Сабақ: «Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері»



бет1/3
Дата26.06.2018
өлшемі0,54 Mb.
#44635
түріСабақ
  1   2   3
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы

Саз мектебінің домбыра класының оқытушысы

Ауашова Ақбөпе Түлкібайқызы.

Ашық сабақ:

«Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері»

(Науай күйі)

Сабақтың тақырыбы: Дина күйлерінің қағыс ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:Домбырада Дина күйлерін орындай білуге үйрету.

Білімділік: Күйшінің өмірбаяны жайлы әңгімелесу. Дина күйлерінің шығу тарихымен таныстыра отырып, күй туралы теориялық білім беру.

Тәрбиелік: Күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, өнер адамын құрметтеуге, өнерін насихаттау, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Күйді ойнап көрсету арқылы оқушының музыкалық қабілетін дамыту, аспапта ойнау шеберлігін арттыру.Күйлерді тыңдата отырып, есту қабілеті мен күйге деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың типі: жаңа ұғымды қалыптастыру.

Оқыту әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау,өз пікірлерін айту.

Сабақтың көрнекілігі: Күйшінің портреті.Үнтаспа.Тапсырмалар. Буклет..

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының сабаққа әзірлігін тексеру, назарын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру: 1.Гамма Н dur штрихтармен ойнау.

2. Гамма g moll үш түрін ойнау

3.Қазанғаптың күйі: «Жем суының тасқыны»

3.Актуалдау:Ассосация

Батыс Қазақстан күйшілік дәстүрі:






Композитор

Топтастыру:


Күйші



Ана



Ардақты әже

Күй анасы



КСР халық артисі

Жаңа сабақ:

Мағынаны тану. Дина Нүрпейісова (1861-1955)

Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты ,Бекетайқұмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде – ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей,, Түркеш, Баламайсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғызжасынан он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Бір жиын тойда шебер күйшілік пен әншілік сынға түсіпті. Мұндай өнер сайысына түсуге жүрексінген Дина әжеміз шегіншектесе керек. Қаумалаған көпшілік қойсын ба, еріксіз көндірген. Содан әжеміз Құрманғазы күйлерінің біреуін орындайды.Одан соң сөз алған Құрманғазы: «Менің оң қолымның, ал Динаның сол қолының шеберлігі күшті. Егер менің оң қолым мен Динаның сол қолының шеберлігі бір адамнан табылса одан асқан домбырашы болмас, сірә» -деп өзінің ескі домбырасын шәкірті Динаға табыстайды.

Сол Дина 90 жасында Құрманғазының күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады.

1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдыретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орын алып, «Домбыраның Жамбылы» атанады. 1944 жылы 83 жасында Орта Азия Республикасының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады.

Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Кішкентай», «Бұлбұл», «Сегізінші март», «Жігер», «Жеңіс», «Тойбастар» «Қосалқа», «Науаи» т.б

Дина шешей дүниеге күй тартып келіп, сол жарық дүниемен күй тартып қоштасқан жан.

1955 жылы қайтыс боларынан сәл бұрын өмірлік серігі домбырасын алдырып, аялай сипап Құрманғазының «Қайран шешем» күйінің кіріспесін тартады. Әрі қарай саусақтары икемге келмей күйді көкірегінде жаңғыртқан күй анасының үлкен жүрегі соғуын тоқтатады.

Ол ұзын саны 26 күй шығарған екен. Соның барлығын үйреніп, күйтабаққа түсірген Қазақстанның халық артисі, өмірден ерте кеткен дәулескер күйші Қаршыға Ахмедияров болатын.

Белгілі композитор, Дирижер профессор Айтқали Жайымов Дина шешемізге арнап, сол кісінің күй тарту мәнерімен «Күй ана» деген күйін шығарды. Бұл күйді қазір белгілі домбырашы Айгүл Үлкенбаева орындап жүр.

Динаның өмірі мен шығармашылығына арнап 1983-84 жылдары «Қазақтелефильм бірлестігі», «Мұрагер мұраты» атты 2сериялы көркем фильм жасап шығарды.

Әуе лайнеріне қазақтың атақты күйші композиторы, Қазақ КСР халық артисі Дина Нүрпейісованың аты берілді.

Сергіту сәті:

Сәйкестендір:

Қазанғаптың күйлері «Өкініш», «Жұмыр қылыш»

Құрманғазының күйлері: «Жем суның тасқыны», «Көкіл»

Дәулеткерейдің күйлері «Той бастар», «Науаи»

Махамбеттің күйлері «Құдаша», «Көрғұлы»

Динаның күйлері «Ақсақ киік», «Саранжап»

Динаның күйі: «Науаи» Күйді үнтаспада тыңдау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет