дегендері үстеу немесе мезгілдік,мекендік мағынаны біл-діретін сөздердің орнына жұмсалады.

Болымсыздық есімдіктер негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі ар-қылы жасалады. Мысалы: еш, ешкім, ешбір, ештеме, дәнеңе, ешқашан, ешқандай, ешқай-сы.  Болымсыздық сөйлемде болымсыздық мағына білдіретін емес, жоқ деген сөздермен және ет-істіктің болымсыз түрімен байланысты қолданылады (ешкім айтқан емес; ешкім айтқан жоқ; ешкім айтпады т. б.).



Мысалы: Бұл жерде ешкім сырымды білмейді, айтып не етейін? (Абай)

Көнбеді ешкім сөзіме, әдетіне қарысып. (Абай).

Мылтық оқтағанда оның аузын ешқашан кісіге қаратпа, кісіге қаратып ойнап оқтама. (Ш.Айманов). 

Енді есімдіктің соңғы түрі белгісіздік есімдігіне тоқталайық.

Белгісіз болған жақсы ма,

Біреу боп елге беймәлім?

Әрнені айтпай кей кезде,

Нақты айтқайсың сөз жайын.

Мына сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.Оларды басқа сөзбен алмастырып көріңдер.Біреу есік қағып тұр. Арман әрнені бір ойлап, басы қатты. Әрқашан оның айтқаны болатын.

Затты,сандық белгіні,сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап,тұспалдап көрсету мә-нін білдіретін есімдіктің түрі белгісіздік есімдігі деп аталады.Белгісіздік есімдігіне кей, бір, әр, әлде деген сөздерден жасалған есімдіктер жатады.Мысалы:кейбіреу,біреу,бірдеме,

бірнеше,біраз, әркім,әрне,әрқалай,әрқашан,әлдеқайдан,әлдекім,кімде-кім,т,б.деген сөздер жатады.

  • Әлде, әр, қай, кей, бір есімдіктері өзге есімдіктермен тіркескенде бірге жазылады.

Әлдеқашан,кейбіреу,әркім,қайбір, т.б.Мысалы: Ауыл әлдеқашан көшіп кетіпті. Кейбіреулер естімей қалды.

  • Біреу,кейбіреу,қайсыбіреу,бірдеме,әрне,әлдекім,әркім, әлдене тәрізді белгісіздік

есімдіктері зат есім орнына жұмсалады. Үйге (кім?) біреу келіп кетті. (Кім?) Әркім өз білгенін айтуда.

  • Бірнеше, әлденеше есімдіктері сан есім орнына жүреді.

  • Қайсыбір,кейбір, әр, әрбір, қайбір, әлдебір, әлдеқандай есімдіктері сын есім

орнына жұмсалады. Қайбір жылы өзен тасыған еді.

  • Әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай,әлдеқайда, әлдеқайдан белгісіздік есім-

діктері үстеу мәнінде мезгілдік мекендік мағынада қолданылып, пысықтауыш қызметін атқарады. Әрқашан кешірімшіл бол.

 Қарғалар шөп арасынан әлдеқандай аңды қуып жүр.



Бірнеше күн қар аралас бұршақ жауды.

Әрқашан осы ұстаған бағытыңнан айрылма.

Сөйтіп, белгісіздік есімдіктері сөйлемде бастауыш, толықтауыш, анықтауыш, пы-сықтауыш қызметтерін атқарады.


Оқулықпен жұмыс

1-топқа: 152 - жаттығу. Рөлге бөліп оқу,есімдіктерді мағыналық түріне қарай ажырату.

Есімдіктердің мағыналық түрі 
Жіктеу сен, оларды. 
Сілтеу оны, осы. 
Сұрау – 
Өздік – 
Жалпылау барлығы, бәрін 
Белгісіздік – 
Болымсыздық ештеңесін, ештеңесі, ештеңе, ештеңеге. 

2-топқа: 153 - жаттығу. Көшіріп жазып,есімдіктердің астын сызу.

Ешбір дыбыс жоқ, ешқандай қыбырлаған қара көрінбейді, ешкімде үн жоқ, ешкім дыбыс шығарып сөйлемейді.

3-топқа: 154 - жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқып, есімдіктердің мағыналық түріне ажыра-ту. Бәрі де майдан үшін, бүкіл қауым, біреудің бауырласы, біреудің бас иесі,т.б
«Көкпар» ойыны

Келесі тапсырмалар сендердің білімдеріңді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл кезең «Көкпар» деп аталады.



Ойын шарты: Әр топтан бір оқушыдан шығып «Қалташадан» сұрақ алып, сұрақ-ты оқиды. Жауап бере алмаса, қалған екі топтың оқушылары қол көтеріп жауап береді. Ойын кезегі осылай жалғасады.

  1. Ермек ешқайсысына қараған жоқ. Есімдікті тап, қандай есімдік, түрлену үлгісі.

Ешқайсысы-на болмысыздық есімдігі, на -барыс септігінде тұр.

  1. Мен ешкімнің малын түгендеп жүргем жоқ. Есімдікті тап, қандай есімдік, түрлену

үлгісі. Ешкім-нің болымсыздық есімдігі, нің ілік септігі.

  1. Барлық кернейлер тартылып, барлық дауылпаз дабыл қақты. Есімдікті тап, қандай

есімдік, түрлену үлгісі. Барлық жалпылау есімдігі, атау септігінде тұр.
Сергіту сәті. «Бұл қай есімдік» ойынын ойнату.

1. Етікші аспабының бірімен аттас есімдік? (біз - жіктеу есімдігі)

2. Басқаның бәрін өзі сұрайды, Өзінен ешкім сұрамайды. (өздік есімдігі)

3. Біреулері көрсетіп нұсқап тұрады,

Біреулері мәлімсіз есімдердің орнына қолданылады. (белгісіздік есімдігі)

4. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды?  (жіктеу есімдігі)
5. Көпшіл және көңілшек, 
Ештемені бөліп жармайды, 
Көптік ұғым беріп, 
Көпшілікті қармайды. (жалпылау есімдігі) 
Тақтада жеке оқушымен жұмыс.

Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, берілген таратпадағы есімдіктерді септеп жа-зады 1-топтағы оқушыға: ешкім, 2-топтағы оқушыға: әркім, 3-топтағы оқушыға: кейбіреу

А.с. ешкім әркім кейбіреу

І.с. ешкімнің әркімнің кейбіреудің

Б.с. ешкімге әркімге кейбіреуге

Т.с. ешкімді әркімді кейбіреуді

Ж.с. ешкімде әркімде кейбіреуде

Ш.с. ешкімнен әркімнен кейбіреуден

К.с. ешкіммен әркіммен кейбіреумен

Бұдан басқа отырған әр топтан бір оқушыға жеке тапсырма беріледі. Таратпа қа-ғаздар тарату:

1. Сөйлемдерден белгісіздік және болымсыздық есімдіктерін тауып, жасалу жолына қарай талдаңдар, тағылымды ой-пікірдің мағынасын түсіндіріңдер.

1. Әркімнің ішкі нұр сәулесінің үш аты бар,ол:еңбекқорлық, жақсылық, кішіпейілділік.

2. Ал, зұлымдық жасайтындар әрқашан қорқақ.

3. Біреуді сыртынан жамандау – нағыз жаман, надан адамдардың ісі.



2. Берілген өлең шумақтарынан белгісіздік және болымсыздық есімдіктерін тауып, мағынасын анықта.

1.Белгісіз болған жақсы ма,

Біреу боп елге беймәлім?

Әрнені айтпай кей кезде,

Нақты айтқайсың сөз жайын. (біреу, әрнені, кей есімдіктері белгісіздік мағына беруде)

2. Ешқандай ағаш екпей-ақ,

Ешқайда сапар шекпей-ақ.

Қамбаға жеміс толтырдым,

Түк те терді төкпей-ақ,

Ешбір алаң болмадым,

Жұмыс та тоқтап қалмады (Ешқандай, ешқайда, түк, ешбір есімдіктері болымсыз Мағы-

на беруде.)

3.Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша,

Кейбіреу қояр құлақ ұққанынша.

Сөз мәнін түсінерлік кейбіреу бар,

Абайлар әрбір сөзді өз халінше. ( кейбіреу, әрбір есімдіктері белгісіздік мағына беруде)
Барлық топқа бірдей тапсырма.

155 - жаттыу.

Өлең шумақтарын мәнерлеп оқыңдар. Қарамен жазылған белгісіздік есімдіктерінің тұлғасына, қалай жасалғанына талдау жасаңдар.

Мысалы: кейбіреу, әрбір, әр, кейбір, біріңдікін бірің, бір, біріңнің бірің, біреуі .

Тұлғасына қарай талдау . Мысалы: кейбіреу
1. Тұлғасына қарай:

б) туынды түбір – екі сөздің бірігуінен жасалған.
2. Құрамына қарай: екі құрамнан тұрады кей+біреу.
3. Құрылысына қарай: күрделі – біріккен сөз
4. Лексикалық мағынасы – адам есімінің орнына жұмсалатын сөз.
5. Грамматикалық мағынасы: – есімдік.
6. Сұрағы – Кім?
7. Мағынасына қарай – белгісіздік есімдік.
«Есімдік» сөзжұмбағын шештіру.

1. жіктеу есімдігі мен

2. сілтеу есімдігі осы

3. сұрау есімдігі кім

4. өздік есімдігі өзім

5. белгісіздік есімдігі әлдене

6. болымсыздық есімдігі ешкім

7. жалпылау есімдігі күллі
Топтық жұмыс. ВЕНН диаграммасы. (постер түрінде ортада қорғап шығады).Әр топ мүшелері өздеріне берілген есімдіктердің ерекшеліктері мен ортақ қасиеттерін жазады.

1-топқа:

болымсыздық есімдігі

Ортақ қасиеті

белгісіздік есімдігі

2-топқа:

жіктеу есімдігі

Ортақ қасиеті

Сілтеу есімдігі

3-топқа:

өздік есімдігі

Ортақ қасиеті

Жалпылау есімдігі


Сабақты сұрақ-жауап арқылы бекіту.

  • Есімдіктің мағыналық ерекшелігі неде?

  • Не себепті есімдікті орынбасар сөз табы дейміз?

  • Есімдіктің қандай мағыналық түрлері бар?

  • Жіктеу есімдігі дегеніміз не?

  • Сілтеу есімдігі қандай сөз таптарының орнына жүреді?

  • Сұрау есімдіктерінің ерекшеліктері неде?

  • Өздік есімдігінің қолдану ерекшелігі қандай?

  • Жалпылау есімдігінің мағыналық ерекшелігі неде?

  • Болымсыздық есімдіктерінің мағыналық, құрамдық ерекшеліктері қандай?

  • Белгісіздік есімдіктерінің мағыналық, құрамдық ерекшеліктері қандай?


Сабақты қорытындылау мақсатында «Біліміңді байқап көр» айдары арқылы 5-тік тест алу.

1. Кімде- кім, әркім, бірнеше – есімдіктің қай түріне жататынын көрсет.

A) Болымсыздық B) Белгісіздік C) Жалпылау D) Өздік E) Сілтеу

2. Берілген мақалдағы есімдіктің түрін белгіле.

Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

A) Белгісіздік B) Болымсыздық C) Жалпылау D) Өздік E) Сілтеу

3. Ешкім, ештеңе, дәнеңе есімдіктің қай түріне жатады.

A) Сұрау. B) Өздік. C) Жалпылау D) Болымсыздық E) Белгісіздік

4. Барыс септігінде тұрған өздік есімдігін тап.

A) Өзі B) Өзіме C) Өзің D) Өзімен E) Өздерің

5. Баяндауыш қызметіндегі есімдікті белгіле.

Кешегі келген бала — осы.

A) Кешегі B) Келген C) Бала D) Осы E) Мен

Кері байланыс. Тақырыбы: _______________________________ 
Бүгін мен білдім…..................................

Қызық болды ….....................................

Қиын болды …......................................

Мен тапсырма орындадым…..............

Мен түсіндім, …..................................

Енді мен жасай аламын…......................................

Мен сезіндім …......................................................

Мен үйрендім …....................................................

Мені таңдандырды….............................................

Сабақ менің өмірім үшін …..................................

Мен болашақта……...............................................

Оқушылар кері әсер парағын толтырып, жинап береді.

Бағалау ( формативті, критериалды).

Бағалау критерийлері арқылы әр топ басшысы өз топ мүшесінің тапсырманы қалай орындауына байланысты бағасын айтып шығады.



Топ басшысының бағалауын ескеріп, салыстыра отырып сабақ барысында белсенді қатысып отырған оқушыларды берген жауаптарына қарай бағалап, жиынтық бағасын өзім қоямын. Алған бағаларын күнделіктеріне қойып беру.

Үйге тапсырма:

Күнделікті енді ашайық,

Үй тапсырмасын жазайық.

Бүгін алған білімді,

Ұмытпай, еске салайық

156-жаттығу.

Сөйлемді көшіріп,құрамындағы белгісіздік есімдіктері қай сөз табының орнына жұмсал-ғанын анықтаңдар.

Қосымша тапсырма. Ребус не сөзжұмбақ құрау.

1-топқа: Ол-оқыған азамат. (жіктеу есімдігі)

2-топқа: Мына жаман әдеттен аулақ бол. (сілтеу есімдігі)

3-топқа: Өз үйім-өлең төсегім. (өздік есімдігі)

Шарты: берілген сөйлемді мұқият оқып,ондағы есімдікті тауып, сол есімдікке байланысты ребус немесе сөзжұмбақ құрап келу.

Ұнаса менің сабағым,

Рахмет айтып қоштайық,

Ертеңгі күнгі сабақты

Есімдікті қайталаудан бастайық.

Күлімде, күн, күлімде,

Күлсін барлық бала шат!

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу