Сабақ Құдай жіберген Құтқарушы кім?



Дата06.07.2018
өлшемі63,48 Kb.
Зерттеушілер клубы

1-ші курс

5-ші сабақ
Құдай жіберген Құтқарушы кім?

Қымбатты дос!

Өткен сабақта біз Адам мен Хауаның Құдайдың тілін алмай, қалай күнәға батқанын білдік. Құдайдың тілін алмағандықтан, олар пейіш бағынан кетуге тиісті болды. Бірақ Құдай Адам мен Хауаны бәрібір жақсы көргендіктен, оларға Құтқарушы жіберуге уәде берді.
Сол Құтқарушы кім? Ол – Иеміз Иса. Киелі кітапта былай делінген: “Оның атын Иса деп қоясың, себебі Ол Өзінің халқын күнәларынан құтқаратын болады” (Матай 1:21).
Иеміз Иса дүниеге келмей тұрып, Құдай өз халқына күнәлары үшін құрбандық шалуды бұйырды. Әр адам өз күнәсі үшін құрбандыққа тоқты шалуға тиісті болатын. Адамның күнәсі үшін тоқты өлетін. Құдай тағала адамдарға “күнә үшін біреу өлуге тиісті” екенін үйреткісі келді. Киелі кітапта: “Күнәнің беретіні – мәңгілік өлім” деп жазылған (Рим. 6:23).
Сонымен қатар Құдай адамзатты күнәдан құтқару үшін Біреу жерге келіп, жанын қияды деп уәде берді.
Әр адам өз күнәсі үшін құрбандыққа тоқты шалуға тиісті болатын.
Иса – Құдай жіберген Құтқарушы

Ұрпақтан ұрпаққа адамдар өз күнәлары үшін Жаратқан Иеге құрбандыққа тоқты шалған. Олар күнәнің өтеуі ретінде біреудің өлуі керек деп білетін. Құдайдың сол үшін тоқты шалуға рұқсат еткенініне адамдар өте риза болды. Сонымен қатар олар Құдай жіберетін Құтқарушыны да күтіп жүрді.

Бір күні Жебірейіл періште Мәриям есімді кіршіксіз таза қызға келіп, оған Құтқарушының шешесі болатынын айтты.

Періште оның айттырылған жігіті Жүсіпке де аян беріп: “Мәриям Ұл туады, сен Оның атын Иса деп қоясың, себебі Ол Өзінің халқын күнәларынан құтқаратын болады”, - деді (Матай 1:21).


Иса есімінің мәні – “Жаратқан Ие – Құтқарушымыз”. Иса – бізді күнәларымыздан азат ететін Құтқарушы Иеміз.
“ ... бүгін Дәуіттің қаласында сендердің Құтқарушыларың дүниеге келді, Ол – Иеміз Мәсіх!” – деп хабарлады (Лұқа 2:11).
Иеміз Иса Бетлехемде дүниеге келді. Кәдімгі нәрестелер сияқты, Оның да шешесі болды. Бірақ Оның табиғи әкесі болмады. Періште Мәриямға: “Сенің үстіңе Киелі Рух келіп, Құдіретті Құдайдың күші саған көлеңкесін түсіреді. Сондықтан да сен табатын Киелі Бала “Құдайдың Ұлы” деп аталады”, - деді (Лұқа 2:35).

Иса өте тіл алғыш бала болатын. Киелі кітапта: “Ал Исаның ойы да, бойы да, Құдай мен адамдарға сүйкімділігі де арта түсті”, - деп жазылған (2:52).

Иса ер жетіп, отызға толғанда қызметін бастады. Жақия пайғамбар Исаны көрген кезде: “Қараңдар, Мынау – Құдайдың құрбандыққа жіберген Тоқтысы”, - деді (Жохан 1:29).

Жақия Исаны “Құдайдың құрбандыққа жіберген Тоқтысы” деп айтқан себебі, Ол адамзаттың күнәсін өз мойнына арту үшін келді. Жалғыз Иса ғана пәк таза, еш күнәсіз еді. Сондықтан біздің күнәларымыз үшін жанын қиып, құтқаруға тек Ол ғана қақылы болды.


Иса өмірінде өте көп игіліктер істеді. Киелі кітапта: “Құдай Киелі Рухымен құдіретін назареттік Исаға дарытты. Ол игі істер жасап, шайтан буғандарды айықтырып, ел аралап жүрді, өйткені Құдай Оған жар болды” деп жазылған (Ел. іст. 10:38).

Исаның он екі шәкірті болды. Оларды Өзінің елшісі ретінде қалалар мен ауылдарға жіберді.

Бір күні Иса шәкірттерімен бірге қайықпен жүзіп келе жатып, ұйықтап кеткен еді. Қатты дауыл соғып, теңіздің су толқындары биікке көтеріліп, шәкірттерінің зәрелері ұшты. Олар: “Иеміз, бізді құтқарыңыз!” – деп, Оны оятты. Иса тұрып, жел мен толқындарға: “Тынышталыңдар!” – деп тыйым салғанда дауыл бірден басылды.

Сонда шәкірттері: “Бұл – Кім Өзі? Тіпті жел мен толқындар Оған бағынатын!” – деп қатты таңқалды.


Жел мен су Исаға бағынып тына қалды
Жындар да Исаға бағынды. Иеміз жыны бар адамдардың бойынан оларды бұйрықпен қуып шығатын. Сонымен қатар Ол адамдарды әр түрлі ауруларынан да құлан-таза сауықтыратын. Иеміз Иса тіпті өлген бірнеше адамды да қайта тірілтті! Бір күні Ол қасынан өлген баланы жерлеуге апара жатқан бір топ адамдарды көреді. Ол бір жесір әйелдің жалғыз ұлы болғандықтан, шешесі өте қайғылы еді.

Иса әйелге жаны ашып: “Жыламаңыз”, - деп, Өзі оның өлген ұлына: “Балам, саған айтам, түрегел!” – деді.

Бала тұрып, сөйлей бастады. Ал адамдар Құдайды мадақтап: “Құдай өз халқына игілік істеуге келді!” – деді (Лұқа 7:11-17).

Одан кейін де Иеміз Иса өлген қыз бен Елазар атты кісіні тірілтті. Бұл адамдар Иеміз Исаның өмір мен өлімге билік жүргізетінін көрді


Иса өлген адамдарды тірілтті
Иса не үшін келді?

Иеміз Иса дүниеге ауруларды сауықтырып, кереметтер көрсетуге ғана келген жоқ. Ол бүкіл адамзатты күнәдан құтқару үшін Өзі құрбан болуға келді.

Шайтан жаман адамдарды Иемізге қарсы қойды. Иса еш күнәсіз, таза әрі қасиетті болса да, адамдар Оны өлім жазасына кесті. Олар Исаны байлап, римдік әмірші Пилаттың алдына алып келіп, өтірік жала жапты.

Пилат нөкерлеріне Исаны сабауға бұйрық берді. Опасыз адамдар Исаның бетіне түкіріп, Оны ұрып, келемеждеді.

Сол қатігез адамдар тікеннен тәж жасап, Исаның басына кигізіп, мазақ етті. Содан кейін олар Оны Маңдайтөбе деген орынға алып келіп, айқыш ағашқа керіп, шегеледі.

Жендеттер Исаның екі жағына екі қылмыскерді айқышқа шегелеп тастады. Олар көптеген жамандықтар істеген болатын. Ал Исаның еш кінәсі болмаған. Ол біздің күнәларымыз үшін жазаланды!


Иса біздің күнәларымыз үшін жанын қиды.
Иса айқышта азап шегіп, Өзін ұрып, мазақ қылған адамдардың бәрін көріп тұрды. Бірақ Иса сонда да оларды жақсы көріп, Әкесіне: “Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын білмейді”, - деп дұға етті (Лұқа 23:34).

Исаның жанына шегеленген екі қылмыскердің біреуі Оның Құтқарушы екеніне сеніп, Одан рақым көрсетуін өтінді. Сондықтан оны Иса өзімен бірге жұмаққа алып кетті. Ал екінші қылмыскер Исаға сенбегендіктен, Құдаймен байланысын мәңгілікке үзді. (Лұқа 23:39-43).

Біз үшін ең маңызды сұрақ: Иса неге таза жанын қиды? Ол біздің күнәларымыз үшін құрбан болды. Құдай адамзаттың күнәларының бәрін Өзінің Ұлы Иса Мәсіхтің мойнына артты. Біз мұны Киелі кітаптан білеміз. Өтірік, менменшілдік, жек көрушілік, ұрлық және адамдардың басқа күнәлары үшін Иса жазаланды. Оның өлімінің себебі Киелі кітапта: “Жаратқан Иеміз бәріміздің әділетсіздігімізді Оның мойнына артты” деп жазылған (Ишая 53:6).
Сөйтіп, Иеміз Исаның біздің күнәларымыз үшін жанын құрбан еткенін білдік. Ол бізді тозақтан құтқара алады!
Иеміз Исаның сен үшін неліктен жанын қиғанын білесің бе?

Ол сені сүйгендіктен Өзінің қасиетті жанын қиды. Елші Пауыл былай деген:


“Ол мені сүйгендіктен Өзін мен үшін құрбан етті!” (Ғалат. 2:20).
Сен де осы сөздерді қайталап айта аласың: “Ол мені сүйгендіктен, мен үшін Өзін құрбан етті!”
Қуанышты хабар! Иеміз Иса тек өліп қана қоймай, үшінші қайта тірілді! Ол біздің тірі Құтқарушымыз!
Сен Иеміз Исаға сеніп, Оны өз Құтқарушым деп қабылдасаң, Құдай күнәларыңды кешіріп, сені Өзіне рухани бала қылады. Сен сонда мәңгілік өмірге ие боласың.

Киелі кітапта: “Иеміз Иса Мәсіхке сен, сонда өзің де, үй ішің де құтқарыласыңдар!” деп жазылған (Ел. іст. 16:31).


Біздің күнәларымыз

бейпіл ауыздық

өтірік

тіл алмау



қиқар мінез

ұрлық


қызғаныш

жек көрушілік

менмендік
Біздің барлық әділетсіздігіміз Исаға жүктелді
Алтын аят

“Ол мені сүйгендіктен Өзін мен үшін құрбан етті!”

(Ғалат. 2:20).
Қазынаны іздеп тап

А Ә Д Е Ж И Й К Қ

Ұ Ү Ш Ы

Табылған қазына


Қазақша аудармасы және көркемделуі “Ізгі хабар” баспасы, Стамбул 1996 ж.

Түпнұсқасы ТМСІ, 1990 ж.


“Зерттеушілер” клубы, 1-ші курстың

5-ші сабағына арналған сұрақтар

Нұсқау: Дұрыс жауапты (а немесе ә әріптерінің біреуін) таңдап, төртбұрыштың ішіне жаз.


  1. Құдай жіберген Құтқарушыға неге Иса деген есімді бергізді?

а) Иса - әдемі есім;

ә) Иса “Жаратқан Ие – Құтқарушымыз” дегенді білдіреді.



  1. Жақия пайғамбар Исаны неге “Құдайдың құрбандыққа жіберген Тоқтысы” деп атады?

а) Құдай Исаны өз өмірін құрбан қылуға жіберген еді;

ә) Иса нәзік әрі жуас болған.



  1. Исаның дүниеге келу себебі қандай болған?

а) Ол адамдарды таңғалдыру үшін келді;

ә) Ол біздің күнәларымыз үшін құрбан болуға келді.



  1. Исамен бірге шегеленген екі қылмыскердің біреуі қалай құтқарылды?

а) Ол қасындағы қылмыскерден жақсы болатын;

ә) Ол Исаның Құтқарушы екеніне сеніп, Одан рақым көрсетуін өтінді.



  1. Құдай біздің неге сенуімізді қалайды?

а) Исаның атақты адам болғанына сенуімізді қалайды;

ә) Исаның біздің күнәларымыз үшін жанын қиғанына сенуімізді қалайды.

Осы жауаптар парағын сызықшалар бойымен қиып алып, конвертке сал.
Мына жерге алтын аятты жаз-------------------------------------------------

Мына жерге табылған қазынаны жаз---------------------------------------

Баспа әрпімен жазуыңды сұраймыз!

Аты-жөнің -------------------------------------------------

Туған күнің----------жасың---------------сынып----------

Мекен-жайың---------------------------------------------------


Осындай сабақтарды сенің достарыңа да жіберуге дайынбыз. Достарыңның аты-жөндерін, мекен-жайларын және мүмкін болса, олардың ата-аналарының да аты-жөндерін бір қағазға анықтап жазып, өзіңнің сабағыңмен бірге бізге жібер. Бізде барлық жастағы адамдарға арналған сабақтар бар.
Өзіңнің мекен-жайың мен біздің мекен-жайымызды жазуды ұмытпа! Поштаға салардан бұрын мұқият тексеріп шық! Бізге тек жауаптар парағын жібер!
Егер бізден екі ай уақыт мерзімінде жауап келмесе, хабарлас. Себебі сол жағдайда сенің хатың немесе біздің жауабымыз поштада жоғалып кеткен шығар.
050031 Қазақстан

Алматы


п\ж 68

“ШЫҒЫС СӘУЛЕСІ”
Каталог: Word
Word -> Библиографический указатель литературы Қарасу Карасу, 2015 Құрастырушыдан
Word -> Қарасу жерінің мақтанышы Гордость земли Карасуской
Word -> Сабақ Төрт сұрақ Қымбатты дос! Дүниеде ең жаман нәрсенің не екенін білесің бе? Ол күнә!
Word -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ аоо «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Word -> «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ аоо «Назарбаев Интеллектуальные школы»
Word -> Лекция : 34 сағат Семинар: 68 сағат СӨЖ: 33 сағат. Барлық сағат саны: 135 сағат
Word -> Сабақтың тақырыбы: WordPad мәтіндік редакторы
Word -> Факультеті
Word -> Серияның, монетаның атауы Соғу сапасы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу