Қысқа мерзімді сабақ жоспар
Мектеп:
|
Степняк қаласы Абай атындағы
№ қазақ орта мектебі
|
Мұғалімнің аты-жөні: Пәні
Күні:
|
Сейдалина Сауле Жабатаевна
Қазақ тілі
20.10.2017ж
|
Сынып:
|
5-сынып,
Қатысқан оқушылар саны: 23
Қатыспағандар:
|
|
Сабақтың тақырыбы
|
Бөлімі: ОТБАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛЕР МЕН МЕРЕКЕЛЕР.
«Тұсау кесу»
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
5.1.1.1- тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау
5.3.5.1-оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып , жинақы мәтін жазу
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды;
Жинақы мәтін жаза алады.
Көпшілігі: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып , жинақы мәтін жазады
Кейбіреуі:
- Тыңдалым материалы бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып , жинақы мәтін жазады
- Оқылым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып , жинақы мәтін жазады
|
Жетістік критерийлері
|
Оқыған материалдары бойынша кластер құра алады
Тыңдаған материалдары бойынша ақпараттарды «түртіп алады»
Ойын жинақтап жинақы мәтін жаза алады
|
Білу деңгейі
|
Білу және түсіну – оқыған мәтінді түсінеді, мағынасын айыра алады
Қолдану. Оқыған мәтін бойынша кластер құрастырады. Тыңдаған мәтін бойынша тірек сөздерді «түртіп алады»
Жинақтау. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып , жинақы мәтін жазады
Бағалау Өзара бағалау
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар: Жинақы мәтін жазу барысында тұсау кесу, ғұрып, ырым,дәстүр, тәй-тәй, қадам, ала жіп, пысық, ширақ, жайбасар, тұсап байлап,қызықпа,т.б. деген сөздер мен сөз тіркестерін тірек сөз ретінде пайдаланады
Пән лексикасы және терминология: Тақырыпқа арналған сөздер мен сөз тіркестерін оқылым және тыңдалым материалдарының ішінен іріктеп ала алады.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: Мен бүгін... білдім. Мен үшін....жаңалық болды. . Қазақ халқы...екен. Баласының болашағы... Маған ... ой келді. Менде ... деген сұрақ туындады. ... деп ойлаймын.
(жазылым кезінде пайдалануға болады)
|
Осыған дейін меңгерілген білім
5 минут
|
Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер.
Бесікке салу.
Балалар ата-аналарынан, ата-әжелерінен үйреніп келген «Бесік жырын» айтып береді.
|
Жоспар
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)
|
Дереккөздер
|
Сабақтың басы
2 минут
БІЛУ
2 минут
1 минут
|
Сабақта жұппен жұмыс істейтіндіктері айтылыды.
Сабақтың мақсаты хабарланады.
Зейіндерін сабаққа шоғырландыру. Сабақ мақсатын болжау.
Интерактивті тақтадан суреттер көрсету.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын болжау арқылы табу.
Жетістік критерийлері көрсетіледі, түсіндіріледі. (оқушыларға жетістікке жету мақсатында нақты жұмыс істеуге талаптар)
Дәптерлерін ашып күнді, тақырыпты жазады.
|
Келесі қысқартуларды қолданыңыз:
МН =Мұғалімге арналған нұсқаулық
МЖ = Мұғалім жасаған
ӨД = өзге дерек көздері
|
Сабақтың ортасы
БІЛУ:
6 минут
ТҮСІНУ:
5 минут
2 минут
Қолдану:
8 минут
3 минут
БАҒАЛАУ
2 минут
|
Жазылым жұмысының алдындағы қалыптастыру тапсырмалары:
Жеке жұмыс. ОҚЫЛЫМ. 2-тапсырма.
Оқулықтағы мәтінді түсініп оқып шығу.
Қосымша мәтінді түсініп оқу.
Мәтіндер бойынша «Тұсау кесу» кластерін құру. Дәптерін жұбымен алмасады. Өзінде жоғын толықтырып жазу.
ТЫҢДАЛЫМ.
Интернеттен «Тұсау кесу» бейнежазбасын көру. https://www.youtube.com/watch?v=XE5T0X3yyIY
Екінші рет бейнесіз тыңдау.
Тірек сөздер «түртіп алу» (жазып алу).
ЖҰППЕН ЖҰМЫС.
Жұбымен алмасу, өз жазбасын толықтырып жазу.
ЖАЗЫЛЫМ.
ЖЕКЕ ЖҰМЫС. Оқыған, тыңдаған, кластерге түсірген, тыңдаған мәтіндерді пайдаланып «Тұсау кесу туралы бүгін білген жаңалығым» тақырыбына 7 минутта 50 сөзден тұратын жинақы мәтін жазады.
ЖҰППЕН ЖҰМЫС.
А)Жазған хат мәтінін көршісімен алмасады. Көршісі оқиды. Пікірін айтады, кеңес береді. Өзі де үйренеді. Белгілер қояды, қайтарып береді.
Ә) Жұбының айтқан кеңестерін ескеріп, толықтырып, түзетіп қайтадан жазады.
Дескриптор
Білім алушы:
оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, 7 минутта, 50 сөзден тұратын жинақы мәтін жаза алады.
Бағалау парағы таратылады. Өзін өзі бағалауға бағыт беріледі
Бағалау парағы .
Өзімнің атым________________________
Көршімнің аты_______________________
Оқыған ақпаратты пайдалана алды
|
Естіген ақпаратты пайдалана алды
|
50 сөз жаза алды
|
7 минутта үлгерді
|
|
|
|
|
«Өте жақсы», «жақсы», «біршама жақсы» «Ізденуі керек» - деңгейлерінің біреуімен бағалайды
|
ӨД
ӨД
МЖ
МЖ
МЖ
|
Сабақтың соңы
ЖИНАҚТАУ
3 минут
Кері байланыс:
1 минут
|
Жұппен жұмыс.
Тапсырма. (Үздік жұмысты саралап таңдап алу үшін) Әдісі: Оқушылар оқыған хаты бойынша өз пікірін айтып, үздік жұмысты сыныптың алдында оқуға ұсынады.
Үздік жұмыс авторы сыныптың алдында жинақы мәтінін оқып береді.(Болашақта шығармашылық шабыты шарықтауы үшін)
Үздік мәтін авторына қошемет
Бас бармақ арқылы кері байланыс береді
|
МН,МЖ
МН,МЖ
|
Достарыңызбен бөлісу: |