Сабақ әнұранды тыңдаумен аяқталады. ҮІІ. Мадақтау. Динамикалық үзіліс ойын «Орамал тастамақ»



бет1/6
Дата25.12.2016
өлшемі2,45 Mb.
#4331
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Әліппе

Тақырыбы: Астана. Әңгімелеу.

Мақсаты:

Білімдік-біліктік: Оқушылардың елін сүюге, өз елін мақтаныш етуге үйрету.

Ұштастыра дамытушылық: оқушының тілін дамыту, өз ойын еркін айтуға, суретке қарап әңгімелеуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды елжандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер, мемлекеттік рәміздер.

Түрі:жұптық.

Әдісі: түсіндіру

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық кезең

ІІІ. Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс;

1. Ой қозғау

2. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

3. Әнұранның мәтіні мен авторымен танысу.

Сергіту сәті

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

«Елтаңбасы елімнің» өлеңін жатқа айту.

Ішінара сөздікпен жұмыс жүргізу.

Астана, Алматы қалаларының маңызы туралы мәлімет беру.

Астанам – жас қалам,

Мақтаныш –бас қалам.

Көңілде шырқалсын,

Шаттыққа асқақ ән!

Астанам –жас қалам,

Мақтаныш –бас қалам.

Жолшы –бол бастаған,

Ардақты Астанам!

Ү. Өздік жұмыс

1. Жазу жұмысы жүргізіледі


Сергіту сәті

Ұланымын елімнің

Мен оқушы болдамын,

Болам жігіт зор әлі-

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары.

2. Дыбыстық талдау

3. Буындық талдау

ҮІ. Тірек сызбалар арқылы сөйлемдер құрату.

ҮІ. Сабақты қорыту; оқушылардың ойын ортаға салып, мұғалім оқушылармен әңгімелеседі.

Сабақ әнұранды тыңдаумен аяқталады.

ҮІІ. Мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын «Орамал тастамақ»

Математика.

Тақырыбы: Кеңістік туралы түсінік.


Мақсаты: Білімділік-біліктілік: оқушылардың кеңістік туралы ( жоғары -төмен, оңға- солға, алдында -артында , арасында, қасында , ішінде) түсініктерін қалыптастыру және нақтылау.

Ұштастыра дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: Кіріспе

Әдісі: Түсіндіру

Көрнекіліктер: суреттер

I. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық кезең.

ІІІ. Мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыс:

1. Ой қозғау

2. Тірек білімдерін жетілдіру.
«Артық фигураны тап» ойыны.

Бірнеше фигураларды қою.Олардың бірі басқа пішінді болады.Мысалы, әртүрлі мөлшердегі 5дөңгелек және 1шаршы.

-Артық фигураны тап.Неге олай ойлайсың?

Әртүрлі мөлшердегі бірақ түсі бірдей фигуралар және басқа түстегі бір фигураны қояды.

II . Жаңа материалмен таныстыру.

Практикалық жұмыс.Оң ,сол қолын көтеру. «Керісінше» ойыны.

Мысалы, «төменде» деген сөзді айтамын, мен шақырған оқушы оған қарама -қарсы мағынадағы сөзді айтуы керек (жоғары- төмен, оң жақта- сол жақта, оң -сол, алдында -артында, алғашқы -соңғы)» «Төменнен жоғарыға -жоғарыдан төменге, кітаптың басында- кітаптың соңында , » т.б.

Сергіту сәті

III . Операциялық –орындаушылық кезең.

№ 1.

-Үйдің алдында не тұр?



-Балалардың қайсысы жоғарыда, қайсысы төменде әткеншек тепті?

-Әткеншектің алдында кім тұр?Осылай әткеншекке жақын тұруға бола ма?

-Сырғанаққа артынан келіп тұрған қызды тап, т.б.

№ 2. Өздік жұмыс.

«Жоғарыда,төменде, оң жақта , сол жақта, алдында ,артында» сөздерін өз беттерінше қолдану керек.
№ 3.- Суреттегі қонақтар орнын ауыстырып отырды ма?
Сергіту сәті.

IV. Дәптермен жұмыс.

№ 3. Бағытты көрсетіп тұрған бағдаршаны сәйкес түспен бояу.

№ 4.Лабиринт қозғалыс бағытын дауыстап айта отырып, алып жүреді.

№ 2.Түйенің ізі өрнегін салу.Таулар тапсырмасы.Өрнекті үзік сызықтармен бастыру, пайда болған өрнекті бояу.



V. Сабақты қорытындылау.

VI . Мадақтау.

VIІ .Динамикалық үзіліс «Кім шапшаң»


Әліппе

Тақырыбы: Өзің тұтынып жүрген үй мүліктері. Сөйлем

Мақсаты:

Білімдік-біліктік: Оқушыларды үй мүліктерімен, ойыншықтармен таныстыра отырып, олардың пайдасы, қызметі жөнінде әңгімелету арқылы тілін дамыту, сөздердің мәнін ұғындыру, сөздерден сөйлем құрауға үйрету

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз мүлкіне мұқият болуға тәрбиелеу.

Түрі:жұптық.

Әдісі: түсіндіру

Көрнекіліктер: қима әріптер, ойыншықтар, суреттер

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық кезең

ІІІ. Мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыс

1. Ой қозғау

2. Сызбалар бойынша сөйлем құрайды.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс: Жазу дәптеріндегі 7-бетіндегі ирек сызықтарды сызу. Ауада жазу, бастыра жазады, тақтаға жазып көрсеткен үлгісіне қарайды т.б.

Үй мүліктеріне байланысты жұмбақтар:

Төрт аяғы , арқасы бар,

Еті жоқ, тек қаңқасы бар. (Орындық).

Сырты жаз, іші қыс.Бұл не? (Тоңазытқыш).

Кіруге адам батпайды,

Затыңды аман сақтайды. (Сандық).

Бірнеше суреттердің ішінен жұмбақтардың жауабына сәйкес суреттерді тауып, оны атайды, шешуін өз ойымен дәлелдейді.Жауаптары бойынша сөйлем құрау.



  1. Өздері құрған сөйлемдердің сызбасын жасайды. Дәптердің 7- бетіндегі сандық, қазан, ошақ суреттеріне сәйкес сызбалар сызады.

  2. Өзіңе ұнаған үй мүліктерінің суреттерін салып, әңгімелету.

Тірек білімдерін жетілдіру.

ҮI .Сабақты оқушылармен ойыншықтары жөнінде әңгімелесуден бастау.

Жұмбақ жасыру.

Асты , ұйқыны білмейтін, Бөбектердей бүлдіршін,

Мұндай бала көрсем ше, Киініп тұр бір мүсін.

Жүгірмейтін , жүрмейтін, Ол қаз басып жүрмейді,

Жыламайтын, күлмейтін. Сөйлемейді, күлмейді.

Екеуінің де шешуі: Қуыршақ.

Қуыршақ сөзін пайдаланып, сөйлем, әңгіме құрату.

ҮII . Жазу дәптеріндегі 8-бетіндегі қайықтың суретін бастырып салу, иректер жазғызып жаттықтыру.

ҮIII. Оқулықтағы ойыншықтарды атап, сызбалар бойынша талдау.Ойышық аттарына буындық талдау жасату.

ІХ. Жазу дәптерімен жұмыс.

Сергіту сәті

Дәптердегі суретке байланысты сызбалар арқылы сөйлемдер құру және сөздерді буынға бөлу.

«Тоғызқұмалақ» тақырыбындағы мазмұнды сурет бойынша оқушыларға әңгіме құрғызу.Талдау, жинақтау әдісі бойынша әңгімені сөйлемдерге, сөйлемді сөздерге ажырату.

«Тоғызқұмалақ» тақырыбына құрастырылған сөйлемдерді сызба арқылы дәптерге жазу.


  1. Сабақты қорытындылау

  2. Мадақтау

VII.Динамикалық үзіліс Ойын «Кім тапқыр»

Әліппе

Тақырыбы: Оқу құралдары.

Мақсаты: білімділік-біліктік: Оқушыларды оқу құралдарымен, күзде, табиғатта болатын өзгерістерді бейнелейтін сөздермен таныстыру.

Ұштастыра дамытушылық: оқу құралдарының пайдасы, қызметі жөнінде әңгімелету арқылы тілін дамыту, сөздердің мәнін ұғындыру, сөздерден сөйлем құрауға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, өз құралдарына мұқият болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік: дидактикалық материалдар, карточкалар

I .Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық кезең

ІІІ.Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс

1. Сурет бойынша жұмыс

2. Буынға бөлу, сөйлем құрау.

Сергіту сәті.

II . Ирек сызықтарды сызу. Ауада жазу, бастыра жазады, тақтаға жазып көрсеткен үлгісіне қарайды т.б.

Ш. Оқу құралдарына байланысты жұмбақтар:

Ұшымен қазық, Жұқа тақтай бөлшегі, Бар білімнің бастауы,

Тор көзді жазық, Ұзындықтың өлшемі. Бар ғылымның бастауы

Үстіне өттім, (Сызғыш ) Жас балаға нұр шашқан,

Асыл сөз жазып. Қандай кітап тіл ашқан?

(Дәптер) (Әліппе)

Жауаптары бойынша сөйлем құрау.Өздері құрған сөйлемдердің сызбасын жасайды. Өзіңе ұнаған оқу құралдарының суреттерін салып, әңгімелету.

Сергіту сәті.

I .Ш.Ахметовтың Бұл қай кезде болады? өлеңін мұғалім мәнерлеп оқып береді.Бұлттар төніп,

Жерге төгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады,

Ойнай алмай...

Денең мұздап тоңады.

Айтыңдаршы , бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

Күзде, табиғатта болатын өзгерістерді бейнелейтін сөздерге мән бергізу арқылы сұраққа жауап іздету.

II . Жазу дәптеріндегі көбелектің гүлге ұшып баратын жолын бастыра сыз.

III. Оқулықтағы Күз тақырыбындағы мазмұнды суретке қарап сөйлемдер құру.Тірек сөздер көмегімен әңгіме жүргізу.Олар: кірпі, алма, қыз бен ұл, орман, сары жапырақтар, бұлт.

IV. Жазу дәптерімен жұмыс.

Күз тақырыбына құрастырылған әңгімеден сөйлемдерді пайдаланып,дәптерге сызба арқылы жазу.

V . Қ. Мүсіреповтың Күз атты өлеңін оқушыларды жатқа айтуға үйрету.

Жел тынымсыз гуілдеп,

Болып кетті тым бұзық.

Шуылдайды тал, терек

Жапырағын жұлғызып, -деген өлеңді оқушыларға жаттата отырып, бұзық, гуілдеп, шуылдайды, жұлғызып сөздерімен сөздік жұмыстарын жүргізу қажет.

VII. Сабақты қорытындылау.

VIII . Мадақтау

Динамикалық үзіліс ойын «Кім шапшаң»


Математика.

Тақырыбы: Уақыт туралы түсінік.

Мақсаты: Білімдік- біліктік: оқушылардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру , нақтылау.

Ұштастыра дамытушылық: уақытты анықтайтын терминдерді дұрыс қолдана білуге үйрету;оқиғалардың ретін қоя білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: сағат, уақыт өлшем бірлігі


I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Психологиялық кезең



Мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыс

1.«Дыбыс қай жақтан шығады?» ойыны.

Бір оқушының көзі орамалмен байланады. Екіншісі бөлме ішінде жүріп, қоңырауды сыңғырлатады (үстелді тықылдатады, қол шапалақтайды , т.б.)Бірінші оқушы дыбыстың шыққан орнын айтады: Менің оң жағымда шылдырлады, т.с.с.Ешқандай қателеспеген оқушы қоңырауды алып , жүргізуші қызметін атқарады. Бір уақытта бірнеше дыбыстың бағытын айту тапсырылады.Бірінші рет дыбыс алдымнан, екінші рет оң жақтан, үшінші рет сол жақтан шықты.
Ауызша жаттығулар: Мен бірнеше сөздерді айтамын, сендер мұқият тыңдап, қай сөзді бұрын, қай сөзді кейін айтқанымды байқаңдар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі.Енді 5-ке дейін хормен санайық. Қай санды бұрын айттық, екі ме, әлде үш пе? және басқа.

III . Оқулықпен жұмыс.



Сергіту сәті.

№ 1.


Баланың алдымен не істегенін , содан соң не істейтінін ретімен айту.Оқушының күн тәртібі туралы әңгіме жүргізу.

№ 2. Кім үлкен, кім кіші екенін анықтау.Отбасының барлық мүшелерінің жасын өсу , кему ретімен айту.

№ 3.- Ерте –кеш түсініктерін қолданып, уақыт туралы әңгіме жүргізу.

III. Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті

№ 2.Бір шаршы оңға сызамын, бір шаршы жоғары, екі шаршы оңға, бір шаршы төмен, бір шаршы оңға.

№ 3. Заттарды өзара байланысты топтарға бөледі: ағаш, тақтай, орындық; қой, жіп, свитер; дән, ұн, нан; Олардың пайда болу ретін анықтау.

№ 4.Өзіндік жұмыс.Кестеге қарап, суреттерді салыстырады. Жоғары, ортаңғы , төменгі қатарда не бейнеленгенін анықтау.Бұл заттарды топтайды, артық затты атайды.



V. Сабақты қорытындылау.

VI . Мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын «Заттың орнын тап»


Математика.

Тақырыбы: Бірдей. Әртүрлі.

Мақсаты:Білімдік-біліктік: оқушылардың заттарды ұзындығы , түсі, пішіні бойынша салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

Ұштастыра дамытушылық: Логикалық ойлауға, ой-өрісін дамытуға, танымдық қабілетін арттыру.

Тәрбиелік:Адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекілік: , үлестірмелі қима карточкалар, дидактикалық материалдар.

I. Ұйымдастыру кезеңі:

II. Психологиялық көңіл –күй:

III. Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін жұмыс:

Тірек білімдерін жетілдіру.

1- 10 дейінгі ауызша санау жаттығулары (1-5 дейін, 6-10 дейін, 3-9 дейін,т.б. санау); әр қатардағы парталарды санау; Эстафета ойынын ұйымдастыру.

Оқушы қатарынан 2-3 санды атайды, ары қарай келесі оқушы санауды жалғастырады.

II . Жаңа материалмен таныстыру.

Практикалық жұмыс. Сөреге бір түстегі екі кішкентай текше және басқа

түстегі үлкен бір текше қойылады. Мына текшелерді солдан оңға қарай, оңнан солға қарай санаңдар.Бұл ойыншықтар туралы не айта аласыңдар?

Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Шаршы, үшбұрыш, дөңгелекті көрсетуді сұрайды.Оқушылар геометриялық фигураларды салыстырады.

Фигураларды мөлшері , түсі бойынша екі топқа бөлуді ұсынады.

Заттарды биіктігі, ұзындығы, ені, т.б. салыстырады ( мұғалім мен оқушының бойы, үзілген жіптердің ұзындықтары, партаның биіктігі, т.б.)

III . Оқулықпен жұмыс.

№ 1.

Сергіту сәті



Хайуанаттар бағында жөндеу жұмысы жүргізілді. Сырлаушылар торды сырлады. Енді аңдарды өз торларына орналастыру керек. Түлкіні қай торға орналастырамыз.? Неге? Түлкі мен оның торын көрсет, т.б.Биік -аласа, үлкен- кіші.

№ 2. Автомобильдің ұсақ бөлшектерін салыстыру.


№ 3.Үлкен зат –ауыр, кішкентай зат –жеңіл.Сенің портфеліндегі заттар қандай материалдан жасалған? Ағаштан, метал, қағаз, пластмасса.
Сергіту сәті.

IV. Дәптермен жұмыс.
№ 2.Оң жақтағы жоғарғы ұяшықта жұлдызша, сол жақта күн бейнеленген. Оң жақтағы төменгі ұяшықта ненің суреті салынған? Сол жақтағы ұяшықта ше? Кестенің ұяшығындағы суреттер бірдей болатындай етіп, қарындашпен суретін сал.
№ 4.Өзіндік жұмыс.Сәйкес жіпті иненің көзіне өткізеді.

V. Сабақты қорытындылау.

VI . Мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын «Ұшты-ұшты»
Әліппе:

Тақырыбы: Дақылдар. Дыбыстар

Мақсаты: Білімдік-біліктік: Оқушыларды дақылдармен таныстыра отырып, олардың пайдасы, қызметі жөнінде әңгімелету арқылы тілін дамыту, сөздердің мәнін ұғындыру.

Ұштастыра дамытушылық: өз ойларын жете айта білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дақылдарды бейнелейтін суреттер.

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық кезең

ІІІ. Мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыс.

1. Ой қозғау.

2 .Оқулықпен жұмыс.

Аттарын дұрыс атау

Буынға бөлу.

Дыбыстық талдау жасау.

Дауысты дыбыстарды қызылмен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояу.
II . Ирек сызықтарды сызу. Иректердің биіктіктеріне , өзара арақашықтықтарына ерекше көңіл бөлу. Ауада жазу, бастыра жазады, тақтаға жазып көрсеткен үлгісіне қарайды т.б.

Сергіту сәті

Ш. Қ. Мүсіреповтың «Алтын астық » өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұны бойынша оқушылармен шығармашылық жұмыстар ұйымдастыру.
Көктемде егін егетін,

Күзде жиып беретін.

Біздің дала бай дала,

Алтын астық айнала.

Ел егінді жинайды,

Қырманға дән сыймайды.



  1. Қырманға қандай астықтарды жинайды?

  2. Дақылдың қандай түрін білесіңдер? Оларды қалай пайдаланамыз?

Сергіту сәті.

IV. Комбайн мен элеватор суреттері бойынша әңгіме құрату.

Сөйлемдерді өз беттерінше талдату.
V . Буындық, дыбыстық талдау.

-Комбайн сөзінде неше буын бар?

-Неше дыбыс бар?

-Бірінші буында неше дыбыс?

-Екінші буында неше дыбыс?

VI. Оқушылардың дыбыстар жөніндегі білімін пысықтау. «Жалғастыр» ойыны.

Бірінші оқушы дыбыстардың бірін айтады. Екінші оқушы сол дыбыстан басталатын сөз табады. Үшінші оқушы сол сөзді қатыстырып, сөйлем айтады.

VII. Сабақты қорытындылау.

VIII . Мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын « Дақылдар теру»



Математика.
Тақырыбы: Ұзын -қысқа. Биік- аласа. Кең -тар.
Мақсаты: «Ұзын -қысқа. Биік- аласа. Кең –тар» ұғымдарын қалыптастыру; көрсетілген белгілері бойынша заттарды салыстыру дағдыларын дамыту.
I. Психологиялық көңіл -күй.

Тірек білімдерін жетілдіру.

Неше рет? ойыны. Мұғалім бірнеше рет қол шапалақтайды, ал балалар соған сәйкес цифр жазылған карточканы көрсетеді.

II . Жаңа материалмен таныстыру.

III


I . Оқулықпен жұмыс.

№ 1. Егер шалбар ұзын болса, онда шолақ шалбар ... «қысқа» .

Сергіту сәті

№ 2. Тіл дамыту жұмысы. (Ұзынырақ -қысқарақ, биік- аласа, кең- тар) сөздерін қатыстырып , сурет бойынша сұрақ қойғызу.

№ 3.Көзбен шамалай алуларын, зейіндерін дамытуға бағытталған.

Сергіту сәті.

Көжегім , тұршы,

Бетіңді жушы.

Айнаға қарашы,

Шашыңды тарашы,

Киіміңді киші,

Мектепке қарай жүрші,

Орныңа отыршы,

Сабағыңды оқышы.

VІ. Дәптермен жұмыс.

№ 2.Фигураны пішіні, түсі, мөлшері бойынша салыстырады. Фигураны, оның қасиеттерін дұрыс атап, төрт қоршаудағы осы фигураларды тауып, бояйды.

Сергіту сәті

№ 4.Кестенің бағаны, қатары болады.

-Екінші бағанның екінші қатарында үй орналасқан.Шатырын қандай түспен бояу керек?Қабырғасын ше?

-Екінші қатардағы үйлердің шатыры көк болуы керек болғандықтан, шатырын көк түспен бояймыз…



V. Сабақты қорытындылау.

VI . Мадақтау.

Динамикалық үзіліс бой жазу жаттығулары


Әліппе

Тақырыбы: Көкөністер. Дауысты дыбыстар.

Мақсаты білімдік-біліктік: Оқушыларды көкөністермен таныстыра отырып, олардың пайдасы, қызметі жөнінде әңгімелету.

Ұштастыра дамытушылық: сурет арқылы тілін дамыту, сөздердің мәнін ұғындыру, буындық, дыбыстық талдау жасауға үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

І.Ұйымдастыру сәті

ІІ.Психологиялық кезең

ІІІ. Мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыс

ІҮ.Сурет бойынша әңгіме құрату

Ү. Сызба бойынша сөйлем құрау

I .Оқулықпен жұмыс.

ҮІІ. Өздік жұмыс

Аттарын дұрыс атау. Буынға бөлу. Дыбыстық талдау жасау.

Дауысты дыбыстарды қызылмен, дауыссыз дыбыстарды көк түспен бояу.

II . Дәптермен жұмыс.

Ауада жазу, бастыра жазады, тақтаға жазып көрсеткен үлгісіне қарайды т.б.


Ш.Көкөністерге байланысты жұмбақтар.
Қарала қойымды Бұйра тұлымы, Тігіп алып көк шатыр

Байлап ем, Желмен ойнайды. Қызылкүрең доп жатыр.

Желіде жатып тойынды. Қызыл мұрыны, /Қызылша/

/Қарбыз/ Жерге бойлайды.

/Сәбіз/

Аласа тал, Түбі толған құмалақ.



Тамаша тал. /Картоп/

Самсап тұр алмасы,

Ол алқызыл,

Ол қанқызыл,

Боялғанша, алмашы!

/Қызанақ/

Сергіту сәті.

IV. Сурет бойынша әңгіме құру.

V . Буындық, дыбыстық талдау.

-Сәбіз сөзінде неше буын бар?

-Неше дыбыс бар?

-Бірінші буында неше дыбыс?

-Екінші буында неше дыбыс?

VI. Сабақты қорытындылау.

VII . Мадақтау.

Динамикалық үзіліс


Математика.
Тақырыбы: Реттік санау. Нешінші?

Мақсаты: білімдік-біліктік: Реттік санау түсінігімен таныстыру; өтілген материалдарды бекіту. Логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Ұштастыра дамытушылық: Ойлау есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Тілалғыштыққа тәрбиелеу.

I.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық көңіл -күй.



Тірек білімдерін жетілдіру.

Пойыз құрастырамыз ойыны.

Мұғалім оқушыларды тақтаға кезекпен шақырады. Олардың әрқайсысы вагондардың рөлін атқарып, өздерінің нөмірлерін айтады. Мысалы; бірінші шақырылған оқушы : Мен бірінші вагонмын деп айтады.Екінші оқушы бірінші вагонға тіркеледі де, өзінің реттік нөмірін айтады, қалғандары бірдің артынан бір –екі деп айтып отырады. Содан соң вагондар ағытылады, ал балалар хормен санайды: Бірсіз үш – екі, т.с.с.

II . Жаңа материалмен таныстыру.

Практикалық жұмыс. Мұғалім оқушыларды қатарға тұрғызады: Бірінші Айдос тұр, оның артында кім тұр?Ол екінші. Үшінші кім тұр? Төртінші ше?Қатарда неше оқушы тұр? Марат пен Айгүлдің арасында кім тұр?Мұғалім бірінші отырған оқушыны отырғызады. Енді қатарда неше оқушы бар? Бірінші кім тұр? Екінші ше? Үшінші ше? Соңғы тұрған кім?Енді айналып бұрылып тұрыңдар.Енді кім бірінші тұр?Екінші ше? Соңы кім? т.б.

III . Оқулықпен жұмыс.



Сергіту сәті

№ 1. Бұл кейіпкер ... алдында, бірақ ... кейін тұрады. Бұл қай кейіпкер?.

№ 2. Өрт қай қабаттан шықты?

Қай машина алда келеді?

Реті бойынша мотоциклші нешінші келеді?

№ 3.Егер бірінші қабаттағы терезеден ит пен әтеш қарап тұрса, онда жабық тұрған терезе тасбақаның терезесі т.б.



Сергіту сәті.

IV. Дәптермен жұмыс.

№ 1. Мұғалім жолдан бастап санағанда үшінші, бесінші үйдің шатырын жасыл түспен боя, ағаштан бастап санағанда екінші үйдің төртінші қабатындағы пәтердің шамын жақ және осы сияқты тапсырмаларды таңдап алады.

№ 2. Екі тобын теңестіруге арналған.

№3. Сиқырлы суреттер бойынша ұсынылған фигураларды пайдаланып, толықтыру арқылы өз қалауынша сурет салады.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Мадақтау.


Дүниетану.
Тақырыбы: Бізді қоршаған дүние.

Білімділік мақсаты:

Оқушылардың күнделікті өмірден байқағандарына сүйене отырып, оларға қоршаған дүниеге не енетінін ұғындыру,қоршаған дүниені бақылап, байқағандарын қорытындылай білу арқылы дүниені танып білуге болатындағын түсіндіру.

Ұштастыра дамытушылық: Нақты мысалдар арқылы оларға экологиялық тәрбие беру.

Сабақтың жабдығы: бейнелі суреттер табиғи көріністерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін бейнелейтін, табиғи заттар : табиғи заттар; тас , құм, шөп. т .б.
Оқу үрдісінің тәртібі:

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Психологиялық кезең.

1. Кіріспе әңгіме.

- Суреттен көргеніңде ата.

- Осындай көріністерді күнделікті жағдайда қайдан кездестіруге болады?

- Мектеп маңайында осы көріністердің қайсысы кездеседі?

ІІІ. Ақпараттық: мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыс

2. Оқулықтағы суреттің ішінен өздері танитындары жайында сұрау.

Сергіту сәті

Аспаннан түнде нелерді көретінін , күндіз жерге жарық пен жылу қайдан келетінін айтқызу.Осының бәрі қоршаған дүниеге енеді.

ІҮ. Өздік жұмыс

1. Тірі табиғат пен өлі табиғаттың ерекшеліктерін айту

2. Оның айырмашылықтарын табу

Ү. Деңгейлік тапсырмалар нәтижесін зерттеу

1-қатар: Өлі табиғат ......

2-қатар .Тірі табиғат..........

3-қатар Заттар.............

3. Сөздік жұмыс: күн, аспан, адам, қоректенеді, көбейеді,т.б. сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыру.

4. Мұғалімнің қоршаған дүние туралы оқулықтағы тұжырымдаманы оқып беруі.

Сергіту сәті

5. Дәптермен жұмыс.


№ 1. бақылау күнделігіндегі тапсырманы орындау.

6. Сурет бойынша еркін әңгіме құрастыру.


V. Сабақты қорытындылау.

VI . Мадақтау.

Динамикалық үзіліс ойын «Өз орныңды тап»



Әліппе

Тақырыбы: А дыбысы мен әрпі. Алма жинау.

Білімділік мақсаты: А дыбысы мен әрпін таныстыру, бас әріп және кіші әріптерді каллиграфия талаптарына сай жазуға дағдыландыру, буындық, дыбыстық талдау жасау; мазмұнды сурет бойынша жұмыс жүргізу.

Ұштастыра дамытушылық: Сөздік қорын молайту, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы:

I . Ертегі оқу.

Ертеде бір аю болыпты. Ол балды жақсы көреді екен. Бірде балды көп жеп қойып, оның тісі қатты ауырады. Сонда аю көршісі тоқылдаққа келіп жәрдем сұрайды. Сонда тоқылдақ оған:

-Аузыңды аш, тісіңді көрсет, -дейді . Аю:

- А-А-А, -деп аузын кең ашады. Осы кезде тоқылдақ оның ауру тісін жұлып алады.Аю бірден тыныщталып, риза болып, рақметін айтып, өз үңгіріне кетеді.

Мұғалім: - Сұрақ: -Аю аузын ашып қандай дыбыс шығарды?

Балалар: -А-А-А, -деп бұл дыбысты кезек- кезек және хормен айтып жаттығады.

-А дыбысын әндетіп те, созып та, айғайлап та айта аламыз.Айтқанда ешнәрсе кедергі жасамайды.(тіл, тіс, ерін) . Осылай айтылатын дыбыстарды дауысты дыбыс деп айтамыз.Бұл дыбыс мынадай әріппен таңбаланады, -деп әріп таңбасы көрсетіледі.



Аю, бал сөздеріне ауызша буындық, дыбыстық талдау жасап, А дыбысының орны анықталып, сызбада белгіленеді.

Сергіту сәті

II . Жазу дәптеріндегі қолды жазуға дайындауға арналған жаттығу жұмысы орындалады. Ол -өлең шумақтарына сәйкес суретті бояу.

Мен алмамын, алмамын,

Таңдай жұлар бар дәмім.

Ағаш, алма сөздеріне дыбыстық талдау жасау және оларды белгілеу.

А дыбысының орнын анықтату.

Сергіту сәті

Там, там, тамшы , там,

Там, там, тамшы , там,

Тамшы там, нөсерлет.

Тамшыдан өсер көк.

III. Дәптермен жұмыс.

А әрпінің баспа және жазба үлгілері салыстырылады. Үлгі бойынша бастыра жазу.Дыбыстық талдау.


IV.Мазмұнды сурет бойынша жұмыс жүргізу.Бақта және бақшада өсетін алма, алмұрт,қауын, қарбыз сөздеріне дыбыстық талдау жасау.
V. Сурет атауларына дыбыстық талдау жасау, а дыбысының орнын анықтау.

Мазмұнды жұмыс жүргізу. Тірек сөздері арқылы берілген сызба бойынша сөйлемдер құрату. Олар: Айдар, су, қайық, жіберді, ақты, қағаз, жасады т.б.


V. Сабақты қорытындылау.

VI . Мадақтау.
Динамикалық үзіліс ойын «Сиқырлы таяқ»

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет