Сабақ. Грамматикалық тақырып: Есімдіктердің мағыналық топтары лексикалық тақырып: Қазақ тілі сабағы


Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттап алыңыз. Слушайте, повторяйте, выучите



бет15/118
Дата28.10.2022
өлшемі2,08 Mb.
#155392
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   118
Байланысты:
УМКД 2012-2013

Тыңдаңыз, қайталаңыз, жаттап алыңыз. Слушайте, повторяйте, выучите.
БІЛІМ



қызыға бастады

начали интересоваться

іздестіруім керек

должен отыскать, мне надо отыскать

бағдарламалау

программирование

оқуға түсу талаптары

требования поступлений

құштарлығы болуы керек

Чтобы было сильное желание, страсть

стипендияға үміткерлер

кандидаты в степендию

мәртебелі университеттер

престижные университеты

бәсекеге қабілетті

конкурентно способные

шалғай аймақтар

отдаленные регионы

өсіпті

возросло, увеличилось

жеңілдеген

облегчилось

талпыныс

старание, стараться

түлектер

выпускники

жыл сайын, күн сайын

ежегодно, ежедневно

пікірлері өзекті

их мнения очень важно, актуально

ХХІ ғасыр – жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры, компьютер ғасыры. Бүгінде компьютердің мүмкіндіктері жыл сайын емес, күн сайын дамып келеді. Сондықтан осы сала бойынша жоғары білім алуға тырысуым керек сияқты. Мен мектепте компьютерлік технологиялар, бағдарламалау туралы мәліметтерді техникалық журналдардан көп оқыдым. Осы сала мамандықтарына қызыға бастадым, информатикадан олимпиадаларға қатыстым.


Енді компьютерлік технологиялар, бағдарламалау бойынша жақсы оқу орындарын іздестіруім керек. Мен Интернет сайтынан «Болашақ» бағдарламасы туралы ақпараттар таптым. Биыл «Болашақ» стипендиясының саны 3000 мыңға дейін өсіпті. Және оқуға түсу талаптары біршама жеңілдеген. Англия, АҚШ, Канада, Малайзия, Германия, Франция, Қытай, Жапония, Корея және басқа да демократиялық елдердің мәртебелі университеттерінде қазақстандықтардың шетелдік білім алуына мүмкіндіктер туып отыр.

Стипендия алғысы келетін үміткерлерге қажетті шарт – білімге талпынысы мен құштарлығы болуы керек, - деп жазған. Осы оқу жылынан бастап стипендияға үміткерлердің жас мөлшеріне шектеу жоқ. Мемлекеттік қызметкерлерге, ауылдық жердің тұрғындарына, оралмандар мен шетелдегі қазақ диаспоросына квоталар бар.


Мен өз мүмкіндігімді жіберіп алмауым керек сияқты. Менің енді «Болашақ» стипендиясына құжаттарымды өткізуім керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   118




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет