Сабақ жоспары №18 Күні-айы: ­­­­ Топ: эм 02 Курс: I мамандығы: 1504000 фермер шаруашылығы



бет1/2
Дата27.08.2017
өлшемі287,71 Kb.
#29927
түріСабақ
  1   2
БЕКІТЕМІН

«Қаракемер кәсіптік колледжі»

МКҚК Аға шебері

____________ Тукеева Ж.С.
Сабақ жоспары №18
Күні-айы: ­­­­__________ Топ: ЭМ - 02 Курс: I

Мамандығы: 1504000 - фермер шаруашылығы.

Біліктілігі: 1504092 – Электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электрмонтер.

Бөлімнің тақырыбы: Электр құрал жабдықтарына қызмет көрсету.

Сабақтың тақырыбы: Асинхронды электр қозғалтқыштары.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Электр қондырғысын бөлшектеу және жинақтау, оның механикалық бөлімін тексеру және техникалық күтімінің іске асыруын үйрену.

Дамытушылық: Техника қауіпсіздік ережелерін сақтап, электр қозғалтқыштың құрылысын, сұлбалар бойынша оларды қосып үйрету және соған дағдыландыру.

Тәрбиелік: Осы таңдаған мамандыққа студенттердің қызығушылығын арттыру. Оқу – өндірістік тапсырмаларды орындау кезінде жауапкершілікке, ұқыпты орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Еңбек тәсілдері мен әдістерін үйрету сабағы.

Сабақтың әдістері: Ауызша түсіндіру (әңгімелесу, түсіндіру, дәріс оқу, оқулықпен жұмыс жасау), көрнекілік әдістер (бақылау тәжірбиелерді көрсету), еңбек әдістері мен тәсілдерін көрсету, тәжірбиелік әдістер (жаттығулар орындау, тәжірбиелік және өндірістік жұмыстарды орындау).

Материалды-техникалық жабдықтар мен дидактикалық материалдар: Бөлшектеу мен жинақтауға арналған, қысқа тұйықталған роторлы, үш фазалы, асинхронды қозғалтқыш, съемник, гайкалы кілт, бұрауыш.

Өткізілетін орны: Ауылшаруашылығын электрмен жабдықтау зертханасы.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: (1-3 мин)

1.1. Сәлемдесу;

1.2. Білім алушыларды түгендеу;

1.3. Білім алушылардың оқу құрал-жабдықтарын тексеру.



2. Кіріспе нұсқау: (45 мин)

2.1. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру;

2.2. Білім алушылардың теориялық сабақтарда алған және өндірістік оқыту сабақтарында алған білімін тексеру:


  1. Реленің атқаратын қызметі қандай?

  2. Реленің түрлерін атаңыз.

  3. Физикалық шамасына қарай қалай бөлінеді?

  4. Жылу релесі деген не?

2.3. Білім алушыларға сабақта жасалатын жұмыстарды орындаудың әдіс-тәсілдерін көрсету және түсіндіру, сонымен қатар орындалған жұмыстың сапасын бақылау әдістерін үйрету.

Жаңа тақырыпты түсіндіру
Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина генератор деп аталады. Электр машиналары тұрақты ток және айнымалы ток машиналары болып екіге бөлінеді. Кең қолдау тапқаны үш фазалы синхронды және асинхронды машиналар, 8 март 1889жылы белгілі орыс электригі М.О доливо-Добровольский жасаған үш фазалы асинхронды қозғалтқыш болып табылады.

Электр машиналарының жұмыс істеу принципі электромагниттік индукциямен электромагниттік күштер заңын пайдалануға негізделген.

Егер ротор магнит өрісінің айналу жылдамдығына тең жылдамдықпен айналса, яғни өріспен синхронды болса, онда бұл жылдамдық синхронды жылдамдық деп аталады. Егер ротордың жылдамдығы өрістің айналу жылдамдығына тең болмаса онда бұл жылдамдық асинхронды деп аталады.

Қысқа тұйықталған роторлы қозғалтқыштар фазалық роторлы қозғалтқыштарға қарағанда қарапайым, әрі пайдалануға сенімді. Алайда, фазалық роторлы қозғалтқыштардың артықшылықтары – оның жүргізіп жіберуші және реттеушіқасиеттерінің барлығында. Құрылысының қарапайымдылығы, қызмет етуі оңай, құнының арзандығы сияқты қасиеттерімен бірге, асинхронды қозғалтқыштардың кейбір кемшіліктері де бар, ең бастысы – пайдалы қуатының (cos ) едәуір төмендігі. Толық жүктелген кезінде 0,85-0,9 шамасына жетуі мүмкін, бос жүріс кезінде 0,2-0,3 болады. Асинхронды қозғалтқышының қуат коэфициентінің кем болуының себебі - магнит өрісін қоздыруға қажет болатын реактивтік қуатқа өте коп энергия жұмсалатындығында.


Техника қауіпсіздігі.
Жұмыс барысында автоматты ажыратқыштың қақпағын ашқан кезде жарақат алмау, сымдардың ашық жерін қолмен ұстамау, тәртіпке бағыну, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

2.5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;



  1. Генератор дегеніміз не?

  2. Синхронды және асинхронды жылдамдық дегеніміз не?

  3. Электр машиналарының жұмыс істеу принцмпі неге негізделген?

  4. Электр машиналарының түрлерін атаңыз.

2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;



3. Білім алушылардың оқу-өндірістік жұмыстарына ағымдағы нұсқау жүргізу (4сағат).

  1. Қозғалтқыш паспортының деректерін зерттеңіз;

  2. Оның сыртқы кескінімен танысыңыз. Бөлшектерінің шаң басқан және кірленген жерін тазалаңыз;

  3. Подшибниктің қақпағын алып, орналасу жағдайын тексеріңіз;

  4. Білікті қолмен айналдырып, қозғалмайтын бөліктерге тимейтіндігіне көз жеткізіңіз;

3.2. Ағымдағы нұсқау:

  1. Жұмыс орнын дайындауды бақылау.

  2. Жұмыс орнында білім алушылардың жұмысын бақылау.

  3. Еңбек тәсілдерін, орындау дұрыстығын және техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.

  4. Жұмысты қабылдау.

4. Қорытынды нұсқау (15 мин):

4.1. Сабақты қорытындылау.

4.2. Жіберілген қателерді талдау.

4.3. Білім алушылардың жұмысын бағалау және оны түсіндіру.



4.4. Үй тапсырмасы: Электр қозғалтқышының ұшбұрышша және жұлдызша жалғану схемасын сызып келу.

5. Жұмыс орнын жинастыру.

Ө/о шебері:_______________Желеубай Ержан Болатұлы.


Инструктивті технологиялық нұсқау картасы№17

Тақырыбы:Асинхронды электр қозғалтқыштары.

Мақсаты: Тақырыбы: Электр қондырғысын бөлшектеу және жинақтау, оның механикалық бөлімін тексеру және техникалық күтімінің іске асыруын үйрену Жұмыста қолданылатын құрал-саймандар. Қауіпсіздік шаралары.



Жұмыстың реті

Жұмыстың мазмұны

Қажетті құрал -жабдықтар

1

Роторы қысқа тұйықталған асинхронды қозғалтқыштың құрлысын үйрену.




Каталог: uploads -> doc -> 0706
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0706 -> Сабақ Тақырыбы Тарауды қайталау
0706 -> Сабақтың аты §31. §32. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Сілтеме Жоспар
0706 -> Сабақ тақырыбы: Функционалдық сауаттылықты дамытудың әдіс-тәсілдері Жалпы мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет