Сабақтың басы(2-5 минут)
|
(МК) .Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқушылармен пікір алмасу
(сөйлесу Оқушылармен амандасу.Сыныпты түгендеу. Сабаққа
дайындау, оқу құралдарын алу.
Үй тапсырмасын сұрау арқылы сұрақ-жауап Миға шабуыл
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау апқылы оқушыларды диалогқа түсіру
Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау
Сұрақ жауап:
1. Үшбұрыш дегеніміз не? Ж: Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктені кесінділермен қосқанда шығатын геометриялық фигураны үшбұрыш деп атаймыз.
2. Қабырғалары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Тең қабырғалы, тең бүйірлі, әр түрлі қабырғалы үшбұрыш.
3. Бұрыштары бойынша үшбұрыштар неше түрге бөлінеді? Үшбұрыштарды ата. Ж: үш түрге бөлінеді. Сүйір бұрышты, доғал бұрышты, тік бұрышты үшбұрыш.
4. Үшбұрыштың үлкен қабырғасына қарсы үлкен бұрышы жатады.
5. Үшбұрыштың үлкен бұрышына қарсы үлкен қабырғасы жатады.
6. Егер үшбұрыштың екі бұрышы тең болса, онда үшбұрыш теңбүйірлі деп аталады.
7. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы деген не? Ж: Үшбұрыштың сырт-қы бұрышы үшбұрыштың төбесіндегі бұрышпен сыбайлас бұрыш-ты айтады
|
|
Сабақтың ортасы (6-40 минут)
|
(МК,Ұ)
Постермен жұмыс
Өз ойларын ортаға салады сабақты талдайды
Топтарға жаңа тақырып бойынша толық меңгерту мақсатында өз пікрлерін сурет арқылы қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады
1 топ Тұзу Кесінді
2 топ Ұшбұрыш
3 топ Шеңбер
Есептер шығару топ бойынша
І
1. Үшбұрыштың бұрыштары 7:5:6 сандарына пропорционал. Үшбұрыштың ең кіші бұрышын анықтаңыз.
2. Үшбұрыштың әрбір төбесінде неше сыртқы бұрыш болады.
3. Үшбұрыштың сыртқы бұрыштарының бірі 950. онымен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының қосындысын табыңдар.
4. АВС үшбұрышында . В төбесіндегі сыртқы бұрышы 720. Үшбұрыштың барлық ішкі бұрыштарын табыңдар.
5. Үшбұрыштың сыртқы екі бұрышы 1000-қа және 1500-қа тең. Үшінші сыртқы бұрышын табыңдар.
ІІ
1. ABC, PQR және XYZ үшбұрыштары тең және АВ=5см, QR=6см, XZ=7см болса, онда әрбәр үшбұрыштың белгісіз қабырғаларын табыңдар.
2. Егер QPT үшбұрышының екі тең емес бұрышы бар болса, онда АВС үшбұрышының барлық бұрыштары тең болуы мүмкін бе?
3. ΔFBC= ΔSKT және АВ=17дм, ∠К=70˚. В бұрышы мен SK қабырғасын табыңдар.
ІІІ
1. Қабырғалары , 6 және 12 болып келетін үшбұрыштың екі бұрышы қандай?
2. АВD және АDС үшбұрыштарында АВ=АС, ВD=DС, . DАС бұрышын табыңыз.
І деңгей тапсырмалары
1. Қабырғалары 1) 7,5см, 6см, 4,5см; 2) 8,1см, 7,9см, 12см болатын үшбұрыштардың периметрлерін табыңдар.
2. а түзуін сызып, оның бойына K, L, M нүктелерін белгілеңдер. Осы нүктелер арқылы түзуді белгілеп жазыңдар.
3. ∠АОВ=20°; ∠BOC=50° болса, АОС бұрышын табыңдар.Қай сәуле қандай сәулелердің арасында жатыр?
4. Берілген екі бұрыш бойынша үшбұрыштың үшінші бұрышын табыңдар:
1) 30°, 50° 2) 60°, 40°
5. Екі параллель түзуді үшінші түзумен қиғанда пайда болған бұрыштардың бірі 65°-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар?
6. Әр үшбұрыштың сүйір, не доғал не тікбұрышты үшбұрыш екенін анықта;
7.Үшбұрыштың екі төбесіндегі сыртқы бұрыштары 110° және 160°. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңдар.
8. Қабырғалары 1) 7,5см, 6см, 4,5см; 2) 8,1см, 7,9см, 12см болатын үшбұрыштардың периметрлерін табыңдар.
ІІ деңгей тапсырмалары
1. Теңбүйірлі үшбұрыштың екі бұрышының айырымы 24˚. Оның бұрыштарын табыңдар.
2. Үшбұрыштың В төбесіндегі сыртқы бұрышы А төбесіндегі ішкі бұрышынан 3 есе, ал С ішкі бұрышынан 40° артық. Үшбұрыштың барлық бұрыштарын табыңдар.
3. m‖n, x-y=46° болса x=?
ІІІ деңгей тапсырмалары
1. Төбелері ортақ, сәйкес қабырғалары перпендикуляр екі бұрыш берілген. Олардың бірі екіншісінен 4 есе кем. Осы бұрыштарды табыңдар
2. Сыбайлас бұрыштардың биссектрисcалары арасындағы бұрыш 90°-қа тең болатынын дәлелдеңдер.
|
Оқулық
Аудидиск:
№1Жұмыс дәптері
|
Сабақтың соңы( 41-45мин)
|
(Қ) Топтық жұмыс
. «Геометрия сөзіне кластер толтыру.Жұптық жұмыс.
І топ
1. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғасынан 1 см артық, бірақ бүйір қабырғаларының қосындысынан 4 см кем. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
2. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының бірі 300-қа тең, ал сыртқы бұрыштарының бірі 400-қа тең. Үшбұрыштың қалған бұрыштарын табыңдар.
3. АВС үшбұрышының А және В төбелеріндегі сыртқы бұрыштардың қосындысы (әрбір төбеден бір-бірден алынған) қосындысы 2400-қа тең. Үшбұрыштың С бұрышын табыңдар.
4. Үшбұрыштың сыртқы бұрышы 1120-қа тең. Осы бұрышпен сыбайлас емес екі ішкі бұрышының бірі екіншісінен 380-қа артық. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарын табыңдар.
5. Тең қабырғалы үшбұрыштың ішкі және сыртқы бұрышын табыңдар.
ІІ топ
1. Қабырғалары 5, 12, 13 болып келетін үшбұрыштың ең үлкен бұрышы қандай?
2. МNК үшбұрышында NК=18 см, ал N бұрышының сыртқы бұрышы 1500 тең. MN-ге жүргізілген биіктікті табыңыз.
3. Үшбұрыштың екі сыртқы бұрышы 1000 және 1500. Үшбұрыштың үшінші сыртқы бұрышын табыңыз.
ІІІ топ
1. Егер АВС және CBD бұрыштарының биссектрисcалары өзара пнрпендикуляр болма, онда А, В, D нүктелері бір түзу бойында жататынын дәлелдеңдер.
|