Сабақ жоспары №23-24 2 тоқсан Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



бет1/3
Дата28.06.2017
өлшемі286,64 Kb.
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді жоспар


Сабақ жоспары 23-24 2 тоқсан


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3С Статистика элементтері

Мектеп: НИШ Атырау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:



Сынып: 7

Қатысқандар саны: 11

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Абсолютті жиілік және салыстырмалы жиілік. Жиілік кестесі


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.4.2

статистикалық деректерді жинайды және кесте түрінде көрсетеді;

7.4.4.1

таңдаманы жиілік кестесі түрінде көрсетеді;



7.4.4.7

кестедегі деректерді қайшылықсыздыққа тексереді;



Сабақ мақсаттары:

Кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, салыстырмалы және абсолюттік жиілік ұғымын біледі

Күтілетін нәтиже:

Арифметикалық орта, мода, медиана, абсолюттік және салыстырмалы жиілік кестесін құрып есептеулерді біледі

Жетістік критерийлері


Дағдылар

Жетістік критерийлері

Білу және түсіну


Статистикадық мәліметтердің берілу тәсілдерін, оның ішінде кесте түрінде берілуін біледі


Білімін қолдану


Эксперименттік нәтижелер бойынша кестеқұрады

Әрбір нәтиже үшін абсодютті және салыстырмалы жиілікті табады

Берілгендері бар кестені дұрыс құра алады

Кесте берілгендерін талдауға арналған сұрақтарды құра алады

Кесте берілгендерін талдауға арналған сұрақтарға жауап бере алады


Тілдік мақсаттар

Бөлім бойынша оқыту мақсаты

Оқушылар:



  • таңдама нәтижелерін жиіліктер кестесі түрінде көрсете алады;

  • оқиғалардың абсолютті және салыстырмалы жиіліктерін табады.

Оқытудың тілдік мақсаты

Оқушылар:



  • абсолютті және салыстырмалы жиіліктерді анықтау тәсілдерін талқылап, қысқаша сипаттайды;

- жиналған деректерді сынып алдында жиілік кестесі түрінде таныстырады, деректерді жинау және өңдеу үдерісіне түсіндіру жасайды.

Бөлім бойынша лексика және терминология

  • реттелген қатар;

  • қатар элементі;

  • басты жиынтық;

  • нұсқалық ;

  • вариациялық қатар;

  • статистикалық қатар;

  • таңдалым;

  • жиілік;

  • абсолютті жиілік;

  • салыстырмалы жиілік;

  • жиілік кестесі;

  • салыстырмалы жиілік кестесі;

  • деректер жинау;

  • жиілік алқабы;

деректерді көрсету.

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер

  • таңдама көлемі...;

  • деректерді үлестіру кестесін құрастыру;

  • алынған деректерді жиілік кестесі түрінде көрсету;

  • алынған деректерді салыстырмалы жиілік кестесі түрінде көрсету;

  • абсолютті жиілікті есептеу үшін ... санау керек;

салыстырмалы жиілікті есептеу үшін ...санына бөлу керек;

Құндылықтарды дарыту



жақсы қарым-қатынас орнату, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру, сындарлы тіл табу, қарым-қатынас орнатуда сыни тұрғыдан ойлану сынды қасиеттерді қамтиды.

Пәнаралық байланыстар

статистика

АКТ қолдану дағдылары

презентация

Бастапқы білім

Вариациялық қатар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут



  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Қайталау сұрақтары:

  1. Абсолюттік жиілік

  2. Салыстырмалы жиілік

  3. Мода

  4. Медиана

  5. Арифметикалық орта

  6. Өзгеріс ауқымы

IV. Жаңа тақырыпты ашу:

Статистикалық мәліметтерді талдау.

Статистикалық зерттеу барысында мәліметтерді жинап, топтастырғаннан соң әртүрлі статистикалық көрсеткіштер бойынша талдауға көшеді. Статистикалық сипаттамалардың бізге таныстары: арифметикалық орта, мода, медиана өзгеріс ауқымы.



Статистикалық зерттеу нәтижелерін көрнекі түрде берудің әртүрлі тәсілдері бар.
1.Бағанды диаграмма
2.Дөңгелек диаграмма
3. Полигон
4.Гистограмма

Осындай тәсілдердің бірі бағанды диаграмма. Бағанды диаграмманы статистикалық мәліметтердің уақытқа байланысты өзгеруін немесе үлестірілімін (таралуын ) көрсету қажет болғанда қолданады. Мысал: 8а,8в сынып оқушыларының математика пәнінен әр тоқсандағы үлгерім сапасы туралы мәлімет жинақталып кесте толтырылған. Осы кестені пайдаланып мәліметті көрнекі түрде көрсету үшін бағанды диаграмма тұрғызамыз.

Математика пәні бойынша 8а,8в сынып оқушыларының үлгерім сапасы.



Дөңгелек диаграмма. Зерттелген мәліметтер жиынтығы бөліктерінің қатынасын көрнекі түрде көрсету үшін дөңгелек диаграмманы қолдану ыңғайлы. Егер статистикалық зерттеудің қорытындысы салыстырмалы жиілік кестесімен берілген болса, онда дөңгелек диаграмманы салу үшін дөңгелекті секторларға бөлу керек. Секторлардың центрлік бұрыштары мәліметтердің әр тобына сәйкес салыстырмалы жиілікке пропорционал болады. Статистикалық зерттеудің қорытындысы жиілік кестесімен берілген болса, онда дөңгелек диаграмманы салу ыңғайлы болу үшін, жиілік кестесін салыстырмалы жиілік кестесімен алмастыру қажет.




Сынып оқушыларының математика пәні бойынша үлгерімі



Бағасы

Салыстырмалы жиілік

3

20%

4

40%

5

40%

Каталог: uploads -> doc -> 098e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
098e -> Сабақ тақырыбы: Абылай хан Жалпы мақсат
098e -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен
098e -> Сабақ тақырыбы: М. Байдолдаұлы «Ақ көгершін»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет