Сабақтың басы
3 минут
Топтық жұмыс
7минут
|
Амандасу, оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру;
Оқушыларды екі топқа бөлу үшін алдын ала үлестірмелі қағаздарға мына сандарды әзірлеп алып, таратамын. (Оқушылар слайдтарды көре отырып,өз ойларымен бөлісіп,үшбұрыштар жайлы білетінін ортаға салады.Ұшбұрыштардың түрлерін ажыратады.
Үшбұрыштың тарихынан қысқаша мәлімет жасайды.Бермуд үштағаны.Египед үшбұрышы.Үшбұрышты шляпа.
Ұшбұрыштар жайлы ертегі .
Үшбұрыш,төртбұрыш ,әртүрлі фигуралардан жануарлар бейнесін құрау.
|
Үлестірме қағаздар
7-слайд
|
Өтілген тақырыпты қайталау мақсатында «Тапсырмадан-шешімге» әдісі арқылы екі топқа қайталау тапсырмаларын ұсынамын
(Өткен тақырыпты еске түсіру)
Өткен оқу материалын қайталау, тірек тапсырмалары :
1.Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 3см, 4см, 6см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
2.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы 7см. Үшбұрыштың табанын тап.
3.Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39см. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
4.Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 12см. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
5.Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 20см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 есе ұзын. Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтарын табыңдар.
Үшбұрыштар еліне саяхат» ертегі түрінде баяндау.
Ертегі кейіпкерлері – үшбұрыштар.( слайдта көрсетілген)
Сұрақтар, тапсырмалар
Қандай фигураны үшбұрыш деп атайды? Элементтерін ата.
Қабырғаларының ұзындықтарына қарай үшбұрыштар қандай түрлерге бөлінеді?
Бұрыштарының шамасына қарай үшбұрыштар қалай аталады?
Cуретте АD кесіндісі қалай аталады?
Суретте ВК кесіндісі қалай аталады?
Суретте СН кесіндісі қалай аталады?
|