Тақырыбы : « Сиқырлы Жаңа жыл»
Мақсаты : 1.Әдебиет сөз өнер, сөз- шығарманың негізгі материалы екені, сөзді құбылту арқылы сурет, бейне жасалатынын оқушы санасына жеткізуді жалғастыру.
2. Көркем туындылармен танысуды жалғастыру, ой-өрістерін жетілдіру.
3. Эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру, эмоционалдық сезімдерін дамыту.
Көрнекіліктер : жаңа жыл суреттері, жайлы музыка, жаңа жыл тақырыбына жазған ақын жазушылар шығармалары.
Сабақ әдісі: эвристикалық, индуктивтік.
Сабақ барысы : балалармен амандасу, күйлерін оң арнаға келтіру.
Алдымызда қандай үлкен мереке келе жатыр?
Дайындықтарың қандай ?
Жаңа жыл тақырыбына жазылған әндер де, өлеңдер де өте көп. Бізде бүгінгі сабаққа жақсы қатысып, өзіміз жыр жазып көреміз. Жақсы жазылған өлеңді шырша тойында оқып берсеңдер де болады. Біз қазір алдымен көңілімізді көтеріп алу үшін , « Жаңа жыл» әнін орындалық.
Мен қазір сендерге балалар Тұманбай Молдағалиев ағаларың жазған тамаша « Жаңа жыл» шыршасы өлеңін оқып беремін. Мұқият тыңдап отырып, тоқтап қалған кезімде жалғап жіберіңдер.
Жаңа жыл шыршасы.
Тұла бойын ән орар
Жарқырап бір тұр шамы.
Қоршап алды балалар
Жаңа жылдық ш........
Ән бидейді әлемді,
Күй кешеміз бір қымбат
Алматы айтқан бір әнді
Астана да тұ т.............
Жаңа жылдың сәлемін
Естідік те бір өстік
Астананың өлеңін
Алматы да тұр е.......
Тез барайық жүрші аға,
Дөнен көңіл желеді.
Жаңа жылдық шыршаға
Елбасы өзі ке.......
Секілденіп жас үміт
Жарқылдайды шалдар да,
Елбасына қосылып
Айтқан әндей ән б.......?
Өлеңдегі түсінбеген сөздерімен жұмыс. Өлеңді талдау. Өлең мағынасын өз сөздерімен айтқызу.
Машықтану тапсырмалары :
Логогрифтер шешу.
«Ұйқасын тап»
Бойымызда бұрқап жігер
Жаңа жылды қарсы...........
Қане достым шырқап.............
Би билейік ән .......................
Жаңа жыл кеп үйде түгел,
Дастархандар жазылады.
Ал достарым бастап ........
Әзіліңді, на .....................
«АҚШАҚАР. Сөзінен сөздер құрау.
Ақ , қар, шақа, ақша, аша, қара, т.б.
Шығармашылық тапсырмалар.
«Жаңа жылым келді тағы».,» Сиқырлы Жаңа жыл «,» Шырша міне қараңдар» тағы басқа жыр жолдарын жалғастырып өлең шумақтарын жазу, немесе жаңа жыл туралы шағын шығарма жазу, жазған өлеңдері мен шығармаларын тыңдау, өздеріне бағалату.
Үйге тап. өлеңді жалғастырып шығарып келу, асықпай өңдеу.
Тақырыбы :» Менің Президентіме менің тілектерім »
Мақсаты :
Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұматтар беру.
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі- өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Ел Президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктері : суреттер, слайд, шарлар,Н.Ә.Назарбевтың қанатты сөздері.
Әдіс- тәсілі: түсіндіру,әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілік.
Жүру барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Негізгі бөлім.
Жүргізуші :
Бағдарлап елдің ертеңін,
Тыныштық тауып жатпаған.
Болашақ үшін тер төгіп,
Үмітін елдің ақтаған.
Жүргізуші :
Қиялы ұшқыр ойлы адам,
Әлемге болған аты аңыз.
Ұрпақтың қамын ойлдаған.
Аман –сау жүрші, Атамыз.
Мұғалім : Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүрген біз қалай жеттік, кімдер арқылы, иа тарих бетіне үңілсек, ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп, елім, жерім, ұрпағым деп , балаларым тыныш өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады. Осындай көп ұлтты мемлекетті басқару оңай емес. Осы тәуелсіз мемлекетімізді басқару 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевқа бұйырған екен.
- Н.Ә.Назарбаев кім?
1-оқушы : Ол -еліміздің басшысы, халқымыздың жанашыры, өте білімді, терең ойлы тұлға.
2-оқушы. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата –анасын қатты құрмет тұтты. Жасынан зерек, алғыр азамат болған.
Металлург мамандығын алып, ерте жұмыс жасаған.
3-оқушы. Н.Назарбаев - бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындауын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.
4-оқушы. Нұрсұлтан ата- ақ пейілді, сезімтал және біз үшін нағыз үлгі болар тұлға.
Мұғалім : Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. Атасының есімі- Назарбай, әкесінің есімі- Әбіш, Нұрсұлтан – деген есімді әжесі Мырзабала беріпті.
Алланың 99 аты бар екен. Соның бірі- Нұр, тағы бірі- Сұлтан. Анасының аты- Әлжан екен. Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым ауыл отбасында туып- өсті. Нұрсұлтан бес жасқа толғанда Жамбыл атаның ақ батасын алған екен. Ол Қаскелең қаласындағы Абай орта мектебін жақсы бітірген. Мектепте озат, үлгілі оқушы болыпты. Еңбек жолын Теміртау қаласындағы темір балқытушы болып еңбек жолын бастаған. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы партия мектебін бітірген. 1991 жылы 1 желтоқсанда біздің Отанымыздың тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010 жылы15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол осы жетістігіне өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті.
5-оқушы.
Нұрсұлтан ата, құтты болсын мерей тойыңыз,
Сомданып ,тұлғаланып, өскен бойыңыз
Жер шары әлемдегі барлық елдер,
Біледі Президентіміздің ақыл-ойын.
6-оқушы.
Арманын орындадың бабалардың,
Көтердің көкшіл туын даналардың
Қазақтың асқақтатар өр- рухын,
Ақтадың аппақ сүтін аналардың.
7- оқушы.
Ұл елдің қатарынан артық туған
Еңбекке жастайынан белін буған.
Танытып әрбір елге туған елді,
Жастарға жалын бердің білім қуған.
8- оқушы.
Отан деген - әр адамның жүрегі.
Оған ел де, жер де, су да кіреді.
Отанымды бар әлемге паш еткен.
Президентім- мақтанышым, тірегім.
Нұрсұлтан атамыздың сөзіне жазылған «Ұшқоңыр» әнін тыңдайық.
9- оқушы:
Әйнегі – күн шатыр – аспан,
Кең дала, төсі толқыған егін.
Көлдері күміс шашқан,
Қазақстан -республикам менің.
10-оқушы.
Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл қаланы.
Артақты атамекенім
Отаным – Қазақстаным.
«Жаса, Қазақстан» әні орындалады.
11- оқушы:
Барша қауым бейнеттен арылғанда,
Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.
Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр.
Ел үшін Асанқайғы бабасындай.
12- оқушы.
Біз үшін шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге, ұлтына, сеніміне және саяси көзқарасына қарым-қатынасына қарамастан қолайлы да еркін сүруімізге барлық мүмкіндік жасап келе жатқаны үшін мақтан етеміз.
Жүргізуші : хоббиі.
Кітап оқу.
Спортпен айналысу, музыка тыңдау және табиғат аясында сейілдеумен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев көп уақытын кітап оқуға арнайды. Кітапқұмарлық оның бойында алғаш оқып үйренген балғын шағынан қалыптасаты. Талай ондаған жылдар өтсе де , кітапқа деген сол сүйіспеншілік әлі суыған емес. Бұрынғыша оның жаны сүйетін ісінің бірі - оңашада кітап оқу. Сүйікті кітаптары қатарында Абай, Мұхтар Әуезов сияқты белгілі қазақ жазушылары мен ақындарының, орыс және әлем әдебиетінің көптеген классиктерінің туындылары бар.
Табиғат .
Нұрсұлтан Назарбаев Іле Алатауының жаз жайлауында дүниеге келген. Алуан –алуан гүл тұнған таулар арасында, жусан иісі мұрын жарған далада, әкесімен бірге баптаған жеміс бағында ол аунап-қунап өсті, балалық шағы мен жасөспірімдік кезеңін өткерді. Туған жерге, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне деген махаббат, аз уақыт болсада сүйікті Қазақстанның әсем жерлерінде болуға тырысу, тірі табиғатпен етене араласу-оның болмысының бір бөлшегіне айналды.
Спорт .
Мемлекет басшысы жеке үлгісімен саламатты өмір салтын және спортпен шұғылдануды белсене насихаттайды. Ол үшін сүйікті спорт түрінің бірі- теннис. Нұрсұлтан Назарбаев ракетканы еркін меңгерген және кортқа жүйелі түрде шығып тұрды. Айта кетерлігі, тенисті көптеген саясаткерлер мен түрлі елдердің көшбасшылары ойнайды. Өз кезінде Мемлекет басшысының лайықты әріптесінің бірі Ресейдің тұңғыш президенті болды.
Бүгінде Нұрсұлтан Назарбаев матчтарға жиі қатысып, өзінің тамаша бабында екенін көрсетіп қана қоймай, жаңа бастаған тенисшілерге шеберлік дәрісін де өткізіп тұрады. Оған қоса , Қазақстанда жыл сайын ел Призидентінің кубогы үшін теннис турнирі өтеді.
Президенттің тағы бір әуес ісі- гольф. Мемлекет басшысы өзге де белгілі әлемдік саясаткерлер және бизнесмендердің қатарында түрлі халықаралық турнирлерге де жиі қатысады. Өзінің айтуынша , Мемлекет басшысы алғаш тау шаңғысын аяғына 55 жасында байлапты. Содан бері Нұрсұлтан Назарбаев Шымбұлақ шатқалында және басқа да таулы курорттарда жиі көруге болады.
Бүгінде Қазақстанда жаңа спорт кешендері, бассейндері, гольф алаңдары, теннис корттары ашылуда. Олардың бәрі қазақстандықтардың игілігі мен денсаулығына қызмет етеді. Оған қоса, Алматыда тау шаңғысы туризмі барған сайын танымал бола түсуде. Бұл үшін » Шымбұлақ» базасы қайта жаңғыртутан өтті, ал таяу келешекте сол жерде тағы бір жаңа курорт салынады.
Сындарлы және жүйелі мемлекеттік саясат нәтижесінде қазақстандықтар спортпен көбірек айналысып, өз денсаулығына жіті көңіл бөлетін болады. Саламатты ұлт - Қазақстанның табысының басты кепілі.
Музыка .
Президент өмірінде музыка маңызды орын алады. Мемлекет басшысының отбасында ата-анасы әрдайым ән-күй тыңдауды ұнататын және өздері де ән сала білетін. Әсіресе анасы Әлжан Назарбаева әнді жақсы айтатын. Оның сол қабілет- дарыны ұлына берілгені сөзсіз. Жас Нұрсұлтан бала кезінен « есте жоқ ескі кездердегі» де өз заманындағы да түрлі әндер мен әуендерді тыңдап, құлағына және зердесіне сіңіріп өсті. Нұрсұлтан Назарбаев бос уақытында өзі де домбыраны шебер тартып, ән салады. Президенттің үш ән шығарғаны, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Гимні мәтінінің телавторы екені баршаға мәлім.
Ән .» Жерім менің »
Нұрсұлтан Назарбаевтың « Ой бөлістім халқыммен» деген жинағынан оқушылардың жаттаған нақыл сөздері.
13- оқушы.
Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан.
14- оқушы.
Отанды сүю – өркениеттіліктің бірінші белгісі.
15 – оқушы.
Салтанаты жарасқан қаласы бар, ұшан –теңіз байтақ даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік.!
16- оқушы.
Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
17- оқушы.
Отаны бірдің - тілегі бір, жүрегі бір.
18 – оқушы.
Көп ұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз.
19 –оқушы.
Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.
Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар!
Жүргізуші : Тәуелсіз мемлекетті Нұрсұлтандай атамыздың басқарып отырғанына біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашағы- білімді жастармен , - дейді Елбасымыз. Сондықтан да балалар біздің алдымызда тек бір ғана талап, міндет ол білім алу.
Білімді болсақ қана біз өз жолымыздан ешқашан адаспаймыз, тура жүріп, түзу өмір сүреміз деп білемін.
Қорытынды бөлімі.
Ел тынысын тереңінен танып кең
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Жүргізуші : Сіз –әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби, үлкен- кіші, кәрімізге.
Сіз – басшы, халық- қосшы бола бергей,
Жарасып келе жатыр әніміз де , сәнімізде,
дей келе :» Менің Президентіме менің тілектерім » атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |