Сабақ дидактикалық принциптер мен оқу-тәрбиелік үрдістерге қойылатын талаптарға сәйкес келе ме?



бет1/4
Дата18.02.2017
өлшемі425,48 Kb.
#10094
түріСабақ
  1   2   3   4
Тақырыбы: Информатика сабағына қатысу мақсаты және оны

жалпылама түрде талдау. Информатика сабағын талдау үлгілері

Мақсаты: Информатика сабағын талдаудың әртүрлі жолдары, өтілген сабаққа

өздік талдау жасау үлгілерін қарастыру

Педагогикалық іскерлікті жетілдіру жолында мұғалімнің алдына қойған мақсаты-тек сабаққа қатысумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге, мұғалім үшін сабақты талдау да шеберлік мектебі болып табылады.Дидактикалық категориялар бойынша информатика сабағын талдаудың міндеті мынандай мәселелерді анықтаудан тұрады:


  1. Сабақ дидактикалық принциптер мен оқу-тәрбиелік үрдістерге қойылатын талаптарға сәйкес келе ме?

  2. Дидактикалық міндеттер шешілді ме және оқушылардың білімін, шеберлігін жетілдіру мақсатына қол жетті ме?

  3. Тұтас алғанда сабақ құрылымы мен ішкі құрамы элементтерінің бірізділігі қандай?

  4. Оқыту әдістерін ұйымдастыру, көрнекіліктер мен техникалық құралдарын пайдалану сабақтың дидактикалық міндеттеріне сай келе ме? Оқушының танымдық даярлығын жоғары дәрежеге көтере ме, оқыту мен тәрбиелеуді байланыстыруды қамтамасыз ете ме?

  5. Сол сабақты саралау мен даралау немен сипатталады? Өмірмен байланысы бар ма?

Құрылым элементтері бойынша сабақты талдау мынандай мәселелерді айқындайды:

  1. Актуальді сапасы. Өздігінен орындайтын жұмыс қаншалықты табысты орындалды. Оқушылар қандай дағдыларды игерді, бұрынғы білімдерінің қандай көлемі қайталанды, оқушы жауаптарының толықтығы, оқушының сабақты айтып беруі, материалдың көлемі, оқушылардың мұғалімге қоятын сұрақтарының мазмұны, қайталана беретін қателерді талдау. Оқушылардың ойлау жұмыстарының белсенділігі.

  2. Оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарына уақыт жеткілікті ме? Мұғалім жаңа сабақ түсіндіргенде жаңа сабақтың мазмұнын толық ашты ма? Жаңа материалдың бұрынғы өткен материалмен байланысы болды ма? Оқушылардың ішінен кім қаншалықты ілгері басты? Қай оқушыға келесі сабақта көмек қажет?

  3. Шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының сапасы, кімде қандай табыстар, қандай сәтсіздіктер болды. Оқушылар үй тапсырмасын орындауға әзір ме?

  4. Сабақтың қандай элементтері оқушыларға неғұрлым көп тәрбиелік ықпал етті. Келесі сабақта нені күшейтіп, қандай қосымша материалды келтіру керек?

Міне, сабақты талдаудың міндеттері мен мәселелерін информатика пәнінің мұғалімі алдын-ала айқындап, анықтап алса, бұл- сабақтың өте жоғары ғылыми дәрежеде өтуінің бірден-бір кепілі болар еді деп ойлаймын.

Информатика сабағын талдау барысында мұғалім ең бірінші кабинеттің жабдықталуына, жабдықтардың, техникалық құралдарының, яғни компьютердің жағдайының сабақты өткізуге дайындығына, оқушылардың компьютерде жұмыс істеулері кезінде техника қауіпсіздігінің сақталуына баса назар аудару керек. Мұғалімнің сабақтың жоспарын, яғни ұйымдастыру, үй тапсырмасын сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, үйге тапсырма беру, сабақты қорытындылау сияқты кезеңдерін жүзеге асырғанда уақытты толығымен тиімді пайдалана білді ме, сабақ соңында мұғалім өз алдына қойған мақсатына толық жетті ме, мұғалімнің сабақ үстінде қолданған әдістері сол сабақты жеткілікті түрде ашып, түсіндіруде тиімділігі қандай? Жалпы сабақ қандай дәрежеде өтті және сабақтың т.б. жақтарының толық мазмұнды ашылуы сияқты мәселелер сабақты талдау кезінде жан-жақты айқындалып, кең мағынада талдануы керек.Сонымен бірге мұғалімнің қол жеткізген жетістіктерін ғана көрсетіп қана қоймай, кемшіліктерін де түзетуге мұғалімнің назарын аудару қажет.

Осындай мәселелердің барлығын жүйелі түрде бір ретке келтіріп, сабақты талдаудың үлгісін ұсынуға болады.


  1. оқу үрдісіндегі сабақтың құрылымы,

  2. сабақтың оқыту әдісінің оптимальдылығын,

  3. мұғалімнің таңдаған оқыту түрі, әдісі және сабақ мазмұнының тиімділігі.

Негізінен оқытудың тиімділігі мұғалімнің қандай материалды қалай бергісі келгендігімен емес, керісінше оқушының ол материалды қандай деңгейде меңгергендігімен анықталады. Сондықтан өтілген сабақты бағалау барысында оның негізгі міндеттері- білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерінің орындалу деңгейіне назар аудару қажет.Сабақты талдау және өздік талдау қол жеткен жетістіктерді білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарымен салыстыра отырып жүргізілуі керек.

Талдаудың мақсаты мұғалімнің қажетті материалды беру барысындағы іс-әрекеті, әдіс-тәсілдері, оқушылармен қарым-қатынасы қандай да бір жетістікке жеткізген-жеткізбегенін анықтаудан тұрады.


Сабақты талдаудың кең тараған түрлері:

  • толық,

  • комплекстік,

  • қысқаша,

  • аспектілік.

Толық талдау- сабақтың барлық аспектілерін талдау және анықтау мақсатында;

Комплекстік- сабақты ұйымдастырудың әдістерінің, түрлерінің, мазмұнының, мақсатының өзара байланыстылығының бірлігін анықтау;

Қысқаша-негізгі мақсат пен міндеттің орындалуын анықтау;

Аспектілік-сабақтың жекелеген элементтерінің орындалуын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Аталған тараулардың әрқайсысы төмендегі түрлерді қамтуы мүмкін: дидактикалық, психологиялық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, тәрбиелік және т.б.

Информатиканы оқыту нәтижесін бағалау және талдау, мемлекеттік білім беру стандартының талабымен оқыту үрдісінінің нәтижесін бағалау, оқушылардың ерекшелігін ескере отырып оқу үлгерімін талдау және мұғалімнің тәжірибесін жинақтап озат тәжірибелерді тарату мақсатында бақылау жүргізіледі.



Оқу сабағының түрлеріне талдау.

Сабақ. Оқу бағдарламасында білім көлемін беру; негізгі іскерліктерліктерін қалыптастыру; оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қорытынды жасау. Есептер шығару.

Лекция (теориялық оқыту) – қандaйда бiр проблема бойынша ұғымды беру; тақырып немесе тарау бойынша бiлiмдi қортындылап, жүйелеу, лекция жазу, жоғарғы оқу орнын­дағы оқу түpiнe дайындау iскерлігін қалыптастыру.

Семинар (теориялық оқыту) - өтілген тақырып, бөлiм бойынша бiлiмдi жалпылап, жүйелеу; косымша әдебиеттермен жұмыс. Icтey iскерлiгiн жетiлдiру, әртүрлi әдебиеттермен мақалалардағы баяндалған материалдарды сaлыстыра бiлу, өзiнің көз-қарасын айта бiлу және негiздей бiлу iскерлiгi. Реферат, тезис, баяндамалар жоспарын және хабарламалар, жазу; оқылғанды конспектiлеу, көшiрме жасау, және оны өзінің бiлiмiн дәлелдеу үшiн пайдалану.

Конференция (теориялық оқыту) - өтiлген материалдар бойынша бiлiмдi тереңдетiп, кеңейту; қосымша информация көздерiмен жұмыс iстей бiлy iскерлiгiн дамыту. Oқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау; қосым­ша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Әңгімелесу (теориялық оқыту) – негізгi оқу материалынан нені меңгергенін анық­тау; бiлiмiндегi оқулықтарды ашу және түзетулер енгiзуі пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс icтeyгe жетелеу.

Консультация (теориялық оқыту) – Бiлiмi мен iскерлiктеріндегi олқылықтарды жою, меңгерiлген бiлiмiн нақтылау; оқу пpоцесiнде пайда болған сұрақтарға жауап беру; оқу ic-әрекетiнің әр түрін меңгеруге көмек көрсету.

Фронтальдық лабораториялық жұмыс. Оқушылардың пpограммалық қамтамасыз етумен жұмыс icтей бiлу iскерлігін қалыптастыру (жаңа материалды меңгеру, бекiту, меңгерілген материалды тексеру), жеңіл есептердi орындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерiн тiркеп, оның қорытындысын тұжырымдау.

Практикум - Күрделi пpограммалармен және ПК-дің қосымша­ларымен жұмыс icтей бiлу iскерлiгiн қалыптастыру, өз бетiмен зерттеу жүргiзе бiлy iскерлiгiн қалыптастыру.

Информатика сабағын талдау үлгілері.

Информатика пәнінің мұғалімі практикалық жұмыс барысында педагогикалық ic-әрекетін; барлық түрін орындауға тура келедi. Мұғaлiмнiң педагогикалық іс-әрекеті дәл, әдетте, әртүрлi әдебиеттердi. (оқу бағдарламасы, оқулықтар және басқа да оқыту құралдары) талдай отырып, оқушылардың жас ерекшелігіне сай қажеттi материалды жинақтап, сабақтың пәндiк мазмұның құру; сондай-ақ, өзінің жұмысын жоспарлау және оқушыларды өзінің жұмысын жоспарлай бiлуге үйрету; оқушылардың әртүрлi ic-әрекетiн ұйымдастыра бiлy, оларға көмектесу және белгiлi бip деңгейде оны басқару; өзiнiң iс-әрекетін бағалай білу және оқушыларды өз ic-әрекетін бағалай бiлyге үйрету болып табылады.

Осыған байланысты болашақ информатика пәнiнiң мұғалімі практикалық жұмысында орындайтын ic-әрекетің негізгі түрлерiн бiлyi тиiс.

Mұғалімнің аса маңызды іс-әрекетінің бірі-әртүрлі іс-әрекеттің саналы түріне оқушыларды ұйымдастыру: мұғалімді және жолдастарын тындау, ғылыми танымал әдебиеттердi, оқулықтарды оқу, түрлiше есептердi шығару, сабақта және үйде әртүрлi оқу материалдарымен өз бетімен жұмыс істеу.



Болашақ мұғалімге қажеттi оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру деңгейін үйрену.

Сабақты талдаудың үлгісі:

  1. Жалпы мағлұмат: айы-күні-жылы, сынып, мектеп, мұғалімнің аты-жөні. Сабақ тақырыбы.

  2. Оқыту құралдарына және оқу ортасына шолу. Кабинеттің жабдықталуы, жабдықтардың оқушылар мен мұғалімге қолайлығы, жабдықтардың құрамы. Оқыту құралдарының жағдайы. Программалық жабдықтар жазылған дискеттерді сақтаудың ұйымдастырылуы.

  3. Компьютермен жұмыс істеудің техникалық қауіпсіздік ережесінің және санитарлық-гигиеналық норманың сақталуы.

  4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуға жұмсалған уақыт шығыны, кажетті құралдардың сабаққа қатыстылығы. Көрнекі құралдардың сабақ тақырыбы мен мақсатына сәйкестігі және қолдану уақыты. Қолданылған таратпа материалдардың, нұсқаулардың, сұрақтардың мазмұны.

  5. Сабақтың құрылымы: сабақтың негізгі кезеңдері, мақсаты және қажетті уақыт мөлшері. Өздік басқару мен мұғалімнің басқаруының сәйкестігі. Оқушылардың жекелеме, қосарланып, топтасып және бірлесіп жұмыс істеуі. Өтілген материалды қайталау және бекіту кезеңі, әдістері.

  6. Мұғалімнің сабаққа қойған мақсаты және оның орындалуы.

  7. Сабақ мазмұнының мектеп оқулығының материалымен сәйкестігі.

  8. Сабақ мазмұнын жалпы дидактикалық принциптер көзқарасында бағалау:

Ғылымилығы - сабақта информатика саласындағы ғылыми жетістіктердің пайдаланылуы (орындаушы ұғымы, синтаксистік диаграммалар, алгоритм дұрыстығының дәлелденуі және т.б.)

Көрнекілігі - графикалық ақпараттың қолданылуы, алгоритмдер кестесінің қолданылуы, мәтінді шегіністермен жазу және т.с.с.

Бірізділігі - берілген оқу материалының логикалық тізбектелген түрде берілуі, күрделі ұғымды меңгертудің қайталану жиілігі.

Практикамен байланысы-қолдаңбалы есептер, тапсырма мазмұнының компьютерлік қоғамдағы өмір талаптарына бағытталынуы.

  1. Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекетінің әдістері. Есептеу техникаларын сабақтың басталуына дейін дайындау. Сабаққа қатысты құрал-жабдықтарды дайындау барысында оқушылардың іскерлігін ұйымдастыра білуі. Мұғалімнің материалды меңгеру еркіндігі. Қойылған сұрақтарға жауап беруі (сабақтың жүру барысында немесе соңында).

Оқытуды жекелендіру- әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, жақсы оқитын оқушыларды нашар оқитын оқушыларға көмекке тарту және т.б. Мұғалімнің оқушылардың назарын аудартуы немесе тақтадағы, программадағы қатені талдауда жасалатын әрекеттері.

  1. Оқушының өтіліп отырған тақырыпқа деген қызығушылығын қалыптастыру және бекіту әдістері. Оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру жолдары. Тапсырмалар қайдан алынды: оқулықтан, әдістемелік нұсқаудан, қосымша әдебиеттерден, т.б. құралдардан. Сабақты өткізу барысында мұғалімнің қолданған стандартты немесе стандартты емес оқыту әдістері.

  2. Оқушылардың сабақ үстіндегі жұмысы. Өтіліп отырған материалға оқушылардың қызығушылық, белсенділік деңгейлері. Меңгерудегі саналық-ЭЕМ-да орныдалатын амалдардың мағынасын меңгеруі. Қолайлылығы- қолданылған терминдердің стандарттылығы, оқушылардың дайындық деңгейін есепке алуы, өтілген тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауы. Оқытудың тиімділігі - оқу уақытын пайдалануы, қажетті құралдардың жеткіліктілігі, программалық құралдардың сәйкестігі. Оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынас (авторитетті, либералды, бірлескен). Оқушылардың ұйымшылдығы мен тәртіптілігі - техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы. Оқушылардың өтілген тақырыпты анықтамалық материалдардың, оқулықтардың, компьютердің көмегімен, өз бетімен меңгеру мүмкіндіктері.

  3. Кері байланыс. Мұғалімнің оқушылар білімін бағалауының жүйелілігі. Білімді тексеру мен бағалауда компьютерде қолдану-бақылау программалары, нақтылы программаны орындау арқылы өздік бақылау, жолдастарымен өзара бақылау. Оқушылар білімінің шынайылығы. Мұғалімнің бағалау критерийлері. Бақылаудың бұл жүйесін автоматтандыру мүмкіндігі. Үй тапсырмасының көлемінің үйлесімділігі (өзініз орындап, уақытын мөлшерлеңіз).

Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді, бірақ өте жоғары жылдам реакция-мұғалімнің түсініктемесі- оқушының ойлау жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал.

  1. Сабақтың тәрбиелік әсері. Мұғалімнің сыртқы сипаты мен педагогтық мәдениеті және тактикасы. Жеке тұлға ретіндегі тәрбиелік мәні және оның сабақтағы іс-әрекеті. Сіз байқаған тәрбиелік әдістері мен тәсілдері қандай?

  2. Қорытынды. Осы сабаққа қатысу және қорытындылау арқылы болашақ мұғалім ретінде нені үйрендіңіз?

Қатысқан сабақты тек осындай қатаң түрде жазылған ретпен талдау міндетті емес. Сабақты талдауды көрнекі ету үшін, кесте түрінде де көрсетуге болады. Бұл өте тиімді әрі ыңғайлы әдіс болып табылады.Информатика сабағына қатысқан мұғалімдерге мынандай «Қатысқан сабақты талдау» кестесін беруге болады.

Кесте бойынша мұғалімдер сабақтың негізгі кезеңдерін, жұмыс істеудің түрі мен әдісін, мұғалімнің жеке бас үлгісін, мұғалімнің қолданған әдістемесін бағалайды. Егер кестедегі кезеңдер мен әдістер дұрыс жүзеге асырылса, оның тұсына «+», ал теріс болса «-» бағасын қояды. Ал кемшіліктерді ескерту ретінде жазып қоюға болады.

Информатика пәні мұғалімі үшін сабаққа қатысқандардың талдауымен қоса өтілген сабаққа өздік талдау жасаудың да маңызы зор. Өздік талдау жасау үшін берілген сұрақтарға мұғалім қызметінің тиімділігін бағалау арқылы жауаптар беріледі.


Қатысқан сабақты талдау

Мұғалімнің аты-жөні

«+»

«-»

Ескерту

Сабақтың негізгі кезеңдері


  1. сабақты ұйымдастыру.

  2. мақсат қою.

  3. сабақтың негізгі бөлігін анықтау

  4. дер кезінде бақылау

Оқушылардың жұмыс істеу белсенділігі.

Өздік жұмыс.

Практикалық жұмыс.

Сабақ құрылымының анықтығы.

Сабақтың тығыздығы.

Нәтижелілігі.

Оқыту дәрежесі.











Жұмыс істеудің түрі мен әдісі.

  1. Проблемалы-ізденгіштік.

  2. Сөздік-көрнекілік.

  3. Жаңа әдіс-тәсілдер.

  4. Жекелеме жұмыс.

  5. ОТҚ қолдану.










Жеке бас үлгісі

  1. Сыныпты басқару икемділігі.

  2. Жеке бас мәдениеті.

  3. Педагогикалық такт.

  4. Эрудиция.

  5. Оқушылармен қарым-қатынасы.










Жалпы алғанда мұғалімнің әдіскерлік мамандығын қалай бағалайсыз? (астын сызыңыз).

(өте жоғары, жоғары, орташа, орташадан төмен, төмен)













Өтілген сабаққа өздік (самоанализ) талдау жасау



Талдауға арналған сұрақтар

Мұғалім қызметінің тиімділігін бағалау

1

Оқушыларға арналған сабақ міндеті дұрыс анықталған ба?

Тиімді, тиімді емес, қандай да бір бөлікті нақтылау қажет.

2

Мұғалімнің сабақтың негізгі бөліктерін құруын және оларға бөлінген уақыт мөлшерін қалай бағалауға болады?




3

Сабақ мазмұнын таңдап алуын қалай бағалауға болады?




4

Оқытудың таңдап алынған әдісін оптимальды деуге бола ма:

-қайталауда

-жаңа тақырып өтуде

-сабақты бекітуде

-қорытындылауда





5

Жалпы класпен, топпен жұмыс істеудің тиімділігі. Нашар оқушылармен жекелеме жұмыстар жүргізудің тиімділігі.




6

Көрнекі құралдар мен ОТҚ қолданылды ма?




7

Жаңа педагогикалық технологиялардың қолданылуы; оқыту программаларының қолданылуы; дамыту бағытындағы жаттығулар.




8

Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас, педагогикалық этикеттің сақталуы.




9

Сабақтағы санитарлық-гигиеналық норманың сақталуы.




10

Сабақтың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарының орындалуы.




11

Үй тапсырмасы көлемінің дұрыстығы, оған берілген түсініктеменің нақтылығы.




Каталог: ebook
ebook -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Қазақстан Республикасының
ebook -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
ebook -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
ebook -> ПОӘК 042-18-29 8/03-2013 №1 басылым 05. 09. 2013
ebook -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
ebook -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
ebook -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет